Оқушылардың шығармашылық білім дағдысын дамытудағы қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарындағы тиімді тәсілдер



бет1/5
Дата22.08.2020
өлшемі1,41 Mb.
#76424
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
doc1553838571


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Атырау қалалық білім бөлімі

Қалалық педагогикалық оқу


Оқушылардың шығармашылық

білім дағдысын дамытудағы қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарындағы тиімді тәсілдер

Абай атындағы № 15 орта мектебінің

ІI санатты қазақ тілі,

әдебиеті пәні мұғалімі

Ізімова Сәулетай Қуанышқызы

Атырау-2019


Жоспары:

І.Кіріспе бөлім
Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі

ІІ. Негізгі бөлім


1.Ұстаз алдындағы үлкен міндет.
2.Білім берудегі қазақ тілін оқытудың мақсаты
3.Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда қолданылатын тиімді

әдіс-тәсілдер.

ІІІ.Қорытынды бөлім
Мақсатқа жету – ұстаз үлесі.

«Мектепке керегі-білімді,
педагогика әдістемесінен хабардар,
оқыта білетін мұғалім»
Ахмет Байтұрсынов
Тіл адамдардың қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады. Тіл - ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы. Адам тіл арқылы бір-бірімен қатынаса алады. Мемлекеттік тіл - Тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Кез келген егеменді, тәуелсіз елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатыны секілді мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіл де — мемлекеттігіміздің негізгі нышандарының бірі. Біздің Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі» деп жазылған. Ал орыс тілін — ресми тіл және мемлекеттік тілмен бірдей қолданылады деп айтылған. Біз Конституция талаптарын мүлтіксіз орындауға міндеттіміз.

Қазіргі таңда, еліміз өз егемендігін алып, дербес мемлекет ретінде танылуда. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Тілге деген көзқарас, шындап келгенде елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан, оған бей-жай қарамаймыз. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз»-деген болатын. [3]. Мемлекеттік тіл  тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, заңдылығын қатайтты. «Ұлттың сақталуына да, жоғауына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» деген Ахмет Байтұрсыновтың қасиетті қағидасына сүйенсек,  Ата заң аясында бақ-берекетіміздің сақталып отырғаны тіл саясатын да дұрыс жүргізудің жемісі екені анық. Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны.  Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі. Мерейін асыратын да, құтын қашыратын да өзіміз. Отбасы өзіміз де, Отанымыз – Қазақстан! Тіл меңгеруде ата-ананың рөлі ерекше екенін, әр отбасы нәресте кезінен балаға қазақ тілін үйретуді қолға алса, бұл тілдің еш қиындығы жоқ. М.Шахановша айтатын болсам, қазіргі таңда өз тілін өгейсіп, «мәңгүрттеніп» жүргендер көп. Шынында қазақ пен қазақтың, әке мен баланың, әріптестердің жұмыста қазақ тілінде сөйлеспеуін күнделікті көріп, біліп жүрміз. Бірақ қазақ тілі – тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл – ортақ тіліміз. Қазақстанда тұратын, оны Отаным,елім,дерім деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтардың тілі. Елбасымыз айтқандай, «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде». Өзге тілді ұлт мектептеріне қазақ тілін негізгі пәндердің бірі ретінде қою тілді дамытуға жасалған дұрыс қадамдардың бірі деп айтуыма болады.  Себебі, жоғарыда айтып кеткенімдей, өзін Қазақстанның азаматымын деп санайтын әрбір адам мемлекеттік тілді білуі шарт деп ойлаймын.

Мемлекеттік тіл көп ұлтты елдің барлық халқын саяси, мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы. Көп ұлтты Қазақстанда мемлекеттік тіл өз қызметін толық атқаруы үшін Тіл Заңын қабылдау қажет болды.

Осыған сәйкес 1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы» қабылданып, оның 4 бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі» екені жазылған. [1]

Көп ғасырлар бойы баланы оқыту мен тәрбие мәселесі толғандырып келеді. Талай жылдар талқысынан өтіп, өзінің мәнін жойып, мағынасын жоғалтпаған ата-бабаның ұлт тілі бүгінгі ұрпағымыздың төл тілі, халқымның қарым- қатынас тілінің мемлекеттік мәртебеге қол жеткізуі осының айғағы. Біздің пайымдауымызша, қазақ тілі дүние жүзіндегі ең бай, бедерлі де, бейнелі, қастерлі де, қасиетті тілдердің бірі.

Өз алдына егемендігін иеленіп, тұғырлы тәуелсіздікке қол жеткізген қазақ елінің төл тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуы ұлттық мәдениетіміздің алға басуына бірден бір негіз болды. Біздің тіліміз ұрпақ қазынасы, сарқылмас байлығы. Сондықтан мемлекеттік тіл дәрежесіндегі тіл құдіретін келешек ұрпақтың санасына сіңіру, өмірінің айнасына айналдыру бүгінгі өмір талабы.

Бүгінде әлем елдерімен терезесі тең дәрежеге қол жеткізген тәуелсіз Қазақстан Республикасының өркендеп алға басуы елдің саяси-экономикалық жағдайларына ғана емес, оның мемлекеттік тіліміздің дамуына да тікелей байланысты екендігі даусыз. Олай болса, тілді дамытуда атқарылып жатқан істер,әрине, аз емес. Алдымызға қойған міндет пен мақсатты орындау, жетістікке қол жеткізу баршамыздың үлесіміздегі игі істер жетістігі болмақ.Біздің мектебіміз жалпы орта білім беретін қазақ-орыс тілді аралас қала мектебі.

Қазақ тілін оқыту мен үйретудегі орыс тілді мектебінің үлесі қандай? Мемлекеттік Тіл Заңының орындалуына орыс тілді сыныптарының қосып жатқан үлесі қандай? Бар білімнің бастауы әліппеден басталатыны секілді, берілер білімнің бағасы мен болашағы да алтын ұя мектептен басталмақ.

Қастерлі де, қадірлі, ешқашан жойылмайтын,аясы кең, болашағы жарқын ана тілінің қыр-сырын ұғындырып, бар қабілетті өз бойларына жинаған оқушыларды тәрбиелеу ұстаз алдындағы үлкен міндет. Өйткені, әрбір жас шәкірт үшін ана тілінің ірге тасы түпкілікті мектептен қаланады. Сондықтан әліппеден бастау алар, білімнің тіл болашағына жол салатынын бір сәтте естен шығармауға тиіспіз.

«Мектептің тілі бола алмаған тіл ешқашан мемлекеттің де тілі бола алмайтындығы ақиқат» деген сөзді Х.Досмұхамедұлы үлкен даналықпен айта білген.

Олай болса, қазақ тілі әрі таза, әрі бай, ұлт тіліне, мемлекеттің төл тіліне айналдыруды біз өз қолымызбен жасауға тиіспіз.

Қазақ тілі-әлемдік тіл кеңістігінде дара, ғасырлар бойы қазақтардың ұлттық тұтастығы мен бірлігін нығайтуға қызмет етіп келе жатқан тіл.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық тіл, ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» делінген еді.[4]

Мемлекет басшысының Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына жолдауында бірнеше мәселелер қарастырылған, соның мына тармағында былай деген: Орта білім беру жүйесінде негізгі тәсілдер белгіленген, қазіргі кезеңде солардың орындалуына баса назар аударған жөн. 

Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуға тиіс.[5] Бұл мектеп білімін реформалаудың қорытынды кезеңі болады.

Білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделуге тиіс.

Орта мектептердің өзінде балаларды мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеп, кәсіби диагностика жүргізу маңызды.    

Олай болса,білім берудің негізгі сатысында қазақ тілін оқытудың мақсаты да ана тілінің қоғамдық, әлеуметтік мәнін түсінген, тілдің қызметін жүйелі меңгерген, біліктілігі дамыған ұрпақ тәрбиелеу болмақ. Қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеріп, ұрпақ санасына сіңіру жолында Қазақстан Республикасының 1997 жылы 11 шілдедегі №151 бұйрығына сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының Заңының қабылдануы тіл болашағына жасалған алғашқы қадам болды.

Қазақстан Республикасы егемендікке ие болып, өзіне тәуелсіз мемлекет ретінде бүкіл әлемге танытып отырған тұста, ХХІ ғасырдың жаңа бітім болмысы мен талабына сай келетін жан-жақты жетілген жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеуге күш жігерлерін жұмылдыру әрбір ұстаздың, жеке тұлғаның, бүкіл қоғамның өзекті міндетіне айналуы тиіс. Ал мұны жүзеге асыратын бірден бір ұлағатты орта мектеп десек, сол оқу орындарында жан-жақты кемелденген, бойларына парасаттылық пен батылдықты дарытқан ұстаздармен толықтыру кезек күттірмес шара екені даусыз.Осы орайда болашақ ұстаздарды тың білім үрдістерімен қаруландыру, сабақ өткізудің соңғы тәсілдерін мектептерге кең көлемде енгізу, сол арқылы білім сапасын арттыру қажет болып отыр.Қай кезеңде, қай заманда болмасын мектептегі басты тұлға мұғалім десек, дүниежүзілік даму деңгейінен кем түспейтін иық тірестіре алатын, алған білім мен тәрбиелік қазынасын туған еліне, адамзат игілігіне жұмсай алатын қазақтың ой танымының иесі, саналы азаматты жетілдіруге үлес қосатын қазақ тілін оқыту процесі, оны ұйымдастырушы мұғалімге жауапты міндет жүктеледі. Сонау ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру-үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол-жаңадан жаңаны табатын өнер» деген екен.

Тіл заңының орындалып, қазақ тілін меңгерту мақсатында әр тұлға өзінше жұмыстанып, үлес қосуда. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы мемлекеттік саяси ұстанымдарына, білім беру ұйымдарына, пән мұғалімдеріне оқытудың жаңа технологиясын қолдану мүмкіндігі берілді.

Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелегіміз келсе, барлық күш жігерімізді мектептердің білім сапасын арттыру үшін жұмылдыруымыз керек. Ол үшін оқу- тәрбие үрдісінің сапасын арттыратын жаңа технологиялар, әдіс-тәсілдер қажет. «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек.Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, барша ұстаз қазіргі заман талабына сай білім беруі тиіс деген ойдамын.

Қазақтың болашағын тәрбиелеу мен білім беру ісінде әлемдік стандартқа сай білім беруді ту қылып ұстансақ қателеспейміз деген пікірдемін.

Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілі мен әдебиет пәнін бүгінгі заман талабына сай меңгерту, мұғалімнен үлкен ізденісті, шығармашылықты қажет етіп отыр. Оқушының сапалы білімін жолға қоюда заман талабына сай әдіс-тәсілдерді қолданып, жаңа технологияны меңгеруі мұғалім шеберлігін,ізденісін танытады. Оқытудың дамыту функциясы оқушы тұлғасын жетілдіруге бағытталған арнайы дайындалған кейбір оқыту технологиясында, әдістемелік жүйелері мен әдістерде жүзеге асырылады. Міне, осы орайда 2008 жылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы, 2010 жылы Н.Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясы бойынша курстан өтіп, жаңа технология әдістерін өзім дәріс беретін сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде қолданып келемін. [6]

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан дамыту бағдарламасының қазіргі таңда білімді меңгеру, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу, ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу, мәселені шешу, пікірталасты жүргізе білу қабілеті қалыптасады.

Осы бағытта әр сабағымның барысында қолданылатын «Ыстық орындық», «Миға шабуыл», «Кластер», «Стикердегі диалог», «Көк диван», «Әңгіме кестесі», «INSERT кестесі», «Қар кесегі» , «Шеңбердегі доп», «Ыстық орындық»,«Балық қаңқасы» тағы басқа әдістерімен жұмыс жүргізудің оқушыға үйретерінің көп екендігіне анық көз жеткіздім. Атап айтсам:





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет