Ситуациялық есеп
Жм-712 Анапия Нұрбек
75 жастағы науқас әйел ықшам ауданның дәрiгерiн үйiне шақырды: қалыпты, тыныш жағдайдағы ентiгу, жүрек аймағында шалыс соғулар мен ауырсыну сезiну, аяқ бастарының тұрақты iсiнуi.
Анамнезiнен: 5 жыл бұрын физикалық күштемелерге ентiгу мен аяқ бастарының iсiнуi пайда болған. Мезгiл-мезгiл диуретиктер мен жүрек гликозидтерiн (дигоксин, целанид) қабылдағанда ентiгуi мен аяқ бастарының iсiнуi кемiген. Жағдайының ауырлауы – соңғы екi айда.
Об-тi: жалпы жағдайы орта ауырлықта, салмағы артық, акроцианоз. Ентiгуi тыныш жағдайда байқалды, төсекке горизонталь қалыпта жатудан бас тартты. Перифериялық iсiну аяқ басынан тiзесiне дейiн. Өкпесiнде везикулалық тыныс, төменгi бөлiктерiнiң үстiнде үнсiз, ылғалды сырылдар. Жүректiң шала тұйық дыбыс шектерiнiң сол жағы сол бұғана орта сызығынан 1,5 см тыс. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақсыз, жүрек ұшында систолалық шу, аорта үстiнде II тонның акцентi, ж.с.с. 96, пульсi 84 рет минутына, ырғақсыз, толуы мен кернеуi әртүрлi. АҚ 130/70 мм сын. бағ. Бауыры қабырға доғасынан 3 см-дей төмен, тығыз эластик консистенциялы.
1. Синдромдарды анықтаңыз
2. Диагнозды құрастырыңыз
3. Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері
4. Негізгі ауруды емдеу үшін ең қажетті дәрілерді жазу
Жауап:
Синдромдарды анықтаңыз
Артериялық гипертензия синдромы-АҚ 130/70мм.с.б.
Жүрек жеткіліксіздігі синдромы - тыныш жағдайдағы ентiгу, жүрек аймағында шалыс соғу.
Ісіну синдромы - аяқ бастарының iсiнуi.
Ырғақ бұзылысы синдромы- жүрек ұшында систолалық шу, аорта үстiнде II тонның акцентi,
Тахикардия
Метаболитикалық миндром- салмағы артық
2. Диагнозды құрастырыңыз
Жүрек жеткіліксіздігі, жүрекшелер жыбыры,тұрақты түрі,тахисистолиялық.
Ілеспелі аурулары: семіздік, артериялық гипертония III дәреже, қауіптілігі II
3. Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері
ЗЖҚ,ЖҚА
ЭКГ,ЭхоКГ
Кеуде қуысының рентгенографиясы
доплерография
Коагулограмма
4. Негізгі ауруды емдеу үшін ең қажетті дәрілерді жазу
ЖСС дәрмектер (гликозидтер, бета-аденоблокаторлар,кордарон) нормосистолиялық деңгейге ұстайды.
В-адреноблокатор - Лобеталол (метапролол) 0,1 мг, 2-3 рет күніне, аспен бірге қабылдады. Биспролол 5мг/тәул.
Қан ұюына: Тромбо Ас 75 мг күніне бір рет ішке қабылдауға.
Диуретиктер: фуросемид 40 мг/т және бірге Калий сақтап қалушы препарат: Верошпирон.
Достарыңызбен бөлісу: |