Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
д.м. сЕРІКБАЕВ АТЫНДАҒЫ Шығыс ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Г.Н. Қонарбаева
ЖОЛ ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ҚОЗҒАЛЫС ҚАУІПСІЗДІГІ
5В090100 «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығының студенттері үшін тәжірибелік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау
Өскемен
2014
УДК 625.7/8.004
Қонарбаева Г.Н. Жол шарттары және қозғалыс қауіпсіздігі: 5В090100 «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығының студенттері үшін тәжірибелік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау/Г.Н.Қонарбаева / ШҚМТУ. - Өскемен, 2014. - 34 с.
Бұл әдістемелік нұсқауда тәжірибелік жұмыстарды орындауға арналған керекті теориялық мәліметтер берілген.
Машина жасау және көлік факультетінің әдістемелік кеңесі бекіткен
№____ Хаттама _________________2014 ж.
© Д.Серiкбаев атындағы Шығыс
Қазақстан мемлекеттiк техникалық
университетi, 2014
Әдістемелік нұсқау «Көлік және логистика» кафедрасында 5В090100 – Тасымалдауды, жүрісті ұйымдастыру және көлікті пайдалану мамандығы бойынша оқитын студенттерге мемлекеттiк жалпы бiлiм беру стандартының үлгi қалып негiзiнде жасалды
Көлік және логистика кафедрасының отырысында талқыланды
Кафедра меңгерушісі В. Вдовин
№____ Хаттама ________________2014ж.
Машина жасау және көлік факультетiнiң оқу-әдiстемелiк кеңесі бекiткен
Кеңес төрағасы В. Вавилов
№____Хаттама _________________2011ж.
Құрастырғандар
Оқытушы Г. Қонарбаева
Нормобақылаушы Т. Тютюнькова
Қазақстан Республикасының Министерство
Білім және ғылым образования и науки
министрлігі Республики Казахстан
Д. Серікбаев атындағы ВКГТУ
ШҚМТУ им. Д. Серикбаева
БЕКІТЕМІН
МжК факультетінің деканы
___________М.В.Дудкин
___________________2014 ж.
ЖОЛ ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ҚОЗҒАЛЫС ҚАУІПСІЗДІГІ
5В090100 «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығының студенттері үшін тәжірибелік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау
ДОРОЖНЫЕ УСЛОВИЯ И БЕЗОПАСНОСТЬ ДВИЖЕНИЯ
Методическое указания по выполнению практических работ для студентов специальности 5В090100 – Организация перевозок, движения и эксплуатация транспорта
Өскемен
Усть-Каменогорск
2014
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 6
1 ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС
«Ілінісу еселігін анықтау әдісі және ППК МАДИ қолайлы аспабының көмегімен жол жамылғысының сырғанақтығын бағалау» 7
2 ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС
«Жол жамылғысының кедір-бұдырлығын анықтау және бағалау 14
3 ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС
«Жол жамылғысының тегістігін анықтау және бағалау» 18
4 ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС
«Автомобиль жол жамылғысының беріктілігін анықтау және бағалау» 22
5 ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС
«Трассадағы жалғыз автомобильдің қозғалыс жылдамыдығын анықтау және қозғалыс жылдамдығының сызықтық графигін тұрғызу» 30
Қолданылған әдебиеттер 34
КІРІСПЕ
Тәжірибелік жұмыстың мақсаты “Жол шарттары және қозғалыс қауіпсіздігі” пәні дәрістерінің теориялық негізін бекіту, автомобиль жолының көліктік-пайдалану көрсеткіштерін зерттеуде қолданылатын әдістер мен аспаптарды қолдануды үйрену.
Тәжірибелік жұмыстардың алдында студенттер өз бетімен қажетті дәрістерді, оқулықтар мен әдістемелік нұсқауларды міндетті түрде оқып қарастырулары тиіс. Тақырыптарды тереңірек түсіну үшін әдістемелік нұсқаудың соңында пайданылатын әдебитеттер тізімі берілген.
А қосымшасында студенттерге есеп беруді толтыруға және орындалған жұмысты қорғауға бірыңғай талаптар қойылған. Әрбір студент барлық жұмысқа арналған, алғашқы титул беті бар дәптер бастауға міндетті. (Б қосымшасы).
1 ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС
«ІЛІНІСУ ЕСЕЛІГІН АНЫҚТАУ ӘДІСІ ЖӘНЕ ППК МАДИ ҚОЛАЙЛЫ АСПАБЫ КӨМЕГІМЕН ЖОЛ ЖАМЫЛҒЫСЫНЫҢ СЫРҒАНАҚТЫҒЫН БАҒАЛАУ»
Жұмыстың мақсаты
Жол жамылғысының ілінісу еселігін анықтау және ППК МАДИ қолайлы аспабының көмегімен жол жамылғысының сырғанақтығын бағалау.
1.2 Қысқаша теориялық мағлұмат
Ілінісу еселігі жол жамылғысының сырғанақтығының белгісі болып табылады. Жол-көлік оқиғасының ауыр салдарының алғашқы себебі жамылғы мен доңғалақ шинасының арасындағы ілінісу кемшілігінен болады.
Ілінісу еселігі φ – доңғалақ тоғынындағы тарту күшінің максималды мәнінің автомобильдің ілінісу салмағына қатынасы. Қозғалыс тәртібіне байланысты ілінісу еселігін келесі түрлерге бөлуге болады:
φ – домалау жазықтығында сырғанамай, тайғанамай қозғалу;
φ1 – домалау жазықтығында сырғанап, тайғанақтап қозғалу (бойлық ілінісу еселігі);
φ2 – жанынан қар басып қалған кезде (көлденең ілінісу еселігі).
Барлық үш еселік автомобиль қозғалысының әртүрлі тәртібіне жатады. Олардың абсолютті мөлшері және сипаты жағынан айырмашылықтары бар. φ-дің мәні қозғалыс жылдамдығына, жамылғының түрі, күйі, кедір-бұдырлығына, протектор суретіне, доңғалақтағы түскен жүкке, тежеу режіміне байланысты.
Кесте 1.1 – Қозғалыс жылдамдығына, жамылғының түріне байланысты φ-дің мәні
Жамылғының
күйі
|
Қозғалыс
шарты
|
φ(60км/сағ жылдамдықта)
|
Құрғақ, таза
|
Ерекше қолайлы
|
0,7
|
Жоғарыдағыдай
|
Қалыпты
|
0,5
|
Ылғалды, кір
|
Қолайсыз
|
0,3
|
Мұзды
|
Ерекше қолайсыз
|
0,1-0,2
|
Жүргізушілерге қауіпсіз қозғалыс тәртібін ұсынуда, сондай ақ ілінісу сапасы төмен телімдерді білуде, ілінісу еселігінің мәні туралы мәліметтерді білу қажет.
Ілінісу еселігін қолайлы (аз габаритті) аспап немесе динамометрді арбашық арқылы өлшейді.
Сурет 1.1 – Жол жамылғысының ілінісу қасиетін бағалауға арналған қолайлы аспаптар
Маятникті аспап басқа аспаптар мен салыстырғанда, пайдалануға қарапайым тез өлшеуге мүмкіндік береді. Мұндай аспап Великобританияның көлік және жол зерттеу зертханасында кең таралған.
Маятниктегі үлгідегі қолайлы аспаптың кемшілігі имитаторлы шинаның жамылғы мен түйіспесі аз ауданды қамтиды, үйкеліс ауыспалы және аз жылдамдықпен жүзеге асады.
МАДИ-да өңделіп шығарылған ротационды үлгідегі қолайлы аспаптың да өз кемшіліктері бар.
Бұл аспаптың маятникті үлгідегі аспаппен салыстырғанда негізгі артықшылығы жол бетінің шина үлгісімен үлкен жол ұзындығында түйісуі және үлгінің үлкен жылдамдықты қозғалыста болуы, сонымен қатар өлшеу тезділігі (5 мин).
Соққылы әрекет аспабы жүкті жіберу энергиясын қолдану арқылы резеңкелі имитаторлы шинаның орын ауыстыруына негізделген.
Аспап итергіш тартқышты резеңкелі имитатор және жылжымалы жалғастырғышпен қосып тұратын топсадан, екі резеңкелі имитатордан, жоғарғы бөлігінде құрылысын бекітіп тұратын тірек қарнағынан, серіппелі тығырықпен тіркелетін жүк түсіргіштен, сонымен қатар: екі тартатын, бір орталық, яғни 3 серіппеден тұрады. Батырманы (кнопканы) басқан кезде топса және жол жамылғысында итергіш тартқыш имитаторды жылжыту көмегімен түсіргіш құрылысындағы жүк төмен қарай құлап, жылжымалы жалғастырғышқа соғылады. Имитатордың соңғы ауыстырылуы жамылғының тайғақтығын сипаттайды.
Ілінісу еселігін өлшеу үшін әртүрлі құрылымдағы динамометрлі тіркемелер қолданылады. Динамометр тіркеме МАДИ-8 ең әмбебап болып табылады. Бұл тіркеме доңғалақ қондырғысының әртүрлі бұрышындағы ілінісу еселігін өлшеуге мүмкіндік береді. Динамометрлік тіркемеде 6,45 – 13 өлшемді, 60 км/сағ қозғалыс жылдамдықтағы, доңғалаққа түскен жүк 3000 Н және судың жұқа қабығы 1 мм қалыңдықтағы тегіс протекторлы шина қолданады.
Динамометрлік тіркеме жоқ болған кезде жол жамылғысының сырғанау дәрежесін ылғалды жамылғыда («Волга» Газ 24) автомобильді тежеу әдісімен бағалайды. Мұндай жағдайда ілінісу еселігін тежеуіш жол ұзындығы бойынша есептейді:
1=, (1.1)
мұндағы V - тежеудің алғашқы жылдамдығы, км\сағ;
ST – тежеу жолының ұзындығы, м.
Тежеу жолын негізінен желсіз, қозғалыс жоқ, тура көлденең телімде орындайды. Автомобиль шинасының протектор суреттері тозбаған және барлық доңғалақтарда толық және бір мезгілде тежеуді қамтамасыз ететін тежеуіш жүйесі реттелген болу керек. Спидометр қозғалыс жылдамдығын 5,0 км/сағ-қа (дәлдікпен) дейінгі дәлдікпен анықтау қажет.
Автомобильді тежеуіш телімінде жылдамдығын 40 км/сағ-қа дейін үдетіп, шұғыл тежейді. Тежеуіш жол ұзындығын жамылғы бетінде қалған іздер арқылы ұзындық өлшейтін рулеткамен өлшейді. Бояу және ұнтақпен (құрғақ бояу) оқталған пистолет-ракетникпен жабдықталған автомобильмен тура дәлдікте өлшеуге болады. Пистолет-ракетник тежеуіш басқышымен байланысты, басқышты басқан кезде жүргіншілер жолында белгілер пайда болады.
Сонымен қатар 1 секунд ішінде шұғыл тежеу кездегі автомобильдің өлшенген үдеуі арқылы децелерометрдің көмегімен ілінісу еселігін анықтауға болады:
, (1.2)
мұндағы а – автомобильдің үдеуі, м\с2;
g – еркін түсу удеуі, м\с2.
Өлшеу ылғалды жамылғыда өткізіледі. Баяулату мәні орташа 4-5 тежеуден алынады.
Жол жамылғысының сырғанақтығын бағалаудың қорытынды мәліметі болып ілінісу еселігінің сызықтық графигі болып табылады.
Жолды ілінісу еселігінің ең аз мәні 0,35 болғанда пайдалануға рұқсат етіледі. Жол құрылысында ілінісу еселігінің 0,6 болуын қамтамасыз ету керек.
Ілінісу еселігін жоғарылыту мақсатында жоғары кедір-бұдырлықты қамтамасыз ететін немесе жолдың бетінен тез суды өткізуге мүмкіндік туғызатын жамылғы жасау үшін жол бетінде өңдеулер жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |