Ситуациялық есептер шығару және оқытушыға тексеруге жіберу. Есептерді міндетті түрде заңдылық нормаларға (Қр конституциясы, Кодекстер, заңдар) сәйкес шығару керек



бет6/20
Дата19.12.2021
өлшемі214,03 Kb.
#103438
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
680698496444 Тапсырмалар 1-15 АІЖҚ

1. Азаматтық сот ісін жүргізудегі ведомстволықтың мәні мен мағынасын ашыңыз.

2. Азаматтық істің сотқа ведомстволығы неге талап қою

құқығының алғышартына жатқызылады?

3. Мамандандырылған ауданарылық экономикалық сотта азаматтық істі қозғау заңды болды ма?

4. Осы азаматтық істі қозғаған соттың соттық қатесін істі сот талқылауына дайындау сатысында және сот талқылауы сатысында қалай жөндеуге болады?

5. Осы соттық қатені жоғары тұрған сотпен қалай жөндеуге болады?
Ұсынылатын қайнар көздері:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы Конституция 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K950001000_

  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ. // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000377

  3. Потапова А.А. Гражданское процессуальное право. Конспект лекций: учебное пособие. - Издательство: Проспект, 2017. – 112 с.

  4. Рамазанова А.С. ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы: оқу құралы. Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Берел» баспасы, 2019. – 134 б.


Тақырып 6. Соттық дәлелдеу және дәлелдемелер

1 тапсырма Соттық дәлелдеудің ұғымы, мақсаты. Соттық дәлелдеу субъектілері атты кесте жасаңыз.

2 тапсырма Ситуациялық есептер шығару және оқытушыға тексеруге жіберу. Есептерді міндетті түрде заңдылық нормаларға (ҚР Конституциясы, Кодекстер, заңдар) сәйкес шығару керек!
Ситуацилық есептер (кейс/шағын кейстер).

Есеп. Талап қоюшы Абдыкаримов К.К. жауапкер - «Инженерлік корпорация» ЖШС-не үстеме жұмыс үшін, түнгі уақыттағы жұмысы үшін, демалыс және мейрам күндері жұмыс жасағаны үшін жалақыны өндіру туралы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі негізге алына отырып төленуге тиісті жалақыны қайта есептеу туралы, өкілдің қызметіне 1 .235.100 теңге мөлшерінде ақы төлеу туралы талап арыз қойып сотқа жолданды. Сонымен бірге жауапкерден сот шығыстарын - сотқа келуіне байланысты шыққан жолақысын 13000 теңге көлемінде өндіруді сұрады.

2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 236-л бұйрығына сәйкес Абдыкаримов К.К. 2014 жылғы 27 қыркүйектен бастап мұнаралы кранның жүргізушісі лауазымына жеке еңбек шартына сйәкес үш ай сынақ мерзімімен штаттық кестеге сәйкес ай сайынғы жалақыға жұмысқа алынған.

2014 жылғы 1 сәуірдегі «Инженерлік корпорация» ЖШС-нің Бас директоры бекіткен штаттық кестеге сәйкес мұнаралы кранның жүргізушісінің айлық ақысы 60 000 теңгені құрайды.

2014 жылғы 1 қазандағы штаттық кестеге қосымша бойынша мұнаралы кранның жүргізушісінің айлық ақысы 56250 теңгені құрайды және дербес үстемеақы 18750 теңгені құрайды.

Сенімгерлікпен басқарушы О.-ның бекіткен 2015 жылғы 1 ақпандағы штаттық кестесіне сәйкес К.К.Абдыкаримовтың жалақысы 2015 жылдың 1 ақпанынан бастап 2016 жылдың 31 қаңтарына дейін 82500 теңге мөлшерінде бекітілген (Жеке еңбек шарты 1.02.2015 ж. жасалған).



Шарттың 1.1 пунктінде серіктестік штаттық кестеге, Еңбек ақысын төлеу туралы ішкі ережеге сәйкес қызметкердің еңбек ақысын уақытылы төлеуге міндеттенеді. Шарттың 3.1 п. сәйкес, серіктестік жұмыс аптасының ұзақтығы туралы бұйрыққа сәйкес жұмыс уақытының кестесін бекітеді.

«Инженерлік корпорация» ЖШС-нің Бас директорының 2013 жылғы 1 қарашадағы №2 «Жұмыс аптасының ұзақтығы туралы» бұйрығына сәйкес, өндірістік қажеттілік бойынша бөлім басшылары, прорабтар, шеберлер, маханиктер, электр-инженерлері, геодезия инженерлері, сапа бойынша инженер, диспетчер, жүргізушілер, электриктер, слесарлар, кешені құрылыс бригадаларының жұмысшылары үшін 2013 жылдың 1 қарашасынан бастап алты күндік жұмыс уақыты бір демалыс күнімен, жеті сағаттық жұмыс күні дүйсенбіден-жұмаға дейін және бес сағаттық жұмыс күні сенбі күні, күнсайынғы түскі үзіліс бір сағатқа белгіленген.

Сотта жауапкердің өкілі жұмыс берушімен жұмыс уақыты Т-16 үлгі табелі бойынша жүргізілді деп түсіндірді.



Талапкердің түсінігі бойынша, Бөкейхан көшесіндегі құрылыста КБ-408.21 мұнаралы кранында бар болғаны екі кран жүргізушісі жұмыс істеген. Өндірістік үрдісті тоқтатпау үшін олар күн сайын 11 сағат жұмыс істеген, ал сменаны ауыстыру барысында тәулігіне 17 сағат жұмыс істеп, демалыссыз және мереке күндерінде демалмастан еңбек еткен. Объектіде құрылыс тәулік бойы жүргізілген.

Жауапкердің өкілі сотта берген түсінігінде талапкер жұмыс жасаған объектіде екі кран болғанын және олардың әрқайсысында екі жүргізушіден жұмыс істегенін растады.



Талапкердің талабын негіздей үшін сотқа дәлелдеме ретінде 2014 жылдың қазан, қараша, желтоқсан айлары, 2015 жылдың қаңтар, ақпан, наурыз айлары бойынша ауысымдық есептердің ксерокөшірмелері табысталған. 2014 жылдың қазан айы мен 2015 жылдың қаңтар айындағы ауысымдық есептерде серіктестіктің мөрі қойылған.

Жауапкердің өкілі сотқа ауысымдық есептің түпнұсақаларын тапсырмады, себебі аталған есептер кәсіпорында жоқ, сондай-ақ олар талапкердің жұмыс істеу ұзақтығын куәландыра алмайды деп есептейді. Өйткені, бұл құжаттар серіктестік құрал-жабдықтарды басқа ұйымдарған жалға берген кезде, жалдау уақытын есепке алу және жалдау ақысын есептеу үшін толтырылады екен.



Жауапкер-Директор Д. Сот отырысында түсіндіргендей, кәсіпорын үстеме жұмысы үшін, мереке және демалыс күндері жұмыс жасағаны үшін жалақысын төлер еді, егер ауысымдық есепте серіктестіктің мөрі қойылған болса, бірақ әрбір жұмысшы жасаған жұмысын есепке алып отыру үшін өзі ауысымдық есеп жүргізуін де жоққа шығармады.

Талапкер дәлелдемені қамтамасыз ету мақсатында жауапкерден кран жүргізушісінің жұмысы тіркелетін 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап 2015 жылдың мамыр айына дейін КБ-408.21 кранына жүргізілген журналды жауапкерден талап етіп алдырту туралы сотқа өтініш берді. Жауапкер соттың талабын орындай алмады және кран жүргізушінің вахталық журналы қажет болмағандықтан жойылды деп сотқа табыстай алмайтынан айтты.

Куә ретінде сот отырысында айғақ берген куәлар В., Л., К. талапкердің үстеме жұмысқа, демалыс күндері, түнгі уақтта жұмысқа жұмылдырылғаны туралы талаптың негіздеулерін растады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет