Ситуациялық есептер шығару және оқытушыға тексеруге жіберу. Есептерді міндетті түрде заңдылық нормаларға (Қр конституциясы, Кодекстер, заңдар) сәйкес шығару керек



бет1/20
Дата19.12.2021
өлшемі214,03 Kb.
#103438
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
680698496444 Тапсырмалар 1-15 АІЖҚ


Тақырып 1. Азаматтық іс жүргізу құқығы және оның қағидалары

1 тапсырма: Кесте жасаңыз «Конституциялық принциптер мен салалық заңдармен бекітілген принциптердің айырмашылығы», «Ұйымдастырушылық-функционалдық қағидалар және функционалдық қағидалар»

2 тапсырма. Ситуациялық есептер шығару және оқытушыға тексеруге жіберу. Есептерді міндетті түрде заңдылық нормаларға (ҚР Конституциясы, Кодекстер, заңдар) сәйкес шығару керек!
Ситуацилық есептер (кейс/шағын кейстер).

№1 «Аумақтық жер инспекциясы» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – Инспекция) сотқа талап арыз қойып Тоқаевқа, Кәріпжановаға, Нотариус Даутовқа, қалалық әкімшілікке, «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, РМК «мемжерҒӨО» және жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу бойынша комиссияның шешімін, жеке меншік құқығына мемлекеттік актіні, сатып алу-сату шартын және оны Әділет департаментінде тіркеуді жарамсыз деп тану туралы жолданды.

Кәріпжанова нотариус Даутовке, Тоқаевқа, Кәріпжановаға, Нотариус Даутовқа, қалалық әкімшілікке, «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, РМК «мемжер ҒӨО», Әділет департаментіне, Инспекцияға өзін адал иеленуші ретінде тануды және Әділет депратаментінің әрекетсіздігін заңсыз деп тануды сұрап сотқа қарсы талап қойып жолданды.



Шымкент қаласы Абай аудандық сотының 23 шілде 2014 жылғы шешімімен Инспекцияның талабы қанағаттандырылған. Жылжымайтын мүлікті жария етуді жүргізу бойынша комиссияның шешімі жарамсыз деп танылды, мекен-жайы: Оңтүстік-Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Самал-2 шағын ауданы, 2 тамыз 2007 жылғы № 59666/2

Тоқаевтың атында; кадастрлық нөмірі 19-309-095-771 жер учаскесіне жеке меншік құқығына мемлекеттік акт; жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шарты 3 желтоқсан 2009 жылы 8620 реестрлік нөмірмен тіркелген, нотариус Даутовпен куәландырылған Кәріпжанованың қарсы талабы қанағаттандырылмаған. Тоқаевтан және Кәріпжановадан ортақ тең бөлікте мемлекеттің пайдасына 2 598 теңге көлемінде мемлекеттік баж өндірілген.

Апелляциялық сот алқасының қаулысымен аудандық соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Кассациялық өтініште Кәріпжанова сот ісін жүргізу тілі қағидасын, материалдық және процессуалдық нормаларды бұза отырып шығарған соттың актілерінің күшін жоюды сұрады. Кәріпжанова Инспекцияның талабын қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығаруды, қарсы талабын толық қанағаттандыруды сұраған.



ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық және әкімшілік істер бойынша кассациялық сот алқасы шағымдалған сот актілерінің күшін жойып, істі апелляциялық соттың жаңадан қарауына жіберген, ал өтінішті ішінара қанағакттандырған, өйткені егер істі қарау барысында сот ісін жүргізу тілі қағидасы бұзылған болса, онда бірінші сатыдағы соттың шешімі шағымның негізделуіне қарамастан күші жойылуға жатады.

ҚР АПК-нің нормаларына сәйкес, сот ісін жүргізу тілі сотқа талап қою арызы (арыз) берілген тілге байланысты сот ұйғарымымен белгіленеді. Сол бір азаматтық іс бойынша іс жүргізу бастапқы белгіленген сот ісін жүргізу тілінде жүзеге асырылады. Іс материалдарынан анықталғандай, Инспекцияның талабы қазақ тілінде қойылған, өосымша тіркелген құжаттар қазақ тілінде жазылған. 2016 жылғы 8 мамырдағы сот актісімен судья сот ісін жүргізу тілін - қазақ тілі деп белгілеп, арызды іс жүргізуге қабылдаған.



Істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарым қазақ тілінде дайындалған. Судья сот ісін жүргізу тілі – қазақ тілі деп көрсетіп, істі сот талқылауына тағайындау туралы ұйғарым шығарған.

Сот талқылауына дейін үш күн қалғанда сотқа Инспекциядан қазақ тілінде өтініш түскен, онда істі орыс тілінде жүргізу туралы сұраған, бірақ талап арыз орыс тіліне аударылмады. 2016 жылдың 26 маусымында Инспекцияның сот ісін жүргізу тілін қазақ тілінен орыс тіліне ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандыру туралы қазақ тілінде ұйғарым шығарылды. Бірақ, бұл ұйғарыммен Кәріпжанова және оның өкілі Саитов таныспаған. 2016 жылы 26 маусымда Кәріпжановадан орыс тілінде қарсы талап арыз келіп түскен, 2016 жылғы 27 маусымдағы ұйғарыммен сот ісін жүргізуге алғашқы талап арызбен бірге қарауға қабылданды. Бірақ, 2016 жылы 28 маусымда сот отырысының хаттамасы қазақ тілінде жүргізілді. АПК-нің нормаларына сәйкес, сот азаматтық сот ісін жүргізуде сот ісін жүргізу тілін білмейтін адамдарға заң бойынша оларға қажетті іс материалдарының аудармасын тегін қамтамасыз етеді. Сот іске қатысатын адамдарға сотта сөйлейтіндердің басқа тілде сөйлейтін бөлігін сот ісін жүргізу тіліне аударуды тегін қамтамасыз етеді. Сот құжаттары іске қатысушы тұлғаларға олардың ана тіліне аударылып беріледі

Сонымен бірге істе Кәріпжанованың 2016 жылғы 6 маусымдағы талап арызды орыс тіліне аудару туралы өтініші болған, бірақ ол ескерусіз қалдырылған. Кәріпжанованың 2016 жылғы 2 шілдедегі талап арызды аудару АПК-нің нормаларын бұзыла отырып жүзеге асырылмай отырған туралы жазбаша хаты да ескерусіз қалған.

Істе өкіл Саитовтың талап арыздың, оғна тіркелген құжаттардың және судьяның актілерінің орыс тіліндегі аудармасын Кәріпжановаға табыстау туралы өтініші де сотпен ескерусіз қалдырылған.

Апелляциялық сатыдағы сот өкіл Саитовтың шағымының негізделуіне қарамастан ескерусіз қалдырған.

Кассациялық сатыдағы сот келесі қорытындыға келеді: мұндай мән-жайлар болғанда өтініш авторының соттың сот ісін жүргізу тілін бұзуы, қазақ тілін білмейтін жауапкер Кәріпжанованың өтінішін елемеуі туралы негіздері расталып отыр, бұл сот актілерін қайта қарау үшін сөзсіз негіз болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет