Сізді бүгінгі есте қаларлық ереулі мерекеңізбен өте әдемі әрі мәнді



Дата06.06.2023
өлшемі1,23 Mb.
#178340
Байланысты:
Doc1



Сізді бүгінгі есте қаларлық ереулі мерекеңізбен – өте әдемі әрі мәнді 50 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Осындай қиын әрі қызық қызметіңізге, Сізге қасқырдың қайратын, арыстанның айбатын, жылқының сақтығын, бүркіттің қырағылығын, сондай-ақ ұстаздық жұмысын ең жоғары дәрежеге жеткізуде табандылық пен табыс тілейміз! Арманның ажарында, бақыттың базарында күліп-ойнап, көпшіліктің алғысы мен құрметіне бөленіңіз. Мәңгі жастық қалпыңызды сақтап, ұзақ жасай беріңіз. Өмірден мол тәжірибе жинақтап, жас мамандарды тәрбиелеп, еңбек жолына бағыт беріп, бізге – ұстаз, ақылшы, көмекші болып отырсыз. Осы қалпыңыздан таймай, асулардан асып, берекеңіз тасып, ата жолынан айнымай, жұбайыңызбен бірге балаларыңыздың қызығын көріңіз. Осы пәниде Сізге тек қана жақсылық тілейміз! Отбасыңыз берекелі болсын! Бүгінгі туған күніңіз құтты болсын!



Әріптестерге биік тұлға – ұстазсыз.
Қуанамыз өзіңізбен біз бүгін
Шықсын ылғи алдыңыздан ізгі күн.
Алғы күннен күтер әркім жақсы үміт,
Келе берсін Сізге ылғи бақ күліп.
Шаттықпенен көріп таңның арайын,
Жаратушы төксін игі жақсылық.
Ақ тілекті ақтарамыз жүректен.
Қуанышта көңіл шіркін дір еткен.
Туылған күн құтты болсын деп бүгін,
Өзіңізге үн қосамыз тілекпен!


ТУҒАН КҮНІҢІЗБЕН!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет