Ситуациялық есеп №1



Дата07.02.2022
өлшемі17,61 Kb.
#90397
Байланысты:
Сахиба)


Ситуациялық есеп №1

42 жастағы сатушы әйел, клиникаға келесі шағымдармен түсті: иық белдемесі мен аяқтарының бұлшықеттерінің және ірі буындарының ауыруы, дене қызуының 380С-ға көтерілуі, жұтынудың қиындауы, ішінің мезгіл-мезгіл ауыруы, тәбетінің жойылуы, кейде диарея, жүдеу, үдей түскен бұлшықеттік әлсіздік. Бір жыл бұрын аяқтарында ауырсыну мен жалпы әлсіздік пайда болған. Екі ай өткен соң беті мен мойнының қызарғанын байқаған, дене қызуы көтерілген, иық белдемесіндегі бұлшықеттерде ауыратын түйіндер, балтыры мен аяқ басында ісіну пайда болған. Емханада қабынуға қарсы стероидты емес дәрмектермен емделген, нәтиже болмаған. Жағдайы ауырлай түскен бұлшықеттік әлсіздік күшейе келіп, төсектен өз бетімен тұра алмай қалған, лихорадка тұрақты, ентігу мен қақырықты жөтел қосылған, ас қорыту жолдарының жоғарыдағы шағымдары дамыған. Объективті: жалпы жағдайы ауыр. Беті домбыққан, маска тәріздес, параорбиталық эритема, сол қабақ птозы. Қол-аяқтарының бұлшықеттері пальпацияда ауырады, буындары өзгермеген, қимылдары шектелген. Өкпе үстінде қорап реңкілі дыбыс. Өкпесінде қатаң тыныс, төменгі бөліктерінде үнсіз ылғалды сырылдар. Жүректің шала тұйық дыбыс шектері солға ығысқан, тондарыәлсіз,жүрек ұшында систолалықшу, тахикардия.Пульс саныминутына 112,ырғақты. АҚ 100/70 мм сын.бағ. Тілі ылғалды, ақшыл шөгінді бар. Іші жұмсақ, пальпацияда жайылма ауырсыну бар. Бауыры қабырға доғасынан 2 см шығыңқы. Қанның жалпы анализі: Нв 112 г/л, эр. 3,8х1012л, т/к 0,85, л. 12х109 /л, эоз. 40%, т/я 4%, с/я 34%, лимф.20%, мон. 2%, ЭТЖ 35 мм/сағ.


Сұрақтар:


1.Синдромдарды анықтаңыз:
2.Диагнозды құрастырыңыз:
3.Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері
4.Негізгі ауруды емдеу үшін ең қажетті дәрілерді жазу
Ситуациялық есеп №2
19 жастағы студент, клиникаға келесі шағымдармен түсті: ірі буын-дарының, қол аяғының бұлшықеттерінің ауыруы, субфебрильді қызба, құрғақ жөтел, шаштарының түсуі. Анамнезінен: 6 ай бұрын жедел вирустық респирациялық аурудан кейін жоғарыдағы шағымдары дамыған, қызба басатын дәрмектер қабылдаған. Соңғы бір айда жағдайы төмендеп, қызбасы тұрақты түрде болды. Объективті: екі бет ұшы мен мұрын қырының терісінде қабыршақтанған қызғылт таңба бар. Қол саусақтарының ұшында капиллярлары кеңіген перифериялық лимфотүйіндер 0,5 см дейін үлкейген, ауырмайды. Буындары өзгеріссіз. Өкпесінде везикулалық тыныс, оң жағында қолтық астында шектелген аймақта плевра үйкеліс шуы естіледі. Жүрек тондары әлсіреген, ырғақты, ж.с.с 102 мин. АҚ 120/80 мм сын.бағ. Іші жұмсақ, ауырмайды. Бауыры мен талағы үлкеймеген.

Сұрақтар:


1.Синдромдарды анықтаңыз:
2.Диагнозды құрастырыңыз:
3.Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері
4.Негізгі ауруды емдеу үшін ең қажетті дәрілерді жазу


Ситуациялық есеп № 3

60 жастағы зейнеткер әйел, емхана дәрігеріне келесі шағымдармен қаралды: қол


саусақтарының шаншып ауыруы мен ұюы, білезік, тізе, тобық буындарындағы ауырсыну,
үдей түскен жалпы әлсіздік, соңғы жылда 10 кг. салмақ жоғалту, ентігу, жүрек соғуы.
Өзін соңғы бір жылда науқас санайды. Мезгіл-мезгіл дене қызуы суб-фебрильді
көрсеткіштерге көтеріліп, буындарында ауырсыну, қолдарында тоңғыштық пайда болып,
тәбеті жоғалған, жүдей бастаған. Өзінің ауруын суықтаумен байланыстырады.
Объективті: қарағанда беті мимикасыз, аузы "қалта аузындай". Қолының саусақтарының
терісі балауыз түстес, терісі жалтыр. Қол басы ісіңкі, терісі қыртысқа жиналмайды. Өкпе
үстінде әлсіреген везикулалық тыныс, бірлі-жарым құрғақ сырылдар. Жүректің шала тұйық дыбыс шектері: оң - 0,5 см төс қырынан оңға; жоғары - ІІІ қабырға; сол – сол 1 см тысқа. Жүрек тондары әлсіреген ырғақты. Іші жұмсақ, ауырсыну жоқ. Бауыры мен талағы
ұлғаймаған.
Қанның жалпы анализі: Нв-130 г/л, эр. 3,9х1012/л , т/к-1,0. л. 10х109/л, лейкограммада
өзгеріс жоқ. ЭТЖ 30 мм/сағ.

Сұрақтар:


1.Синдромдарды анықтаңыз:
2.Диагнозды құрастырыңыз:
3.Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері
4.Негізгі ауруды емдеу үшін ең қажетті дәрілерді жазу

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет