Қазақ тіліне өзге ұлттардың пікірі: - Қазақтар шешен келеді, олар мақалдап сөйлейді, жәй сөзінің өзі өлең боп құйылып жатады...
- В.В.Радлов
- Қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең таза, әрі бай тілге жатады. Қазақтар- шешен әрі әдемі сөйлеудің үлкен шебері...
- П.М,Мелиоранский
- Түркі тілдерінің ішіндегі ең суретшіл, образды тіл – қазақ тілі.Қазақтар өзінің шешендігімен, әсем ауыз әдебиетімен де даңқты.
- С.Е.Малов
Қазақ тіліне өзге ұлттардың пікірі: - Қазақтар сөз өнеріне жетік келеді. Бұл жұрттың бәріне: оқыған адамдарға да, әліпті таяқ деп білмейтіндерге де, байға да, жарлыға да тән қасиет.
- А. Брем
- Біздің қазақ бауырларымыз аталы сөзге өте түсінетін, өте зерек халық.
- Сайфи Құдаш
- Тiл туралы Заң қабылданғаннан берi, оны жүзеге асыру үшiн Қазақстан Үкiметi бiрқатар қаулылар қабылдады. Атап айтқанда, 1998 жылғы 14 тамызда «Мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейту туралы», Елбасының 1998 жылғы 5 қазаңдағы № 4106 Жарлығымен бекiтiлген «Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы» тағы басқалары. Осы жылдың iшiнде тiл жөнiнде көптеген құжат қабылданыпты.
- Қорытынды.
- Қаншама жетiлген заңдар, бағдарламалар қабылданғанмен, оны iске асыратын адамдар. Әрбiр қазақ азаматының бойында өзiнiң ана тiлiне деген құрмет, оның кұдыретiне бас июшiлiк сезiмi қалыптаспайынша, қазақ тiлiнiң көсегесiн көгерту қиын.
Есімізде сақтайық: - «Адамға екі нәрсе тірек тегі,
- бірі-тіл, бірі-ділің жүректегі»- деп, Ж.Баласағұн айтқандай, қазақ тілінің көсегесін көгерту алдымен өзін қазақпын деп санайтындар ғана емес, Қазақстан топырағында тұратын таза ниетті әрбір азамат, мемлекеттік тіл - қазақ тілін өзіне тірек етіп, ол тілді жүрегімен сүюі тиіс.
- Елбасы айтқандай, «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» екенін ұмытпайық.
-
Назарларыңызға рахмет! - 2016-2017 оқу жылы
- 22-қыркүйек
- 9- сынып.
Достарыңызбен бөлісу: |