Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы оқу процесін ұйымдастыру кезінде оқу сабақтары "on-line" және "off-line" режимінде өткізіледі. "On-line" режимінде оқу сабақтары нақты уақыт тәртібінде өткізіледі: бейне конференция (Skype, Discord, MOODLE, ZOOM, Google Classroom, Microsoft Teams, Hangouts, Cisco WebEx Meetings және т.б.). "Off-line" режимінде оқу сабақтарын ұйымдастыру кезінде оқытушы мен білім алушының өзара іс-қимылы Smart ZhetySU жеке платформасы арқылы қарым-қатынастың ішкі сервистері, чаттар мен форумдар арқылы жүзеге асырылады..