Ситуациялық есеп №1



Дата06.02.2022
өлшемі17,99 Kb.
#81032
Байланысты:
Ситуациялык есеп


ЖМ 603 топ студенті
Абат Салауат
Ситуациялық есеп № 1
75 жастағы науқас әйел ықшам ауданның дәрiгерiн үйiне шақырды: қалыпты, тыныш жағдайдағы ентiгу, жүрек аймағында шалыс соғулар мен ауырсыну сезiну, аяқ бастарының тұрақты iсiнуi. Анамнезiнен: 5 жыл бұрын физикалық күштемелерге ентiгу мен аяқ бастарының iсiнуi пайда болған. Мезгiл-мезгiл диуретиктер мен жүрек гликозидтерiн (дигоксин, целанид) қабылдағанда ентiгуi мен аяқ бастарының iсiнуi кемiген. Жағдайының ауырлауы – соңғы екi айда. Об-тi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, салмағы артық, акроцианоз. Ентiгуi тыныш жағдайда байқалды, төсекке горизонталь қалыпта жатудан бас тартты. Перифериялық iсiну аяқ басынан тiзесiне дейiн. Өкпесiнде везикулалық тыныс, төменгi бөлiктерiнiң үстiнде үнсiз, ылғалды сырылдар. Жүректiң шала тұйық дыбыс шектерiнiң сол жағы сол бұғана орта сызығынан 1,5 см тыс. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақсыз, жүрек ұшында систолалық шу, аорта үстiнде II тонның акцентi, ж.с.с. 96, пульсi 84 рет минутына, ырғақсыз, толуы мен кернеуi әртүрлi. АҚ 130/70 мм сын. бағ. Бауыры қабырға доғасынан 3 см-дей төмен, тығыз эластик консистенциялы.
1. Болжам диагнозы.
2. Негiзгi синдромына байланысты күдiктi ауруларға тәуелдi тексеру жоспары.
3. Дифференциялық диагнозы.
4. Емi. Әрi қарайғы дәрiгерлiк тактика.
Жауабы:
1.Негізгі ауруы: Жүрек ырғағының бұзылуы. Жүрекшелер жыбыры, тұрақты түрі, тахиситолалық варианты.
Асқыну: Жүрек шамасыздығы ФКIV
2. ЭКГ, ЭхоКГ, липидтік спектр, кеуде мүшелерінің рентгенографиясы, коагулограмма
3. жүрекше алды тахикардиясы, жүрекшелер дірілі, жиі жүрекше алды эктопиясымен
4.10 диеталық стол. Тәуліктік диурезді бақылау.
Бета-блокаторлар- бисопролол 5 мг/тәул немесе басқа препараттар.
АПФ ингибиторлары-периндоприл 4 мг/тәул немесе басқа препараттар.
Диуретиктер-алғашқы аптада фуросемид 40 мг/тәул, сосын тұрақты түрде верошпирон 50 мг/тәул немесе басқа препараттар.
Калий-магний препараттары.

Ситуациялық есеп № 2
52 жастағы науқас, ер кiсi, II топ мүгедегi, келесi шағымдармен келдi: тыныш жағдайдағы ентiгу, жүрек жұмысының шалыстығын сезу, аяқ бастарының iсiнуi, оң қабырға астындағы ауырлық сезiмi. Екі жыл бұрын миокардтың инфарктiсiмен ауырғаннан берi болмашы физикалық күштенулерге жүрек қағып кетуi, жүрек тұсының ауыруы, инспирациялық ентiгу мазалайды. Жағдайы бiр ай бұрын төмендеген: ентiгуі күшейген, аяқ басы мен балтырларының iсiнуi, жүрек жұмысының шалыстығы, оң қабырға астының ауыр тартуы дамыған. Об-тi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, терi жамылғылары қуқыл, акроцианоз. Аяқтары балтырына дейiн iсiнген. Өкпесiнде везикулалық тыныс, төменгi аймақтарында тынысы әлсiреген, сол жерлерде үнсiз ылғалды сырылдар естiледi, тыныс жиiлiгi 26 әр минутта. Жүрек тондары әлсiз, ырғақсыз, ж.с.с. 118 минутына, АҚ 110/70 мм сын. бағ. Пульсi 102 рет минутына, ырғақсыз, кернеуi мен толуы әртүрлi, пульс тапшылығы бір минутта – 16. Пальпацияда iшi жұмсақ, оң қабырға астының ауырсынуы бар, бауыры 4 смге шығыңқы, пальпацияда ауырады, қатты эластик консистенциялы, талағы үлкеймеген. ЭКГ-де: RR интервалы 0,48-0,65 сек, Р тiсшесi жоқ, III, aVF тiркемелерiнде кеңіген, терең Q тiсшесi.
1. Болжам диагнозы.
2. Негiзгi синдромына байланысты (ЭКГ-ны шешiңiз) күдiктi ауруларға тәуелдi тексеру жоспары.
3. Дифференциялық диагнозы.
4. Емi.
Жауабы:
1. Негізгі ауруы: ЖИА. Миокардтың басынан өткерген инфаркті, жүрекшелер фибрилляциясы, тұрақты тахисистолиялық түрі.
Асқынуы: ЖШ ФКIII.
ЖШ созылмалы түрінде порталмен стационарлық ем ұйымдастыру (кардиологпен кеңесе отырып, аурухана немесе стационаралмастырушы технологияны қолдану)
2. Жүрекшелер фибрилляциясы (RR арақашықтығы – 0,48 – ЖСС 125; RR арақашықтығы – 0,65 – ЖСС 92 мин; кеңіген, терең Q тiсшесi тыртықтық өзгеріс).
Синдромдар: миокардтың тыртықтық зақымдалу синдромы (миокардтың басынан өткерген инфаркті); ырғақ бұзылысы; гепатомегалия; ЖШ ФК ІІІ (NYHA ұсыныстарымен 6 минуттық жүргізу сынамасымен нақталады).
3. жүрекше алды тахикардиясы, жүрекшелер дірілі, жиі жүрекше алды эктопиясымен
4. 10 диеталық стол. Тәуліктік диурезді бақылау
Синусты ритмді қалпына келтіру үшін: Пропафенон 50мг
Сәтті кардиверсидан кейін ырғақты бақылау: Дронедарон 400мг
Кардиопротекция үшін: Ангиотензин II рецепторының блокаторы Кандесартан 4 мг 
Сұйықтық жиналу симптомын басу: фуросемид
Емдеу мақсаттары:
- тромбоэмболиялық асқынулардың профилактикасы
- ырғақ неме ЖЖЖ бақылау
- жүрек жеткіліксіздігінің жою және алдын алу
- болжамын жақсарту
- науқастың өмірлік сапасын жақсарту
- госпитальдауларды азайту
- өмір ұзақтығын арттыру
Сонымен қатар:
1. Тромбоз бен ТЭ асқынуын профилактикасы (антиагрегатты және антикоагулянтты дәрілерді таңдау, инвазивті және хирургиялық емге көрсетімдерді анықтау).
2. Негізгі стратегияларды анықтау (ырғақты немесе ЖЖЖ бақылау).
3. Ырғақты бақылау стратегиясын анықтағанда кардиоверсияны таңдау (дәрі-дәрмекпен, электрлік).
4. Кардиоверсиядан кейін ЖФ пароксизмальды және персистерленетін түрлерінде қайталану профилактикасы мақсатында ырғақ және ЖЖЖ бақылау.
5. ЖФ тұрақты формасында ЖЖЖ бақылау.
6. СҚЖФ негізі болған аурудыы емдеу (қауіп факторларын жою, кардионейромодуляциялау).
7. ЖФ инвазивті емдеу үшін көрсетімдерді анықтау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет