Ситуациялық есептер шығару және оқытушыға тексеруге жіберу. Есептерді міндетті түрде заңдылық нормаларға (Қр конституциясы, Кодекстер, заңдар) сәйкес шығару керек



бет9/20
Дата19.12.2021
өлшемі214,03 Kb.
#103438
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
Байланысты:
680698496444 Тапсырмалар 1-15 АІЖҚ

Тақырып 8. Істі сот талқылауына дайындау. Азаматтық іс жүргізудегі татуластыру рәсімдері
1 тапсырма «Медиация дауларды шешудің балама тәсілдерінің бір түрі ретінде», «Партисипативтік рәсімнің ұғымы және мәнісі» атты баяндама жасау

2 тапсырма Ситуациялық есептер шығару және оқытушыға тексеруге жіберу. Есептерді міндетті түрде заңдылық нормаларға (ҚР Конституциясы, Кодекстер, заңдар) сәйкес шығару керек!
Ситуацилық есептер (кейс/шағын кейстер).

1 есеп. Кәмелетке толмағандардың ісі бойынша комиссия В.П. Баратовты 2 жас пен 6 жас аралығындағы үш баласына қатысты ата- аналық құқықтан айыру туралы арызбен сотқа жолданды. Комиссия іс бойынша куәлар ретінде И.В. Юрараев пен Д.Т. Баратовты шақыру туралы өтініш түсірді. Істі сот талқылауына дайындау кезінде анықталғандай, Баратов Д.Т. жоғарыда аталған балалардың әкесі болып табылатыны белгілі болды. Сот не істеуі керек?

2 есеп. «Алмаз» АҚ тауар жеткізілімі бойынша сатылған өнім үшін қарызды «Азимут» ЖШС-нен өндіру туралы дауды қарау туралы арызбен төрелікке жолданды. Екі тараптың арасында жасалған тауар жеткізілімі туралы шартта осы дауды төрелікке беруге жол беретін жағдай қарастырылғандықтан, іс қарауға қабылданды. Тараптар төреліктің құрамын бекіткен соң, «Азимут» ЖШС дауды төрелікте әрі қарай қарамастан, дауды медиатордың «көмегімен реттеу туралы «Алмаз» АҚ-на ұсыныс жасап жолданды.

«Алмаз» АҚ «Азимут» ЖШС-нің ұсынысымен келісті және құқықтық дауды одан әрі төрелікте қараудан бас тартатынын мәлімдеді. Төрелік істі тоқтату туралы қаулы шығарды.

Медиация рәсімінің нәтижелері бойынша «Азимут» ЖШС даулы соманы «Алмаз» АҚ-на төлеуден бас тартты.



«Алмаз» АҚ Алматы қаласы Алмалы аудандық сотына жеткізілген тауар үшін қарызды өндіру туралы талап қойып жолданды. Алмалы соты талап арызды қарауына қабылдады. Талап арызға берілген пікірде «Азимут» ЖШС келесідей атап көрсетті: шартта төрелік сотта дауды қарау туралы қарастырғандықтан «Алмаз» АҚ өз құқығын сотта қорғаудан бас тартқан, ал дауды төрелікте қараудан өз еркімен бас тартты, сол себепті бұл іс сотта қарауға жатпайды.

«Алмаз» АҚ қарсылық білдіріп, дауды төрелікте қараудың орнына медиация рәсімін пайдаланғанын, бірақ оңды нәтиже бермегенін атап көрсетті. Медиация дауды шешудің тәртібіне жатпайтын болғандықтан, мұндай тәсілді пайдаланған тарап сотқа жолдану құқығынан айырылмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет