Сіз білетіндей екі компьютер бір желіге жалғануы үшін олар бір бірін түсінуі қажет. Олар бір бірімен бір тілде сөйлесуі керек, яғни бір бірімен анықталған форматтағы сигналдармен алмасуы керек



Дата12.03.2018
өлшемі4,24 Mb.
#38748


КІРІСПЕ
Сіз білетіндей екі компьютер бір желіге жалғануы үшін олар бір – бірін түсінуі қажет. Олар бір – бірімен бір тілде сөйлесуі керек, яғни бір – бірімен анықталған форматтағы сигналдармен алмасуы керек. Мұндай қатал анықталған және стандартта белгіленген сигналдар форматы протокол деп аталады. Протоколдар физикалық болып (дәрежелер және линиядағы сигналдардың формасы, линияның өзінің параметрлері, қабылдап беретін құрылғылар: желілік карталар, модемдер және т.б. ) және логикалық (Желі арқылы жіберілетін мәліметтер форматы, информацияны қысудың алгоритмдері , кедергіден қорғау және беріктікті қамтамасыз ету, компьтерлердің атын өзгертудің әдістері) желінің мінездері. Протоколдар төменгі дәрежелі және жоғарғы дәрежелі болып бөлінеді. Негізінен физикалық протоколдар – төменгі дәрежелі, ал логикалық протоколдар – жоғарғы дәрежелі болып саналады. Жоғарғы дәрежелі протоколдарың базасын төменгі дәрежелі протоколдар құрайды.

Сонымен IP – протоколы төменгі дәрежелі болып табылады. Ол бүкіл әлемдік желінің электрлік параметрлерін сипаттайды және онда берілетін логикалық сигналдардың параметрлерін көрсетеді. IP – адрес информация пакет арқылы беріліп жатқанын және ондағы әрбір пакеттің жіберушісі мен қабылдаушысы бар екенін бақылайды. IP протоколы өте жоғарғы дәрежелі TCP(Transfer Control Protocol – мәліметтерді беру протоколы) протоколының базасын құрайды. Ол кедергіден қорғаудың әдістерін анықтайды және мәліметтермен бірге берілетін қосымша информацияны.

HTML – документтері HTTP (Hyper Text Transfer Protocol – гипертекстті беруді жүзеге асыратын протокол) протоколын қолданып жібереді. Бұл протокол жоғарғы дәрежедегі протокол. Өте көп мәліметтер структурасын басқарады. Бұл протоколдың көмегімен Web – көрсеткіштер мен Web – серверлер бір – бірімен сұхбаттасуға мүмкіндік алды. Web – көрсеткіштер қолданушылардан документті алатын Web – сервердің адресін қабылдайды, содан соң серверге HTTP – сұраныс жібереді. Web – сервер дисктерден сұраныс бойынша тапсырманы іздейді және ол мәлімет табылса сол адрес сұраныс берушіге жібереді.

Менің дипломдық жобамның тақырыбы «HTML тілінде “Математикалық логика” электрондық оқулық құру» болып табылады. Мен ол үшін ең алдымен HTML ортасы туралы барлық мәліметті жинадым, содан соң оны өңдедім, ықшамдадым. Содан кейінгі кезекте электрондық оқулықтың лекциясын НТМL тіліне аударып, оны да өңдедім. Содан соң барып мұны жүйелі түрде программаға енгізуге кірістім. Ол үшін таблицалар мен фреймдер құрдым, сонымен қатар гиперсілтемелер құрдым. Бір – бірімен байланысқан сілтемелер құрылды. Оның әрқайсысының аты бар және сол гиперсілтеме сілтеген беттің бәріне мәліметпен толтырдым , яғни лекция тақырыбы, тесттер деген пункттер бар. Мысалы үшін лекция тақырыбы деген пунктінде лекция толық қамтылған және олардың қызметтерімен таныстырылған. Және де тест деген пунктінде тест бағдарламасының жұмыс істеу принципі ашып көрсетілген



1 HTML тілі туралы түсінік

1.1 Алғашқы Web – беттің мысалы

Ең алдымен HTML – тілін үйрену үшін мысалы бар тексттерді html кеңейтілулері бар файлдарда сақтаймыз. Негізінен HTML – файлдардың html немесе htm деген кеңейтілулері болады. Бірінші кеңету MS DOS – тың мақұлдауын қанағаттандырады. Екінші сәл болса оңайырақ келеді. Екі кеңейтуді де қолдана беруге болады. Байқағанымыздай HTML – документ адам тіліндегідей тілде жазылады, бірақ түсініксіз сөздермен жазылады. Одан да мысал келтіріп көрейік:







<p>Алғашқы Web – бет </p> <br /> <br />





Алғашқы Web – беттің мысалы






Бұл Web – бет алғашқы құрған мысал болып табылады. Осылай кішкене беттермен құра бастап, үйрене де түсеміз. Бұл мысалды міндетті түрде html немесе htm кеңейтулі файлда сақтау керек екенін ұмытпаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет