Сырдарияның төменгі ағысындағы мавзолейлердің классификациясы



Дата12.11.2016
өлшемі373,29 Kb.
#1585
түріДиссертация
ӘОЖ 726.822:005:282.255.2) Қолжазба құқығында

АЛТАЕВА ФАТИМА ЖАЛАЛАДИНҚЫЗЫ

Сырдарияның төменгі ағысындағы мавзолейлердің классификациясы

6М011400 - Тарих мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының


РЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Қызылорда, 2013 жыл

Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, «Тарих, құқық және экономика институты», «Тарих, саясаттану және әлеуметтану» кафедрасында орындалды.




Ғылыми жетекші:

тарих ғылымдарының докторы, профессор Қожақұлы Ө.


Ресми оппонент:

Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Құрманқұлов Ж.








Диссертация 2013 жылы «3» маусым сағат 9.00. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өтеді (Мекен-жайы 120008, Қызылорда қаласы, «Тарих, құқық және экономика институты», №1 оқу ғимараты, № 206 дәрісхана)


Диссертация Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.



Кіріспе

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы: Зерттеу жұмысында Сырдарияның төменгі ағысындағы ХҮIII-ХIХ ғасырлар аралығын қамтитын мемориалды-культтік ескерткіштер туралы, олардың тарихи құндылығы мен көркемдік мәні, архитектуралық ерекшеліктері мен құрылыс техникасы қаралып, салыстырмалы түрде сыныпталып, жіктеледі. Сонымен бірге Сыр өңіріндегі тарихи, археологиялық және сәулет ескерткіштерін кеңінен зерттеуге, қорғауға және насихаттауға ғылыми негіз бола отырып, Сырдарияның төменгі ағысындағы мемориалды культтік ескерткіштерге тарихи археологиялық талдау жасалады.

Тақырыптың өзектілігі: Еліміз тәуелсіздік алған жылдары қоғамдық сана-сезімнің оянуы қазақ халқының шынайы тарихына, оның этногенезіне, рухани және материалдық құндылығына жаңаша көзқарастар қалыптасты. Жинақталған жаңа жазба, археологиялық деректер мен нақты ізденістерді талдау нәтижелері Қазақстанның тарихи және қоғамда толық суретін жасауға тіпті үлкен қызығушылық тудырады. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде тарих ғылымы назардан тыс қалған мәселелерге баса назар аударуда. Осындай күрделі мәселелерге қазіргі таңда кешенді, толыққанды бағасы берілуде. Ол қоғамдық өмірдің саяси, әлеуметтік, мәдени саласын қамтып отыр. Дегенмен қазіргі уақытта Ресей империясының бодандығында болған қазақ халқының сәулет өнері мен құрылыс техникасы толық және жан-жақты зерттелінді деген ғылыми тұжырым жасауға әлі де ертерек деуге болады.

Еуразияның тарихы мен мәдениетіндегі Арал-Сырдария өңірінің маңызы қазақтар мен олардың ата-бабалар мәдениетін ғылыми білімдер арқылы зерттелуінің негізгі және басым міндеттерінің бірі болып табылады. Азия мен Еуропаның тарихи түйіскен жерінде орналасқан бұл ірі өңір - құрлықтағы этникалық мәдени, саяси тарихта аса маңызды рөл атқарды. Өзіне Тұран, Каспий маңы жазықтарын, Орал тауының оңтүстік бөктерлерін, Сырдария мен оның салаларын, сонымен қатар едәуір шектес аумақтарды қамтитын Арал-Сырдария аймағы ежелден көшпелілердің классикалық елі ретінде қалыптасты. Жалпы тарихи тұрғыда – бұл шығыс ортаазиялық («көне») ошағымен қатар, еуразиялық дала өркениетінің ірі батыстық («мұсылмандық») ошағы. Ежелгі, ортағасырлық және жаңа дәуірдің көптеген халықтарының тарихи тағдыры; көшпеліліктің қалыптасуы мен мамандырылған мал шаруашылығының дамуы; ірі этносаяси бірлестіктердің, мемлекеттердің: массагеттік Тұранның, Оғыз мемлекетінің, Ноғай Ордасының өркендеуі мен құлдырауы; қазақтардың бірқатар ірі саяси-әкімшілік орталықтарының, шаһарларының тарихы; көшпелі малшылардың дәстүрлі – тұрмыстық, рухани мәдениетінің көпқырлы дамуы; өзіндік ғұрыптық – еске алу ескерткіштерінің және т.б. қалыптасуы осы өңірмен байланысты [1, 7-37б].

Арал-Сырдария аумағын мекендейтін халықтардың рухани мәдениеті зерттеушілердің назарынан тыс қалмауы керек. Тәңірге табыну көшпелі мемлекеттердің талабын қанағаттандыратын идеологияға айналды [2], сондай-ақ, көне түркі жазбасы ежелгі қазақ мәдениетіндегі алғашқы мемлекеттік құрылымдарда пайдаланылды [3;4]. Кейінгі маңызды мәселелердің бірі исламның таралуы болып табылады, ол Қазақстан жеріндегі тайпалық бірлестіктерді сатылы түрде мұсылмандық мәдениетке тартты [5]. Исламға дейінгі дәуірде түркештер де өлген адамды ат-әбзелімен, қару-жарағымен қоса жерлейтін болған. Арабтардың VІІІ ғасырдан бастап Орта Азия мен Қазақстан жеріне дендеп енуі мұндағы түркі тайпаларына, соның ішінде оғыз-қыпшақтардың өміріне, мәдени тіршілігіне көп өзгерістер туғызды. Бұл өңірді бұрынан мекен еткен түркі тектес ежелгі сақ, қаңлы, ғұн тайпаларының діні – Тәңір діні, тіпті Түркі қағанатының мемлекеттік діні Тәңірлік дін болып келген еді. Ислам архитектурасы – әлемдік сәулет өнері қазынасына енетін, ислам дінінің ықпалы мен салынып-қалыптасқан ерекше үлгідегі ғимарат кешендерінің жүйесі. Ислам дінінің нығайып, қанат жаюымен бірге, мұсылмандықтың әсемдік хақындағы ұғымдары мен салт-дәстүріне үйлесетін жаңа құрылыстар (мешіт, медресе, кесене, т.б.) Орта Азия мен Қазақстанда ислам архитектурасының ескерткіштері салына бастады [6, 216б].

Ислам дінінің қазақ даласына таралуының өзіндік ерекшеліктері болды. Сондай-ақ ислам дінінің таралуында ортағасырлық азаматтық қоғамдағы білім мен ғылым ошақтары – мектеп-медреселер мен забиялар арқылы да таралды [7,57б]. Бұл үрдістерде, әрине, Ұлы Жібек жолындағы сауда-саттық маңызды орын ала отырып, дипломатиялық және мәдени тамыр ретінде Батыс пен Шығыс өркениетінің қатынасын дамытты [8;9.224-225 бб].

Сыр өңірінің әлемдік мәдениетке қосқан үлесі жөнінде қорытынды пікірді қалдырған Әуелбек Қоңыратбаев «Азияда екі қосөзен бар. Бірі – Месопатамиядағы Тигр мен Ефрат, екіншісі Сыр мен Әму. Мұның екеуі де бүкіл адамзат баласы мәдениетінің көне ошақтары болған»[10, 6б] - деп жазды.

Сыр бойы - Қазақстан жеріндегі көне өркениет іздері мол сақталған өлкенің бірі. Антикалық грек - рим тарихшылары мен саяхатшылары Яксарт, ортағасырлық араб жазбаларында Сейхун деп аталған Сырдария бойы тас ғасырынан бері тіршілігі үзілмей келе жатқан құтты өлке. Көне ескерткіштер туралы алғашқы деректер де сол антикалық жазбалардан кездеседі. Дегенмен ғылыми ізденістер, зерттеулер біздің заманымыздағы ХҮІІІ ғасырдың үлесіне тиеді. Көптеген ескерткіштердің орналасқан жері, көлемі, тіршілік еткен уақыты, туралы И. Гладышев, Д.В. Муравин, С. Ремезов, П. Рычков, А.И. Левшин, И. Кастанье т.б. тұңғыш мәлімет береді. Ал археологиялық зерттеуді 1867 жылы П.И. Лерх Жанкент қала жұртынан бастайды. Кең көлемді, жан-жақты нағыз ғылыми қазба жұмыстары 1946 жылдан басталды деуге болады [11,14б]. Сырдария мен Әмударияның бойын профессор С.П. Толстов басқарған Хорезм археологиялық-этнографиялық кешенді экспедициясы ұзақ ұзақ уақыт зерттеді. Нәтижесінде жүзден аса өте құнды қалалар мен қоныс орны, қорымдар, тас дәуірінің тұрақтары қазылып зерттелді [12].

Ежелгі Тұран ойпатынан орын тепкен Сыр өлкесінде қала мәдениетімен қатар, егіншіліктің, терімшілдік пен отырықшы-көшпелі мал шаруашылығының жоғары деңгейде дамығандығын көрсетті. Сыр өңірінің тарихы, табиғаты мен ғұн, сақ, үйсін, оғыз-қыпшақ, кейіннен қазақ хандығына біріккен халықтар жасап қалдырған мәдени-рухани, архитектураның және жазба мұралар атақты археолог ғалым С.П. Толстовқа дейінгі А.Н. Бернштам, П.И. Лерх, В.А. Каллаур сияқты өлкетанушылардың назарынан тыс қалған жоқ.

Еліміз еркіндіктің туын көтеріп тәуелсіздік алған жылдардан бері жүргізілген зерттеулер нәтижесінде К.М. Байпақов, Ж. Құрманқұлов, Т. Қоңыратбаев сынды қазақстандық ғалымдарымыз Сыр өңірі - қалалық және далалық өркениеттердің тоғысында орналасқан аймақ деп танылды.

Сәулет өнері рухани және материалдық құндылықтардың жинағы мен нәтижесі болып табыла отырып, жалпы адами мәдениеттің маңызды құраушысы ретінде қызмет етеді. Осыған байланысты, Қазақстанда қолдағы бар сәулет пен қала құрылысының тарихи мұрасын зерттемейінше, қазақ халқының тарихи мәдени мұрасын зерттеудің біртұтас жүйесі толық болмайтынына ерекше назар аудару керек.

2004 жылы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қаулысы бойынша қабылданған «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру Қазақстан мәдениетінің тарихи негізін зерттеу мен оны әрі қарай дамыту үшін қоғамның рухани саласын дамытудағы маңызды кезеңдердің бірі болып табылады [13,5б].

Қазіргі кездің ерекшеліктерінің бірі тарихи-мәдени тамырымызды білуге жоғары қызығушылық таныту болып табылады. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сөзімен айтсақ: «Тарих сабақтары бізге өткенімізді бағалау үшін ғана емес, болашаққа нық қадам басуда сенімді бағдар жасау үшінде қажет». Сонымен осы негізімізді дамыту бүгініміздің ерекшелігін анықтады және отандық мәдениетіміздің болашақ жағдайының келешегін қалайды. Жалпы қазіргі мәдениеттің жетістіктерінің бір аспектісі мәдени мұраға, соның ішінде, архитектуралық-қала құрылыстық мұраға құнықтап көңіл бөлу болып табылатын осы секілді көзқарастардың жемістілігі жайлы дәлел болады [14.5б].

Қазіргі күнге дейін тарихи сәулет мұраларының архитектуралық тұрғыдан қалыптасу, даму тарихы, аймақтық ерекшеліктері зерттеуді қажет етеді. Сыр өңіріндегі мемориалды тарихи сәулет ескерткіштерінің архитектуралық формаларының құрылымы, жіктелуі, құрылыс материалы туралы мәліметтер осы уақытқа дейін зерттелмей келеді.

Мазарлар құрылымы бойынша кесенелер, мұнаралар, төртқұлақтар, сағанатамдар болып бөлінеді. Мавзолей ұғымы, атауына келгенде зерттеушілердің пікірі әртүрлі. Профессор Н.Т.Сауранбаев «мавзолей» - қабірдің үстіне салынатын үлкен мазар, бейіт деген анықтама берген. Ал зерттелу мақсатына қарай қорым, мавзолей, кесене, ғимарат, мазар, сағаналар т.б. болып аталады [15,76б]. Кейінгі әдебиеттерде олардың мағынасы анықтала түсті. Оны П.Агапов пен М.Қадырбаев діни сәулетке [16,197б], М.М. Меңдіқұлов халық сәулетшілігі, С.И. Ажигали дәстүрлі жерлеу діни сәулетіне, Т.К. Бәсенов сәулет көркемөнері [17,4б], ал К.М. Байпаков, З.Ж. Шарденова, С.Я. Перегудова сәулет археологиясының ескерткіші ретінде қарайды [18.36б]. Ал, төртқұлақтар төрт бұрышты дуалдардан тұрғызылған, архитектуралық композициясында оңтайлы құрылысы міндетті түрде ескерілген, өзіндік техникалық құрылыс әдістері, қосымша элементтері бар яғни, бұрыштарының ұшар басы алдын-ала өңделген қабырғалық материалдан тұрады. Төртқұлақ–термині қарапайым, түсінікті тура мағынасында зерттеушілер төрт құлағы бар яғни төрт бұрышты дөңестен тұрады деп түсіндіреді [19,280б]. Төртқұлақ туралы Б.А. Ибраев «әрбір бұрышында төрт кішкентай күмбезі бар» деп атап көрсеткен, бұрыш күмбездердің орнына үшкір ұшты мұнаралар немесе үшбұрышты құйылыстар (төртқұлақ) тұрғызылды. Көптеген зерттеушілер (Е.Э. Бертельс, Б.А. Латвинский) бұрыш мұнараларды, кесенелер мен дуалдардағы шығыңқы жерлерді ежелгі космогониямен байланыстырады. Әлемнің көптеген халықтары жерді төрт бұрышынан «әлемдік ағаштар» өсіп тұрған, төрт «күмбез» немесе «жұмыртқа» бар төрт бұрышты формада елестеткен [20,555б].

Ал, сағанатам терминіне келер болсақ, сағана сөзі (сағона) персид тілінде 1) жабынды, шатыр; 2) сопақша ғимарат деген мағына берсе, тәжіктерде сағона-мазар, мола деген мағына берген [19,295б].

Қазақстан ортағасырлық сәулет туындысын жоспарлаудың негізі-кеңістіктік көлемдік жоспарлау болғаны мәлім. Сондықтан уақыт талабына сәйкес өткеннің тәжірибелері негізінде ғимараттардың салыну, даму жүйесі осы бағдарды ұстады. Өңірде мемлекеттік есепке алынып аттары тарихи жазбаларда танымал болғанымен, белгісіз төбеге айналған археологиялық, сәулеттік тұрғысынан зерттеліп жаңғыртылатын мавзолейлер көп. Барлығы 489 ескерткіштің, 123-і археологиялық, 366-ы қала құрылысы және сәулет өнері ескерткіштері, 21-і республикалық, 274-нің жергілікті маңызы бар ескерткіштер болып отыр.

Сайып келгенде, жиналған материалдардың ғылыми жалпылаулары қазіргі зерттеу өзектілігінің қажеттілігінен туындап отыр. Қазіргі кезеңде, Сыр өңірі ескерткіштеріндегі сәулетшілік мұраны зерттеудің қажеттілігі бүгінгі күннің кідірпейтін мәселесі. Сондықтан отан тарихында өзіндік орны бар маңызды мәселе – Сырдарияның төменгі ағысындағы мавзолейлердің классификациясын жасау бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі де бірегейі. Ғылыми-зерттеу жұмысы – өлке тарихымен қатар отандық тарихымыздың да көптеген қырларын ашатынына сенімдіміз.



Тақырыптың зерттелу деңгейі: Өлкемізге қатысты деректердің деңгейін саралау үшін тарихилық ұстанымын негізге ала отырып, тарихи салыстырмалылық, іріктеу-сараптау және сыни-талдау жүргізілді. Өңірімізге қатысты еңбектердің көпшілігі дерлік кеңестік дәуірде жазылғандықтан, сол кезеңдегі зерттеуші-ғалымдардың еңбектері мен артықшылықтарын ескеруге тырыстық. Тәуелсіздігімізді алғалы бері де Сыр өңіріндегі қазақтардың және көршілес орналасқан аймақтардың тарихы мен мәдениеті туралы отандық ғалымдар мен этнографтардың жаңа, тың бағыттағы ғылыми ой-пікірлер мен тұжырымдары, соңғы үлгіде жазылған еңбектері басшылыққа алынды. С.Е. Ажигалидің «Архитектура кочевников - феномен истории и культуры Евразии» (памятники Арало-Каспийского региона) 2002 жылы шыққан еңбегінде арнайы ізденіс-зерттеуімен біздің дәуіріміздің ІІ мыңжылдығындағы ертедегі Арал-Каспий өңірінің мал шаруашылығымен айналысқан тұрғындарының ғұрыптық ескерткіш кешендерін зерттеу жұмысы жүргізілді. Негізгі міндет Арал-Каспий даласының кең аймағында орналасқан сәулет-ескерткіш кешендерін жаппай есепке алу, зерттеу болып табылды (іздеу нүктесі 1000 және одан да көп шақырымдарда өтті). Толық мәнді зерттеу жұмыстарының нәтижесінде аймақаралық мәні зор Арал-Каспий көшпелілері мен жартылай көшпелілердің діни-мемориалдық құрылыстары үлгілерінің типологиялық жіктелуін алғаш рет талдап көрсету мүмкін болды [19,640б].

Ал, Р.А. Бекназаровтың «XIX ғ. – XX ғ. бас кезіндегі солтүстік Арал аймағы қазақтары (тарихи-этнографиялық зерттеу)» атты 2010 жылы жылы тарих ғылымдарының докторы дәрежесін алуға дайындаған зерттеу еңбегінде: Тарихи-этнографиялық зерттеу болып табылатын диссертациялық жұмыста XIX ғ. ортасы – XX ғ. бас кезіндегі солтүстік Арал аймағы қазақтарының, дәлірек айтқанда, этностың басым бөлігінің көшпелі мал шаруашылығынан жартылай көшпелі шаруашылыққа өту кезеңіндегі, яғни, жартылай отырықшы шаруашылыққа көшу кезеңіндегі тарихы және мәдениеті қарастырылады. Көшпенділік мәдениетінің күйреп, қазақтардың жаңа өмір салты, тіршілік бағдарының қалыптасуы, олардың жартылай көшпелі және жартылай отырықшы мәдениетіне бейімделуі жағдайында қазақ мәдениетінің өзгеруінің тарихи ерекшеліктерін анықтау мақсатындағы кең ауқымды дереккөздерді сараптайды [21,5б].

Сонымен бірге, С.Ажигалидің редакциялық етуімен 2001 жылы шыққан «Арал-Каспий өңірінің тарихы мен мәдениеті» атты мақалалар жинағында: Қазақстан мен ТМД елдерінің (тарихшылар, археологтар, этнологтар, мәдениеттанушылар, филологтар) белгілі ғалымдарының жұмыстарынан құралған. Жинақта Арал-Каспий аумағы халқының қазіргі таңдағы проблемалы сұрақтары этногенезі мен мәдениеті, Евразиядағы мәдени-тарихи маңызды ошақтардың бірі ретінде қаралады. Зерттеу жұмысында басты назар Арал-Каспий даласында ежелден малшаруашылығымен айналысқан көшпелілердің тарихы мен мәдениетіне аударылды [20,2б].

2010 жылы Өнер баспасынан шыққан Ә. Марғұлан, Т. Бәсенов М. Меңдіқұловтардың Қазақстан архитектурасы [13] атты еңбектерінде тарихи құндылықтар мен жазба негіздерден бөлек көптеген сәулет ескерткіштер, қызықты қалашықтар мен басқа сәулеттік-қала құрылыстық нысандардың орындары туралы, ондаған ежелгі және ортағасырлық археологиялық қалалар мен мекендерді ғылыми-зерттеулер және консервациялау бойынша жұмыстардың нәтижелері туралы айтылып, ортағасырлық тарихи және географиялық әдебиеттер мен төңкеріске дейінгі және қазіргі ғалымдардың зерттеулерінің мәліметтері бойынша Қазақстан аймағында жүздеген ежелгі және ортағасырлық қалалар, қоныстар, мыңдағын сәулеттік ескерткіштері анықталған.

Ә. Марғұланның 2010 жылы Алматыдан шыққан Шығармаларында [22] оңтүстік өңірдегі мавзолейлерді салудағы құрылыс техникасында қолданылған материалдар туралы мәліметтерге тоқталады.

Б. Глаудиновтың Қазақстан архитектурасы [23] атты 2012 жылы шыққан еңбегінде ХХ ғасырдың басына дейін салынған Қазақстан аумағындағы тұрғын үй, қоғамдық және мемориалдық ғимараттардың архитектуралық құрылымын сипаттайды. Еліміздегі бой көтерген беймәлім ғимараттарға кеңірек ғылыми зерттеу жұмысын жүргізеді. Аймақтағы сәулет өнерінің өзіндік ерекшелігі мен өзгешелігі анықталады.

Э.М. Байтеновтің «Сыр бойында сырын бүккен, Төлегетай мен Қылышты-ата мазарлары-қазақ сәулет өнерінің бір қазынасы болып табылады» атты Егемен Қазақстан [24,3б] газетіне 1993 жылы шыққан мақаласында Төлегетай мен Қылышты Ата кесенелерінің тарихи-мәдени жағынан маңыздылығына тоқтала отырып, Қазақстанда санаулы ғана сақталған бұндай ескерткіштер соңғы ортағасырлық сәулет өнері туралы көптеген мәліметтер беретіндігі туралы мағлұмат берді.

Археолог Ж. Құрманқұловтың редакторлығымен «Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы» [25]. Қызылорда облысы. 2011 жылы шыққан еңбекте Қызылорда облысының территориясында сақталған мемлекет қорғауындағы археология, тарих, қала құрылысы, сәулет өнері және монументті құрылыс ескерткіштері туралы ғылыми-анықтамалық мақалалары қамтылған еңбектер жарияланды.

Өлке тарихына қатысты жергілікті ғалымдардың еңбектері; Ж.А. Жонтаева, Ш.Ш. Әбдібаевтың Сыр елінің мәдени мұралары [26] атты 2005 жылы шыққан еңбекте Сыр өңіріндегі ескерткіштер және олардың зерттелуі мен тарихы туралы мәліметтер береді.

Өлке тарихына қатысты келесі бір көлемді еңбек Т. Мәмиевтің Қорқыт Ата туралы аңыз бен ақиқат [27] және Кейінгі орта ғасырдағы Арал өңірінің қалалары (ХІІІ-ХҮІІІ ғғ.) [28] атты еңбегінде кейінгі орта ғасырдағы Арал өңіріндегі Қазақ еліндегі қалаларды өмірі археологиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеліп қайта жаңғыртылады. Кейінгі орта ғасыр жәдігерлері – қалалардың топографиясы мен құрылымы, үй – жайлары, сағана және керамика, нумизматикалық және металл өнімдері тарихи дерек ретінде Орта Азия және Қазақстан озық зерттеу жетістіктерімен салыстырмалы жіктеліп, тұжырымдау нәтижесі - Сырдарияның төменгі ағысындағы қалалардың тіршілігі монғол шапқыншылығынан кейін толастаған деген пікірді жоққа шығарып, олардың осы кезеңдегі Қазақстан тарихында алатын орнын ғылыми-танымдық негізде саралаған.

Келесі бір 2010 жылы жарық көрген Сыр елінің тарихи-мәдени мұралары [29] атты 3 бөлімнен тұратын еңбекте аудандар бойынша археологиялық және тарихи сәулет ескерткіштерінің зерттелуі туралы мағлұматтар беріледі. Аталған ғалымдардың іргелі еңбектерінің біздің өлке тарихы үшін маңызы зор.

Зерттеу барысында ерекше құнды ақпараттарды орыс зерттеушілерінің (әскери қызметкерлер мен саяхатшылардың) шекара шенеуніктері және әкімшілік қызметкерлердің ізденістерінің нәтижесінде алынған деректерде назарға алынды. Зерттеу жұмысына байланысты тарихнамалық шолу жасай келе Сырдарияның төменгі ағысындағы мавзолейлердің классификациясына қатысты ешбір еңбекте арнайы қарастырылмаған, дегенмен кесенелерге қатысты мәліметтерді атап көрсетуге болады.

Әрине, жоғарыда көрсетілген жұмыстар, қорыта келгенде диссертация материалдарының негізін қалайтын кешенді материалдар ретінде салыстырмалы түрде пайдаланылды.



Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Ұсынылып отырған зерттеудің басты мақсаты – облыс аумағындағы тарихи мұраларды сараптай отырып, Сыр еліндегі тарихи-сәулет мұралардың ежелгі дәуірден ХХ ғасырға дейінгі сабақтастықта даму амалдарын бақылау, негізгі аталған ескерткіштер арқылы өңірдегі мавзолейлердің архитектурасын шығармашылық жағынан жалпы ұғыну, аз танылған ескерткіштер мен мавзолейлерді археология ғылымына қосымша ендіру, өңірдің сәулет өнерінің өзгешеліктері мен ерекшеліктерін анықтай отырып тарихи мұраларды бүгінгі күн талабына сай зерделеу, ғылыми көзқарас тұрғысынан бағалау – зерттеу жұмысының мақсаты болып табылады. Диссертациялық жұмыстың мақсатынан туындайтын мынандай міндеттер қойылып отыр:

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2004-2011 жылдарға арналаған “Мәдени мұра” бағдарламасына сәйкес, көне ескерткіштермен тарихи-мәдени мұраларды зерделеуге өз үлесімді қосу;

- Сырдарияның төменгі ағысындағы мавзолейлердің сәулетшілік формасының құрылуы, негізгі эволюциялық даму кезеңдерін айқындау;

- Сыр өңіріндегі мемориалды тарихи-сәулет ескерткіштерінің архитектуралық дамуына тоқталу;

- Сырдың төменгі ағысындағы мемориалды-культтік сәулет ескерткіштерінің даму тарихы, ескерткіштерді жіктеу және талдау, негізгі типологиялық топтарын айқындау;

- Мемориалды-культтік сәулет ескерткіштерінің композициялық ерекшеліктерін айқындау және классификациясын жасау;



Зерттеу жұмысының методологиялық негізі: Сыр өңіріндегі мавзолейлерді, мұнаралар, төртқұлақтарды кешенді түрде зерттеу, олардық мұрағаттық және тарихи деректеріне қатысты материалдарды жинау және өңдеу. Сонымен бірге тарихи анализдік және салыстырмалы зерттеулермен қатар, Қазақстанда жаңа қалыптасып келе жатқан этноархеология, тарихи ескерткіштану, этноархитектура, т.б. ғылыми бағыттарға тән зерттеу әдістері қолданылды. Тарихи-мәдени негіздер, даму ерекшеліктері, сонымен бірге этноархеологиялық және архитектуралық даму заңдылығының жұмысында анықталған өңірдің, жеке аудандар мен нысандардағы мавзолейлердің архитектуралық өзіндік мәселелерін шешуге, археологиялық мұраларды игеру мәселелерін жаңаша зерделеуге, тарихи салыстырмалық әдіс негізінде Сырдың төменгі ағысы бойындағы мемориалды культтік ескерткіштерінің одан әрі дамуына болжау жасаудың теориялық негізіне және шығармашылық бағыттарының ғылыми негіздемесі ретінде қызмет етуге мүмкіндік береді.

Жұмыста қарастырылған мәселенің барлық тұстарын жан-жақты зерттеу және қорытындылар беру арқылы археологиялық және тарихи тұрғыдан жаңаша көзқараспен бейнеленуіне әрекет жасалды. Соған сәйкес соңғы уақытта қалыптасып келе жатқан жаңа бағыттағы ой-тұжырымдар мен пікірлер де назарға алынды.



Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. Этноархеологиялық зерттеу болып табылатын диссертациялық жұмыста мерзімдік шегі ХҮІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырлар аралығын қамтитын Сырдарияның төменгі ағысы бойында орналасқан мавзолейлердің архитектуралық ерекшеліктері мен құрылыс техникасы қарастырылып, сәулет ескерткіштерінің классификациясы жасалады.

Зерттеу жұмысының нысаны. Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы мемориалдық-культтік ескерткіштердің архитектуралық ерекшеліктері, құрылыс техникасы мен классификациясын жасау жұмыстың негізгі зерттеу нысанына айналды.

Зерттеу пәні. Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы Қазақстан халқына Жолдауының негізінде Қазақстан Үкіметінің сол жылғы 5 қыркүйектегі нөмірі 903 қаулысымен бекітілген Мәдени мұра 2004-2011 жылдарға араналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде атқарылған Сыр өңіріндегі археологиялық зерттеулер және осы зерттеу нәтижелерінің есептері, зерттеушілердің ғылыми еңбектері.

Зерттеу жұмысының деректік негізі. Зерттеу жұмысының негізгі нысаны – Сырдарияның төменгі ағысындағы мавзолейлердің классификациясын жасау болғандықтан жұмыстың деректік көзін – археологиялық зерттеулер мен жарияланған ғылыми еңбектер, мақалалар құрайды. Сонымен бірге Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығының қорында сақталған қазба және барлау жұмыстарының есептері мен құжаттары, фотоқұжаттары мен Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы құжаттарының көшірмелерімен қатар, Қызылорда облысы тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мемлекеттік инспекциясының қорындағы деректер, сонымен бірге энциклопедиялық басылымдарда, библиографиялық анықтамаларда жарияланған мақалалар пайдаланылды. Зерттеу барысында жинақталған материалдар еңбектің құндылығын ашуға көмектеседі және зерттеудің өзегі болып табылады.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Сырдарияның төменгі ағысындағы мавзолейлердің классификациясы өлке тарихында алғаш рет диссертациялық жұмыстың зерттеу обьектісіне айналып, шынайы ғылыми тұрғыдан кешенді түрде зерттелгендігін айта келіп, жұмыстың төмендегідей жаңалықтарын атап көрсетуге болады:

- Зерттеу барысында Сырдың төменгі ағысы бойында орналасқан мемориалды культік ескерткіштерінің архитектуралық формасы қаралды;

- Сыр өңіріндегі кесенелер алғаш рет жүйеленіп, типологиялық тұрғыдан топтастырылды;

- Сыр бойындағы мавзолейлердің құрылысында өзгеше, өзіндік бірегей халық дәстүрлерінің сақталғандығы анықталды;



Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Зерттеу жұмысы – Сырдарияның төменгі ағысындағы мавзолейлердің классификакциясына қатысты арнайы жазылған кешенді еңбек ретінде келешекте осы тақырып аясында даярланатын басқа да жұмыстарға теориялық және методологиялық негіз жасауға мүмкіндік беретін ғылыми туынды рөлін атқаратын болады. Сыр өңіріндегі мемориалды культтік сәулет ескерткіштерінің дәуірлерге бөлінуі, жіктелуі жайындағы талдаулар мен ғылыми тұжырымдамалар тарих, археология, этнография ғылымы саласының біртұтас бөлігі ретінде қарастырылады және жоғары оқу орындары мен орта оқу орындарында Қазақстан тарихы, Археология пәндерінен студенттерге дәріс беруде пайдалануға болады.

Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар: ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы Сырдарияның төменгі ағысындағы мавзолейлердің классификациясын зерттеуге байланысты мына мәселелер қорғауға ұсынылады:

  • Сырдарияның төменгі ағысының тарихи–мәдени ерекшеліктері жекелеген тарихи кезеңдерде қазақ даласының этносаяси өмірінде, зерттеу аймағын мекендеген қазақтардың тарихы мен мәдениетінде зор рөл атқарғанын айқындады;

  • Ғылыми және археологиялық-этнографиялық ізденістер нәтижесінде жинақталған материалдардың негізінде Сырдарияны мекен еткен халықтардың жартылай отырықшылыққа көшу кезеңіндегі мәдениетінің аймақтық ерекшеліктері анықталды;

  • Этнографиялық деректерді сараптай отырып Сырдарияның төменгі ағысын мекен еткен қазақтардың тұрақты және уақытша тұрақтарының жаңа жүйесінің пайда болу және қалыптасу себептері, қоршаған орта өзгерістері, құрылыс материалдары және ондағы өзгерістер көрсетілді;

  • Зерттеу барысында бүгінге дейін зерттелмей келген Сыр өңіріндегі ХVІІІ-ХІХ ғасырдың бас кезіндегі мемориалды-культтік ескерткіштердің архитектуралық ерекшеліктері мен құрылыс материалдарының құрамын анықтауға негіз болды;

  • Сырдарияның төменгі ағысындағы ескерткіштердің архитектуралық ерекшеліктері мен құрылымына, құрылысына қарай классификациясы жасалды;

Жұмыстың сыннан өтуі: Зерттеу жұмысы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы, саясаттану және әлеуметтану» кафедрасының ғылыми кеңесінде талқыланып, қорғауға ұсынылды. Диссертациялық зерттеу жұмысының негізгі мазмұны бойынша қол жеткен негізгі тұжырымдар мен қорытындылар халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық, практикалық конференцияларға ұсынылды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Ғылыми еңбектің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ

Кіріспеде диссертациялық жұмыстың өзектілігі негізделіп, мәселенің зерттелу деңгейі мен мақсат-міндеттері айқындалып, ғылыми жаңалықтары зерделенді, зерттеу жұмысының нысаны, пәні, хронологиялық шеңбері, теориялық-методологиялық негізі анықталып, диссертацияның тәжірибелік маңызы, сыннан өтуі, деректік базасы баяндалады, қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдары көрсетілді.

«Сырдарияның төменгі ағысы бойының тарихи-географиялық жағдайы» деп аталатын бірінші тарауда Сырдарияның төменгі ағысының тарихи-географиялық жағдайы қарастырылады.

«Ежелгі Арал маңының тарихи-географиялық сипаттамасы» атты бірінші тараудың бірінші бөлімшесінде өңіріміздің тарихи-географиялық сипаттамасы беріледі. Аралдың, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерін жайлаған тайпалар мен халықтардың мыңдаған ғасырлық тарихы Әмудария мен Сырдария сағаларының тарихымен тығыз байланысты. Хорезм экспедициясы зерттеген Сырдарияның төменгі ағысындағы көне суармалы жерлер көне сағалардың сол жағалауының көп бөлігін алып жатыр. Олардың жалпы ауданы - 2,5 млн. га шамасында. Бұл-көп бөлігі құмды, үштен бірі сазды, тақырлы болып келген ұлан байтақ шөлді жазық. Басы Қызылорда қаласынан оңтүстікке қарай, солтүстігінде және солтүстік шығысында Сырдариямен, оңтүстігінде -Қызылқұмның құмды жазығымен, ал батысында - Арал теңізінің ойпатты жағалауымен шектелген ол үшбұрыш пішінді. Жазықтық шығыстан батысқа қарай еңіс. Оның 140-180 м болатын ең биік нүктесі Қызылорда маңында, ең төменгісі - Арал теңізінің жағалауында [30,4-10б].

Сырдарияның көне арналық негізгі тармағы, сірә, Іңкәрдария болса керек. Сырдария сағасына оңтүстіктен жанасқан Қызылқұмның климаты құрғақ, жазы өте жылы, қысы жұмсақ Арал өңірі аймағының Еуразия құрлығының түкпірінде орналасуы, тәуліктік және жылдық температуралар тербелісінің құрғақ болып келуі континенталді климатпен ерекшеленеді.

Сырдарияның ежелгі арналарының бірі Ақшадария Сырдариядағы су тасқыны кезінде Іңкәрдария суымен толыққан. Бұл үдеріс кейінірек, тарихи кезеңдерде қайталанған. Ол ХҮІІ ғ. соңы мен ХVІІІ ғ. карталарында графикалық көрініс тапқан Әмудария мен Сырдарияның сулары қосылуы туралы аңызға негіз болды [31,17-22б].

Тараудың екінші бөлімінде, «Арал маңы көшпенділері архитектурасының зерттелу тарихы» қарастырылады. Біздің ортамызға сөзсіз қоршаған орта әсер етуде және экология, климат ұғымдары әрқашан адам қызметіне әсер етеді. Адам өзара табиғатқа тәуелді өйткені адамзаттың дамуында, заттық және рухани мәдениеттердің қалыптасуында, тарихи даму процестерінде, ұлы процестердің жүруінде табиғат адамзат баласына қызмет етуде [39,261б]. Сырдарияның төменгі ағысындағы мавзолейлердің классификациясы туралы зерттеуіміз кездейсоқ таңдалмаған. Дәстүрлі көшпелі қоғамда нақ осындай өзгерістер ХІХ ғасырда да тереңірек айтылған болатын. Оның үстіне бұл аймақ экологиялық типтердің яғни шөл даланың және жартылай шөлдің, тегіс бетегелі даланың түрлерінің кездесуімен ерекше. Арал өңірі аумағының географиялық локализациясына қарайтын болсақ; Үлкен және Кіші Борсық құмдарымен, Сырдарияның төменгі ағысынынан Оңтүстік Арал даласынан оңтүстіктен солтүстіккке-шығыстан батысқа дейін Мұғалжар тауларының тау ұштарымен және Торғай өзені бассейнімен шектесіп жатыр [40,30б].



«Сырдарияның төменгі ағысындағы ХҮІІІ-ХІХ ғғ. аралығындағы мемориалды-культтік ескерткіштер» деп аталатын екінші тарауда Сыр өңіріндегі сәулет өнері ескерткіштері туралы қарастырылған.

Екінші тараудың бірінші бөлімі «Мемориалдық-культтік ескерткіштердің архитектуралық ерекшеліктері және құрылыс техникасы» деп аталып өлкеміздегі сәулет өнері ескерткіштерінің құрылыс техникасына тоқталып, қорытынды жасалады.

Жаңа құрылыс түрлері Оңтүстік Қазақстанға Х-ХІІ ғасырларда келді. Кеңестік кезең ғалымдарын құрылыс өнерінің Х-ХІІ ғасырларда Оңтүстік Қазақстанға Орта Азиядан келгендігі ерекше көңіл аудартты. Бұл уақыттағы архитектура құрылымында, сарайлардың сәндік өнерінде, мешіт-медреселер, күмбездер, керуен-сарайлар құрылыстары туралы яғни порталдардың және ғимараттардың құрылымдық бөлігінің, тромптар мен көпқырлы барабандардың, күмбездердің дамуы туралы жаңа ойлар дүниеге келді [22,173б].

Сырдарияның төменгі ағысындағы мемориалдық-культтік ескерткіштердің архитектуралық ерекшеліктері мен құрылыс техникасына тоқталғанда кеңес зерттеушілерінің сансыз халықтардың тұрғын үйлерін жан-жақты терең зерттеген этнографиялық зерттеулеріне тоқталып өту біздің зерттеу жұмысымыздың көкейкесті міндеттерінің бірі болып табылады.

Бір жағынан бұл тақырыптың өзектілігі басқа халықтардың тұрғын үйлерінің даму жетістіктері, ежелгі дәуірден қазіргі күнге дейінгі сәулет пен құрылыс техникасының даму ерекшеліктерін салыстырмалы түрде айқындау болып табылады.

Орта Азия елдерімен салыстырмалы түрде архитектуралық ерекшеліктері мен құрылыс техникасын және құрылыс техникасындағы ұқсастықтарымен байланыстыра отырып қарастыратын болсақ; Орта Азия елдерінде де ұлттық архитектураның зерттелуі революцияға дейінгі уақытта қолға алынбады. Зерттеушілер сыланған үйлер мен лашықтарды көруге қабілеті болмады және бұқара халықтың архитектурасын, ұлттық өнерін бағалай алмады. Қазан төңкерісінен соң Орта Азияның ұлттық тұрғын үйлерінің құрылым жүйесін зерттеу қолға алына бастады. Бұл жұмыстарды алғаш рет 1935 жылы Самарқанда құрылған экспедиция қолға алды. Архитектор С.Н. Полупанова мен фотограф И.П. Завалинаның Орта Азия ескерткіштерінің архитектуралық құрылысы туралы қалдырған еңбектерінен Сыр өңіріндегі құрылыс материалдары туралы да көптеген деректер алуға болады. Құрылыс ісінің өркендеуі мен сәулет құрылысында пайдаланылған құрлыс материалдары туралы ХІХ ғасырда орыс ғалымдарының еңбектерінен Н. Богочевский, М. Татаржинский, М.Я. Киттары, сонымен бірге кеңестік ғалым А.Н. Глухованың еңбектерінде Қазақстандағы сәулет өнерінің тарихы мен құрылыс материалы туралы сұрақтар қарастырылып, мәліметтер берілді. [22,174б].

Тараудың екінші бөлімі, «Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы сәулет ескерткіштерінің классификациясы» деп аталып Сыр өңіріндегі сәулет ескерткіштерінің классификацисы жасалады. Қазақ жерінде сәулет құрылысы ерте дәуірлерде дамығандығын көруге болады. Бірақ ол кезеңдегі құрылыстардың қам кірпіштен салынуынан ол құрылыстар бүгінгі күнге жеткен жоқ. Қызылорда облысы тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мемлекеттік инспекциясының қорындағы деректері бойынша қазіргі таңда өңірде барлығы-489 ескерткіш бар, оның-123 археологиялық, 366-қала құрлысы және сәулет ескерткіштері, 21-республикалық маңызы болса, 274-жергілікті маңызы бар ескерткіштер болып табылады. Кесенелер жалпы композициялық және жоспарлық белгілеріне қарай екі негізгі бөлімге яғни біркамералы және көпкамералы болып бөлінеді. Одан әрі типологиялық талдау жоспарлық құрылымы мен архитектуралық кеңістіктегі көлемдеріне қарай сапалық-сандық болып жіктеледі. Жіктеу барысында құрылымдық пішіндерінің ерекшеліктерімен қатар қолданылған құрылыс материалдарынада талдау жасалды [19,225б]. Зерттеу барысында өлкеміздегі 54 кесенені типологиялық тұрғыдан талдап, классификациясын жасауға көңіл бөлінді.

Тараудың үшінші бөлімінде, Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы мавзолейлердің классификациясы тақырыбын оқыту әдістемесі көрсетілген.



ҚОРЫТЫНДЫ

Қорытындылай келгенде Сырдарияның төменгі ағысындағы мавзолейлердің классификациясын талдай келе өңіріміздегі мемориалды-культтік ескерткіштердің көлемі мен құрылымын зерттеп, алыс жақын ескерткіштермен салыстырмалы сарапталып, ескерткіштер дамуының басты тарихи кезеңдері зерделеніп, оларға деген жаңа тарихи көзқарас қалыптасты.



Сырдарияның төменгі ағысын мекендеген тайпалардың сәулет-құрылыс өнері жеткілікті деңгейде жоғары дәрежеде дамыған деуге толықтай негіз бар. Өйткені бізге дейін жеткен құрылыстардың негізін салғандар да осы Сыр өңіріндегі кесенелер дей аламыз. Бұл тұжырымға Түгіскен кесенелерінің архитектурасы айғақ бола алады. Солтүстік Түгіскен тобындағы жәдігерлердің арасында соңғы қола дәуіріне жататын 7 күрделі құрылымдағы кесене ғылыми зерттеулерде айрықша орын алады. Бастапқыда кесенелер цилиндр-конус пішіндес биік, салтанатты ғимараттар түрінде болған, олардың үстіне топырақ оба тұрғызылмаған. Архитектуралық-жобалық шешімдері бұл кесенелердің Орталық Қазақстандағы және Беғазы, Дәндібай қорғандарымен байланысты деп тұжырымдар жасалған. Кесенелердің жоспары төртбұрышты және кесенелердегі галереялар екеуден және олар квадрат ішінде орналасқан. Бұл жағдай Сырдарияның төменгі ағысындағы сәулет өнерінде культтік құрылымдар принцпін туындатты. Түгіскен кесенелерінің архитектуралық дәстүрлерінің дамуы б.з.д. ІҮ ғ жататын Баланды – 2 кесенесінен көрінеді. Бұлар да дөңгелек пішінді, Іңкәрдария жағалауында орналасқан кесенелердің прототиптерінен қашық емес. Осы кесенелердің әсерімен апасиактар тайпасы тұрған аймақтарда мемориалдық құрылыстардың да дамуы белен алғаны байқалды, олар Шірік-Рабат, Бәбіш-мола, Баланды-2, Асар және т.б. ескерткіштерден көрінеді. Кесенелер құрылысындада басқа аймақ құрылыстармен бірдей өзгерістер болды. Кесенелер күйдірілмеген кірпіштер мен ағаштан жасалды. Кесенелердің архитектуралық-жобалық жағынан сабақтастығы бүгінге дейін өз жалғасын табуда.

Сәулет ескерткіштерінің даму кезеңдерін ежелгі дәуір (исламға дейінгі кезең) Б.д.д. ІІ мыңжылдық б.д. І мыңжылдық, ортағасырлар мұсылман сәулет өнерінің Х-ХҮ ғғ. даму кезеңі, кейінгі ортағасырлар ХҮІ ғ басы мен ХХ ғ. Қазақ этносының даму кезеңдерімен кезеңдеуге болады. Орта ғасырларда Қазақстан территориясында кесенелер салу үстем болды және ортаазиялық аймақтық үлгідегідей мұнаралаы кесенелер де келе бастады. Мұндай кесенелер Сыр өңірінде де бой көтерді. Атап айтатын болсақ Сыр өңірінде де Орталық Азия үшін сирек кездесетін Қармақшы Ата, Сараман Қоса, Бегім Ана, Ұзынтам кесенелері секілді мұнаралы кесенелер пайда болды. Айтылған үш кезеңде де кесенелер пішіні мен құрлымы жағынан ұқсас болды. Негізгі жоспарында дөңгелек немесе төртбұрышты пішінді болды. Ортағасырларда құрылым жағынан өзгерістер енгізіліп енді көпқырлы немесе жұлдызды элементтермен толықтырыла бастады. Ескерткіштердің жоспарында ежелгі дәуірде камера, кіреберіс діліздер болса, ортағасырларда кесенелердің құрлымы күрделене бастады. Негізгі көлемді шаршы барабан сегіз қырлы болып күмбез шеңбері пайда болды. Кесенелер бір камералы және көпкамералы құрылымды болып бөлінді. Біркамералы кесенелер көлеміне қарай орталықтанған қасбетті кесенелер деп бөлінді. Ал, ортағасырларда портальды-күмбезді кесенелер пайда болды. Кесенелердің құрлысы мен құрылымының дамуының өзіндік ерекшеліктері болды. Атап өтетін болсақ исламға дейінгі түрік сәулет құрылысы үлгісімен салынған Қорқыт Ата кесенесі. Ал, Сырдарияның төменгі ағысындағы күмбезді құрылыстардан ерекшеленіп тұрған, ерте ортағасыр архаикалық ескерткішіне (Қозы Көрпеш Баян сұлу) ұқсас Қармақшы ата кесенесі, Сары Ишан кесенесі-Сырлытам кесенесінің құрлысын қайталауымен ерекшеленсе, Әлімбет кесенесі-жоғарғы бөлігі күйдірілген кірпіштен салынуы сирек болғанымен, Сырдарияның құйылысындағы ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғасырдың басына жататын кейбір кесенелерде кездеседі. Құрылыс жағдайына қарағанда, ХІХ ғасыр соңында салынған, Сырдарияның төменгі ағысындағы қазақ сәулет өнерінде осы әдістің пайда болуына себепші болған. Қарамырза кесенесі өзінің үлкен аумағымен ерекшеленеді. Дөңгелек пішінді күмбезді құрылыс түрі Сырдарияның төменгі ағысы мен батыс бөлігінде кең таралған, мұндай кесенелерге Бөлекбай кесенесі жатады.Манас кесененің бірегейлігі сол, одан басқа (сондай-ақ оған жалғасқан кесенеден) Сырдарияның төменгі ағысында күйдірілген кірпіштен қаланған бірде бір дөңгелек кесене жоқ. Сонымен бірге бұл кесененің күмбезі сына тәрізді, осыған қоса ескерткіште Шығыс Арал маңының кез келген ескерткіші «мақтана» алмайтын суреттер бар Асанас ата кесенесі–Қазақстанның соңғы ортағасырлық мемориалды архитектурасындағы зерттелмеген кесенелердің бірі ретінде зор тарихи-мәдени құндылыққа ие. Сонымен қатар, ол композициясындағы жаңалығымен де құнды. Байсал кемпір кесенесі өзіндік композициясы–сегіз қырлы корпусқа енгізілген дөңгелек камера, кертпішті күмбез, негізгі қасбетті өзінше сомдау сияқты үйлесімдер бірінші рет Сыр өңірінде кездесіп отыр. Төлегетай ата кесенесі тарихи – мәдени жағынан маңызды, себебі ол көптеген аса көрнекті батырлардың, билердің, ақындардың және т.б. ата-бабасы әйгілі болған-тарихи тұлғамен байланысты. Кесене, сонымен қатар архитектуралық ескерткіш ретінде өте маңызды. Басқаларға ұқсамайтын, Қазақстанда санаулы ғана сақталған сәулет өнері туралы көптеген мәліметтер беретіндігінде сөз жоқ. Қылышта ата кесенесі өзінің архитектуралық шешімімен ерекшеленеді. Республика территориясының еш жерінде осындай композициядағы (Төлегетай ата кесенесінен басқа) ескерткіш жоқ. Осы күнге дейін жеткен бұл ескерткіш Қазақстанның кейінгі ортағасырлық архитектурасы туралы біздің түсінігімізді едәуір кеңейтуге септігін тигізеріне сөз жоқ. Қорасан ата кесенесі өзінің әртүрлі көлемдегі әсем кескінді күмбездерімен сырттан қарауға арналған. Оның ауқымы, қырат үстінде орналасуы, тиімді нүктеден (оңтүстік-шығыс) ашылуы, тек қорым ішінде ғана емес, сонымен қатар қоршап жатқан бірнеше шақырым жазықтықтағы үстемдігін көрсетеді. Сырдарияның төменгі ағысындағы көрнекті монументабельді ескерткіш - Қарасопы кесенесі. Сонымен қатар, онда кеңістік мәселелері сауатты орындалған. Ішкі көрінісіне және кіреберісіне, босаға қуыстары мен жеңіл аркадаларға ерекше көңіл бөлінген. Қалқай Ишан кесенесі өзгеше ерекшеліктерді аңғартады. Бұл-Сырдария өзен арнасындағы шикі кірпіштен салынған монументальды кесене болғандықтан да ерекше. Акназар кесенесі-кіреберіс дәліз шаршы пішінді болып келген және күмбезбен жабылған. Кесененің архитектурасы Қуаңдарияның төменгі ағысына тән кішігірім кіреберіс бөлігі бар күмбезді қабірхана стилін дамыта түседі. Бекетай кесенесі-дөңгелек пішінді, бетше босағалы құрылысы бар, көлемді мұнарашалармен көмкерілген кесенелер. Қуаңдария аңғары мен Сырдария өзенінің құйылысындағы өңірлерде кең тараған. Ақтай кесенесі-архитектуралық көзқарас тұрғысынан алып қарағанда, қазақ кесенелері дамуының соңғы кезеңдерін сипаттайтын аса маңызды буын, соның салдарынан ол үлкен мәдени-тарихи маңызға ие.

Сыр өңіріндегі кесенелердің пайда болуының бастапқы кезеңі (Баланды, Сырлытам кесенелері) порталды – күмбез тәрізді типпен алмасады және осының негізінде ары қарайғы бөлшектену болады. Орта Азиядан айырмашылығы-Сыр өңірінде тамаша дамыған мемориалдар, сондай-ақ негізгі көлемінен порталы кең порталды кесенелер тән емес. Алайда, көп камералық Қазақстанның ортағасырлық кесенелері үшін біршама сирек құбылыс, сонымен қатар Орта Азиямен тығыз қатыныста болған Оңтүстік Қазақстанмен айрықша байланысты. Сондай-ақ, Сыр бойындағы кесенелерге призмалы корпусқа жазылған порталды-күмбез тәрізді композиция тән.



Зерттеу нәтижелерін қорытындылай отырып алдағы уақытта өз тұжырымдарым мен ұсыныстарымды білдірер болсам;

  • Кез - келген ұлт пен халық қалдыратын мәдени мұралар да біздің өлкемізде жетерлік. Сол мәдени мұраларымызды «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Республика және облыс көлемінде атқарылған зерттеу жұмыстары мен нәтижелерін жастарымыздың рухани азығына жарата білу;

  • Сырдарияның төменгі ағысындағы халықтардың мәдени ерекшеліктерін анықтап, аумақтағы жылжымайтын жәдігерлерді жан-жақты терең зерттеу;

  • Ескерткіштерді сақтау мәселелері мен мәдениеттердің экологиясын жер асты байлықтарын сараптай отырып, туризмді дамыту;

Зерттеулер қорытындысы-Сырдарияның төменгі ағысындағы мавзолейлерді талдап, жіктеудің барысында ескерткіштердің тарихи кезеңдері айқындалып, оларға деген жаңаша тарихи көзқарас қалыптасты.
Кілт сөздер: Мазар, кесене, мұнара, төртқұлақ, сағанатамдар, қорым, ғимарат, діни сәулет, дәстүрлі жерлеу діни сәулеті, сәулет көркемөнері, сәулет археологиясы, мола, күмбез, камера, портал, кесене, мемориал, культ, классификация, сәулет ескерткіштері.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Ажигали С. Очерк этнической истории аридной зоныАрало-Каспия (в свете проблем этногенеза) // История и культура Арало-Каспия. Сборник статей. Вып 1./под общ ред С.Ажигали. – Алматы: Құсжолы, 2001. -228с.

  2. Снесарев Г.П. Реликты домусульманских верований и обрядов у узбеков Хорезма. –М., 1969

  3. Аманжолов С. Вопросы диалектологии и историй казахского языка. – Алма-Ата, 1959. –Ч. 1.

  4. Кононов А.Н. Опыт анализа термина турк. // СЭ.-1949. -№1.

  5. Мустафина Р.М. Представления, культы, обряды у казахов. –А., 1992.

  6. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалығы. – Алматы, Аруна. 2010, -585б.

  7. Сатершинов Б. Ислам дінінің Қазақ даласын таралу ерекшеліктері. //Әл-Фараби философиялық және саясаттанулық және рухани-танымдық журнал. №1(37) 2012ж.

  8. Байпаков К.М. Великий шелковый путь (на территории Казахстана). –А., 2007.

  9. Шалекенов У.Х. Город Баласагун в Ү-ХІІІ веках. / Пер. с каз. Жумалиевой Б.К. –Алматы: «Жибек жолы», 2009. -272 с.

  10. Қоңыратбаев Т. Ертедегі ескерткіштер. –А.,1996.-6б.

  11. Құрманқұлов Ж. Шірік-Рабат экспедициясының 2004-2008 жж. зерттеулері. «Еуразия тарихы мен мәдениетіндегі Арал-Сырдария өңірінің орны» атты халықаралық ғылыми конференция материалдары. Алматы,2009.14б.

  12. Құрманқұлов Ж., Жетібаев Ж. Шірік Рабаттағы археологиялық зерттеулер. //Мәдени мұра №4 (25) тамыз-қыркүйек 2009.

  13. Марғұлан Ә., Бәсенов Т., Меңдіқұлов М. Қазақстан архитектурасы. –Алматы: Өнер, 2010. –Т.1. -5с.

  14. Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздіктің бесжылдығы. –Алматы: 1996. -292 с.

  15. Қазақ ССР қысқаша энциклопедия. Алматы: 1989. Т.ІҮ.-76с.

  16. Агапов П., Кадырбаев М. Сокровищица древного Казахстана. Алма-ата: 1979.-197с.

  17. Басенов Т.К. Орнамент Казахстана в архитектуре. - Алма-ата.1957. -4с.

  18. Байпаков К.М., Шарденова З.Ж., Перегудова С.Я. Раннесредневековая архитектура Семиречья и южного Казахстана на Великом шелковом пути. - Алматы. 2001. -36с.

  19. Ажигали С.Е. Архитектура кочевников – феномен истории и культуры Евразии (памятники Арало-Каспийского региона) –Алматы: Научно-издательский центр «Ғылым», 2002.-654с.

  20. История и культуры Арало-Каспия,Сборник статей.Вып.1/Под общ ред С.Ажигали.-Алматы:Құс жолы,2001.-228с.

  21. Бекназаров Р.А. XIX ғ. – XX ғ. бас кезіндегі солтүстік Арал аймағы қазақтары (тарихи-этнографиялық зерттеу). Тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның автореферат. - Алматы, 2010.

  22. Марғұлан Ә. Шығармалары. – Алматы: Алатау, 2010. –Т.8.-173с

  23. Глаудинов Б. Қазақстан архитектурасы. – Алматы: Өнер, 2012. - Т.8.

  24. Байтенов Е. Сыр бойында сырын бүккен, Төлегетай мен Қылышты-ата мазарлары-қазақ сәулет өнерінің бір қазынасы болып табылады // Егемен қазақстан. 1993. -13 наурыз.

  25. Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. –Алматы: Аруна,2011. 14-15с.

  26. Жонтаева Ж.А. Әбдібаев Ш.Ш. Сыр елінің мәдени мұралары. Қызылорда, 2005. 22-25бб.

  27. Мәмиев Т. Қорқыт Ата туралы аңыз бен ақиқат. Қызылорда,2000. -115с.

  28. Мәмиев Т. Кейінгі орта ғасырдағы Арал өңірінің қалалары (ХІІІ-ХҮІІІ ғғ.) Қызылорда,2000.

  29. Сыр елінің тарихи-мәдени мұралары. (1 кітап - Жаңақорған, Шиелі, Сырдария аудандары бойынша).- Қызылода. 2010.- 75с.

  30. Левина Л.М. Этнокультурная история Восточного Приаралья. Москва:-1996. С.4-10.

  31. Итина М.А. Проблемы археологии Хорезма // СА.ІҮ. Москва,С.17-22.

  32. Алаштың Ақмешіті . Редакциялық алқа. Алматы: «ARNA-В», 2009, 9-10с.

  33. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. – Алматы: Атамұра, 2010. – 640б.

  34. Толстов С.П. По древним дельтам Окса и Яксарта, Москва., 1962, -185с.

  35. Сыр өңірі тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). - Алматы: Атамұра, 1998. 18-20с.

  36. Толстов С.П., Жданко Т.А., Итина М.А. Работы Хорезмской археолого-этнографической экспедиции АН СССР в 1958-1961 гг. МХЭ, вып.6,М., 1963.

  37. Ж.Қ.Құрманқұлов., А.Бірмұқанова., Ж.Қалиева, Ж.Утубаев., Шірік-Рабат қала жұрты мен оның маңындағы археологиялық зерттеулер. Археологиялық зерттеулер жайлы есеп. Алматы,2005. 53-54 бб.

  38. Құрманқұлов Ж.Қ., Е.Переводчикова., Жетібаев Ж., Утубаев Ж., Искаков А., Тажекеев А., Дарменов Р. Шірік-Рабат қала жұртында 2007 жылы жүргізілген археологиялық зерттеулер. // Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша 2005 жылғы археологиялық зерттеулер жайлы есеп. –Алматы, 2008.-55-60 бб.

  39. Бромлей Ю.В. Этнос и энография. - М., 1973. – 283 с

  40. Востров В.В. Некоторые вопросы этнографии казахов Кзылординской области // Материалы и исследования по этнографии казахского народа. ТИИАЭ. т.18. А-А., 1963. – С. 30–50

ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРЫҚ

КӨРГЕН МАҚАЛАЛАР ТІЗІМІ



  1. Сыр өңіріндегі күмбезді мавзолейлер // Қазақстанның ғылыми әлемі. Халықаралық ғылыми журнал. №6 (46) қараша-желтоқсан. 2012 жыл.-125б.

  2. Баланды мавзолейі // Ғылыми зерттеулер әлемі, ғылыми журнал. ҚР Білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Алқасының шешімімен журнал «Диссертациялардың негізгі нәтижелерін жариялауға арналған ғылыми басылымдардың тізбесіне» енгізілген. №11-12(65-66), қараша-желтоқсан,2012 жыл.-54б.

  3. Айқожа Ишан кесенесі // «Нұрпейіс оқулары» аясында өтетін «Қалыптасқан Қазақстан және ғаламдану аясындағы әлемдік тарихи үдеріс» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары (Алматы қ., 15 наурыз 2013ж.) -118б.

  4. Шығыс Арал өңіріндегі мұнаралы ескерткіштер // Білім және Инновация. Педогогикалық оқу әдістемелік журнал. №3.2013 жыл. -7б

РЕЗЮМЕ
диссертации на получение академической степени магистра педагогических наук по специальности

6М011400 – История


Алтаева Фатима Жалаладиновна

Классификация мавзолеев нижнего течения Сырдарьи
Актуальность темы исследования.

Независимость государства сформировала новые взгляды на материальные ценности и проявления общественного сознания на историю казахского народа, этногенеза, духовности. Представляют большой интерес собранные новые данные о письменности, археологические сведения и анализы данных находок по истории Казахстана и помогают сформировать общественное представление о прошлом. Историческая наука уделяет особый интерес проблемам которые остались без внимания в годы до обретения независимости. Важные проблемы в таких сферах как, общественная политическая жизнь, социальные, культурные сферы. Таким важным проблемам необходимо уделять полноценное внимание. В сегоднешнее время история архитектуры, строительный техника казахского народа нельзя сказать что полностью и разносторонне исследована.

Архитектурное искусство и скульптура являются духовной и материальной ценностью, формирующия общечеловеческую культуру. Поэтому не исследуя полностью архитектуру и историю строительства городо Казахстана, историю культуры наследия казахского народа невозможно составить единую систему исследования. Сегодня исследование памятников в окрестностьях Сыра является актуальной проблемой. Поэтому в истории отечества особое место занимает классификация мавзолеев в низовьях Сырдарии.

Научно - исследовательская работа раскрывает грани истории края и истории отечества.



Цель исследовательской работы.

Главной целью исследовательской работы является – изучение исторического наследия края, определить историческое архитектурное наследие Сыра с древнейших времен до ХІХ века, исследовая архитектуру памятников и мовзолеев, анализируя особенности и различия архитектурного искусства региона, исследовать историю наследия с научной точки зрения, в целях выполнения диссертационной работы поставить такие задачи, как:



  • в соответсвии Государственной программы Президента Республики Казазхстан «Культурное наследие» на 2004-2011 годы, внести свой вклад в исследований историко-культурного наследия исторических памятников;

  • определить основные стадии эволюционного развития, формы архитектурного строения мовзолеев в низовьях Сырдарьи;

  • обратить внимание на историко-архитектурные памятники мемориала в местностьях Сыра;

  • Определить основные типологии дать анализ и классифицирю памятников, историю развития мемориалов, историко-культовых архитектурных памятников в низовьях Сыра;

  • Классифицировать и определить особенности композиций мемориальных культовых архитектурных памятников края.

Научное новизна исследовательской работы.

Классификация мовзолеев в низовьях Сырдарьи является объектом исследования диссертационной работы, исследование проведено с научной точки зрения и можно указать следующие новшества работы:



  • во время исследования были рассмотрены формы архитектурных мемориально-культовых памятников расположенных в низовьях Сырдарьи;

  • в первые проведена группировали и систематизация мавзолеев региона Сырдарьи по типологии;

  • определиль единые особенностии соблюдения народных традиций в строении мавзолеев низовья Сырдарьи;

Основные выводы, предлогаемые к защите.

  • были определены важная роль мавзолеев в культуре и истории казахов в этнополитической жизнь степи, историко-культурные особенности населения в низовьях Сыра;

  • были определено классификация строении архитектурных особенностей памятников низовья Сырдарьи.

Структура исследования работы.

Исследовательская работа состоит из введения, двух разделов, заключения, списка использованной литературы.



SUMMARY
The dissertation on receiving the academic degree of the master of pedagogical sciences on specialty

6M011400-History


Altaeva Fatima Jalaladinovna
Classification movzoleev located in the lower reaches of the Syr Darya
Urgency of a theme research:

Independence of the state formed a new views on wealth and manifestations of social consciousness in the history of the Kazakh people, ethnogenesis, spirituality. Showing great interest in the new collected writings, archaeological information and analysis of the data finds the history of Kazakhstan and helps to create a public image. Historical science pays special interest issues that were ignored during the years of independence. Such important issues are paying full attention. Important problems in areas such as public political life, social and cultural spheres. In time for today's architecture, construction machinery Kazakh people can not say that a fully diversified and investigated.

Architectural art and sculpture is the spiritual and the material value of forming human culture. It is therefore not fully exploring the architecture and history of the construction of cities in Kazakhstan, the cultural history of the Kazakh heritage narodanevozmozhna single system research. Rather collected materials require public research.

Today the study of monuments in the neighborhood Cheese is an urgent problem. Therefore, in the history of the fatherland occupies a special place - the classification movzoleev in the lower reaches of the Syr Darya.

Scientific research - will reveal the brink of history of the region and the history of the fatherland.

The aims of work:

The main purpose of research is - the study of the historical heritage of the region, to determine the historical architectural heritage Cheese from ancient times to the twentieth century to explain the architecture of monuments and movzoleev analyzing the characteristics and differences of the architectural art of the region, explore the history of heritage from a scientific point of view, the purpose of the thesis there are such problems as:

- According the State Program of the President of the Republic of Kazazhstan "Cultural Heritage" for the period 2004-2011, to contribute to the research of historical and cultural heritage of historical monuments;

- Identify the main stages of evolution, shaped architectural structure movzoleev in the lower reaches of the Syr Darya;

- Pay attention to the historical and architectural monuments of the memorial in the locality Cheese;
Scientific novelty of dissertational work:

-Identify the main typologies, analyze and classify the monuments, the history of memorials, historical and religious monuments in the lower reaches of the Syr;

- Classify and identify features kompazitsy memorial religious architectural monuments.

The main conclusions offered to protection:

- Identify important role in the culture and history of the Kazakhs, ethnic and political life of the Kazakh steppes, historical and cultural characteristics of the population in the lower reaches of the Syr;



- Made in the classification of buildings, architectural monuments especially the lower reaches of the Syr Darya.

The dissertation structure:

The dissertation consists of the introduction, two chapters, the conclusion, the list of the used literatures.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет