СІРІСПЕ-жарақат ауру деп аталынады.Ауыр түрде өтетін жұқпалы ауру.Сіреспе нейротоксині адамның жүйке жүйесін зақымдайды,науқас қалтырап,бұлшық еттері жиырылады және оның сіресуіне әкеледі.Осы ауру жайында алғаш рет Гиппократ жазған.
Этиология-қоздырғышы Сіреспе таяқшасы-Clostridum tetani,ірі жылжығыш,анаэроб,экзотоксин бөледі,ол өте улы токсин.Қоздырғыш спора түзеді,ол өте төзімді,әсіресе топырақта бірнеше жылдар бойы сақталады.
Эпидемиология-аурудың көзі Ауру көзі-шөппен қоректенетін жан-жануарлар (ұсақ және ірі қара малдар,шошқа,тышқан,егеуқұйрық,қоян) және адамдар.Олардың организмінде,ішегінде қоздырғыш вегатативті түрде кездеседі,сыртқы ортада,әсіресе топырақта спора түзіп,көптеген ондаған жылдар бойы сақталады.Ауру көп жағдайда жарақат арқылы пайда болады.Сонымен қатар топырақта жұмыс істегенде,тері күйгенде немесе тері үсігенде,үй жағдайында босанғанда,түсік тастағанда,терінің ойылуында,тік ішектің ауруларында және т.б.пайда болады.
Патогенезі-аурудың дамуы Адам организміне қоздырғыш спора түрінде жарақатқа еніп,вегатативті түріне ауысады,әсіресе терең жарақаттарда анаэробты жағдайда өсіп-өніп,экзотоксин бөліп шығарады да,жүйке жүйесінің талшықтары мен қан арқылы омыртқа және ми бөліміне барып,нервтің тежеу жүйесі мен қатар,тыныс алу орталығы мен жүрек жұмысы да зақымдалады.
Емдеу және күту Науқасты арнайы жансақтау бөліміне жатқызады.Бөлме қараңғылау болуы керек,еденге төсеніш төсеп,дыбыс естілмес үшін,аяққа жұмсақ аяқ-киім кию керек.Ауруды қарап күту үшін әр науқасқа арнайы білімді медицина қызметкерлер жұмыс істеуі керек.Науқасты арнайы түтікшемен тамақтандырады.Науқастың төсегі жұмсақ болуы керек және терісінің ойылуының,өкпе қабынуы сияқты асқынулардың алдын-алу қажет.Медицина қызметкері міндетті түрде қолғап,бет перде киюі керек.Емнің негізгі мақсаты – аурудың қоздырғышы мен оның улы затына қарсы тұру және ішкі ағзалардың жұмысын қалпына келтіру.