Оқушылардың шығармашылық білім дағдысын дамытудағы қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарындағы тиімді тәсілдер


-сыныптағы Шоқан Уәлихановтың «Жоңғария очерктері» тақырыбындағы сабағымда «Шеңбердегі доп» әдісін қолдану арқылы да оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырамын



бет3/5
Дата22.08.2020
өлшемі1,41 Mb.
#76424
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
doc1553838571

6-сыныптағы Шоқан Уәлихановтың «Жоңғария очерктері» тақырыбындағы сабағымда «Шеңбердегі доп» әдісін қолдану арқылы да оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырамын. Оқушылар шеңберлене отырып, бір-біріне кішкене допты лақтырады.  Доп қолына тиген оқушы жаңа білім туралы  бір сөйлем айтады.(Шоқан-ғалым.. т.б)

6 –сыныптағы «Менің өлкемнің табиғаты» тақырыбында да «Ыстық орындық»  әдісін қолдандым. Мұнда бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады.Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады. (сен тұратын өлкенің табиғаты қандай? Табиғат туралы қандай мақал-мәтелдер білесің?)                 

«Балық қаңқасы»



«Балық қаңқасы» әдісі арқылы мәтіннен көркемдегіш құралдарды талдап, автор стилін анықтайды.

Орындалу барысы:басына – шығарманың тақырыбын, үстіңгі сүйектеріне- мәтіннің ішіндегі көркемдегіш құралдардың түрлерін, астыңғы сүйектеріне – үзінді арқылы дәлелін, құйрығына- шығарма тілі жайлы оқушының ойын жазылады. Қаңқадағы жазулар қысқа болу керек. Олар тірек сөздерден немесе тақырыптың негізгі ойын ашатын фразалық сөздерден болуы мүмкін.Бұл әдісті әдебиет сабақтарында әдеби шығарманы оқығанда өте тиімді әдіс болып табылатынына көзім жетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет