Жауапкердің қарсылығы.
Сот отырысында жауапкердің өкілі адвокат Исмуханов А.А. талап қоюды танудан бас тартты, талапкер С.Т. Ахметованың талабын қанағаттандырмауды өтінді, себебі талапкермен мәлемделген мән- жайлар шындыққа сай келмейді және негізсіз деп атап көрсетті.
Сотта берген жауапкердің түсінігі бойынша, талапкер оның қызымен қарым-қатынас жасауына кедергі келтірген. Баланы әкесіне қарсы қояды, баланың көзінше әкесін қорлайды және абыройын түсіреді.
Баласына бірнеше рет телефон шалуға тырысып баққанымен, оған телефонды бермеді.
Ата-аналық құқықтан айыру туралы іс бойынша дәлелдеу пәні балаға қатысты ата-ананың (немесе біреуінің) кінәлі әрекетінен кәмілетке толмаған баланың құқықтары мен заңдық мүдделерінің бұзылуы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |