1.3 ППК – МАДИ аспабының әрекет ету принціпі
Бәрімізге белгілі ылғалды жол жамылғысымен сырғанаған доңғалақтың түйіспесін 3 аумаққа (зонаға) бөлуге болады: дымқыл, жартылай құрғақ, және құрғақ өзара әрекеттесу. Әдетте түйіспені 3 аумаққа бөлу қозғалыс жылдамдығы арқылы бақыланады. Тегіс протекторлы шина сырғанау кезде 3 аймақтық құрылуы 60 км/сағ-қа дейінгі қозғалыс жылдамдықта пайда болады. Осыдан соң доңғалақтың жол жамылғысымен ілінісу еселігінің жиынтығы құрғақ аумаққа іске асқан аумақтың аудан өлшемімен еселік шамасының қатанасымен анықталады. Аумақ өлшемі қатынасы негізінде оның макро кедір-бұдырлығына байланысты жамылғы бетінің дренаждық қасиетімен анықталады. Кедір-бұдырлы жол жамылғыда су өткізу тез өтеді де, дымқыл аумақтың ауданы үлкен емес, тегіс беттегі жамылғыда дымқыл аумақтың ауданы елеулі үлкен болады. Құрғақ аумақта ілінісу еселігінің шамасы негізінде жол бетінің микро кедір-бұдырына байланысты, уйкелу фрикционды қасиеттермен анықталады.
ППК-МАДИ қолайлы аспабында имитатор соққылы импульс әсерімен жол жамылғысына қысылады, оның бетімен сырғиды. Бірінші мезгілде имитатор судың жұқа қабығымен әрекеттеседі, содан кейн оның түйіспе аумағында сығылуынан жартылай құрғақ және құрғақ аумақтар байқалады. Күш импульс шамасының тұрақты әсерімен сырғанаудың жалпы жолы жамылғының үйнетүзімді және дренажды қасиетін анықтайды.
Құлаған жүк аспаптың жұмысы барысында қарнақтың сыртқы бетімен сырғанау мойынтірегіне орналасады. Жүк қарнақтың жоғарғы бөлігінде құрастырылған түсіру механизімінде бастапқы орнында тұрады. Өлшеу кезінде түсіру механизіміндегі батырманы басу арқылы жүк босатылады да, қарнақ үстімен сырғанайды. Қарнақтың төменгі тұсында (құбырында) бойлық ілінісу еселігінің межелігі (шкала) енгізілген. Межелікте өлшеуіш тығырық орналасқан. Құлаған жүктің соққысымен ілінісу еселігі анықталады.
1.4 Жол жамылғысының ілінісу еселігін өлшеу әдісін орындау
1 Ілінісу еселігін өлшеу үшін аспапты жол жамылғысына орнатады. Ол үшін аспап қарнағының төменгі құбырын төлнектің астына тіреуіш ретінде қояды да, қойылған орнында самынмен (гайка) бекітеді. Содан соң қарнақтың ортаңғы тірек құбыры төменгісімен біріктіріледі және жылжымалы жалғастырғыш, жинақтау кертігі төменгі шеткі орынға ауысады. Осыдан кейін орталық серіппе ортанғы трубаға орналасады және серіппенің тартылуын ретке келтіретін механизм жоғарғы құбырмен соқтығысу үшін ортанғы құбырдан шығады. Сырғанаудың жалғастырғыш құбырмен қосылғаннан кейін жұмыс орнына ауыстыру қажет. Ол үшін жалғастырғыш жоғарғы тілікпен бірқатар күштермен төменгі орынға қайтарылады және жұмыс тілігіне бұрылады. Осыдан соң орталық серіппе қажетті мөлшерге дейін созылады да, аспап қарнағының барлық 3 иіні орталық серіппемен жиыстырылып тұрады.
2 Осыдан кейін резенкелі имитатордың төменгі жазығы жол бетімен 10 мм ара қашықтықта болатындай аспапқа көлденең серіппені және тірек бұрамалы тығырық орнатылады.
3 Содан сон аспап қарнағына түсіргіш құрылымына жоғарғы шетінде орналасқан құлаған жүк ілінеді. Өлшеу балдағының межеліктің жоғарғы орнына орын ауыстырынан кейін аспап толықтай жұмысқа дайын.
4 Ілінісу еселігін өлшеу үшін жол жамылғысының сырғанау бағытында имитатор астын дымқылдау қажет. Әр имитатордың астындағы дымқылданған жолдың өлшемі 15х30 см болу керек. Әдетте дымқылдауға 200-250 см су жұмсау жеткілікті.
5 Дымқылдаудан кейін шұғыл, жүк түсіргіштің батырмасын басып, ілінісу еселігін өлшеуді жүргізу керек.
Әдетте өлшеуді қайталау барысында алынған еселіктің мәні тұрақты болмайды, бірнеше рет өзгереді. Бұл құбылыс аспаптың қатесі емес, жамылғыдағы судың жұқа қабығының тұтқырлығының өзгеруі. Өлшеу жұмысы тазаланған жол жамылғысында өтетін болса, бұл өзгерулер болжамы ғана. Ілінісу еселігінің орташа тұрақты мәнін алу үшін, жол жамылғысының барлық құралымында әдетте 3-5 өлшеу жүргізу жеткілікті.
Аспапты сол бұрынғы жол бөлігінде орын ауыстыру үшін оны бөлшектемей, ең кіші күйде ауыстыру керек. Осыдан кейін аспапқа тұғырық болып орнатылған доңғалақ үстіне орналастырамыз.
Аспапты бөлшектеу барысында келесі операцияларды жүйелі жүргізу керек:
- қарнақтың жоғарғы жағынан құлайтын жүкті алу.
- көлденең жиналмалы серіппені шешу.
- жылжымалы жалғастырғышты жоғарғы жинақтау кертігіне ауыстырып, ең шеткі жоғарғы орынға дейін көтеру.
- бағытталған қарнақтың бірінші жоғарғы, сонан соң ортаңғы құбырын алу.
- сырғанау жалғастырғышын жұмыс кертігінің шеткі төменгі орнына ауыстыру.
- төлке тұғырығындағы төменгі құбырдың гайкасын бұрап, төменгі құбырды шешу.
- резеңкелі имитаторларды және құлаған жүкті бірге шешіп, тұғырық жәшігіне салу.
- серіппені және аспап құбырын жәшікке орналастыру.
1.5 Аспапты баламалау
Аспаптың өлшеуіш иежелігі баламалы графиктің сәйкестігімен негізілген. Бұл график қолайлы аспаппен бірге қозғалмалы динамометрге тәжірибелік МАДИ-8 аспабын сынау нәтижесінде алынған.
Сурет 1.2 – ППК МАДИ қолайлы аспабының межелігін баламалау графигі
Аспапты пайдалану үрдісі кезінде оның (құрылымында) конструкциясында өзгерістер пайда болуы мүмкін. Бұл өзгеріс және жағдайларда оның дәлдігіне әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты қолайлы аспаптың жұмыс қабілеттілігін мезгіл сайын бақылап отыру қажет. Аспапты баламалау кезінде оны жазық тегіс жамылғыға орналастырып, иінтіректен резеңкелі имитаторды шешіп, оның төменгі аяғына арнайы металды тілімше орнатады. Осы кезде жүкті түсіру алдында аспап нөлде тұрған ілінісу еселігін жазып алу керек. Өлшеу тығырығының ауытқуы 7 мм аспау қажет. Ондай болмаған жағдайда оның жоғарғы аяғында орналасқан орталық серіппенің тартылу механизмін не тарту керек, тығырық нөлден төмен түссе, не төмен түсіру керек, ол нөлден жоғары болса. Орталық серіппенің тартылуының өзгеруінен кейін аспап жиналады да, баламалау қайталанады.
Тәжірибелік жұмысты орындау барысында қойылған мақсаттарға байланысты әртүрлі кедір-бұдырлы жамылғыдағы ілінісу еселігін анықтайды, дөңгелек ізі жолағындағы және олардың арасындағы ілінісі еселігі жамылғының ластану дәрежесіне байланысты болады.
1.6 Бақылау сұрақтары
1 Ілінісу еселігі дегеніміз не?
2 Ілінісу еселігінің түрлері?
3 Ілінісу еселігінің шамасына әсер ететін факторлар?
4 Ілінісу еселігін анықтауға арналған аспаптар?
5 Ілінісу еселігін динамометрлі тіркеме көмегімен анықтау?
6 Ілінісу еселігін автомобильді тежеу арқылы анықтау?
7 Ілінісу еселігін децелерометрдың көмегімен анықтау?
8 ППК-МАДИ аспабының жұмыс істеу принципі?
9 ППК-МАДИ аспап көмегімен ілінісу еселігін өлшеу әдісін орындау?
2 ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС
ЖОЛ ЖАМЫЛҒЫСЫНЫҢ КЕДІР-БҰДЫРЛЫҒЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ АНЫҚТАУ
2.1 Жұмыстың мақсаты
Жол жамылғысының кедір-бұдырлығын бағалау әдісімен танысу, құмды дақ әдісімен және ине үлгісіндегі профилограф көмегімен жол жамылғысының кедір-бұдырлығын бағалау әдісімен танысу.
2.2 Қысқаша теориялық мағлұмат
Жамылғы бетінің кедір-бұдырлығы сырғанаудың қосымша бағасы болып табылады.
Жол жамылғысының кедір-бұдырлығы дегеніміз шина деформациясына және шинамен ілінісу еселігінің жоғарлауын қамтамасыз етуге еш әсері жоқ, жамылғы бетінің аз ғана ойлы-қырлы болып келуі.
Жамылғының кедір-бұдырлығы жол бетінің микропішінді элементінің пішіні және биіктігімен анықталады. Кедір-бұдырлықтың екі түрі болады: макрокедір-бұдырлық және микрокедір-бұдырлық.
Макрокедір-бұдырлық жамылғы бетінде тас материалының бөлшегі ретінде пайда болады. Бұл шығыңқы жерлердің арасында арна желісі құрылады. Арна желісі арқылы автомобиль қозғалысы кезінде дымқыл жолдағы су, шинамен жамылғы бетінің түйіспе аумағында судың қысылуын қиындатады, ал ол ілінісу еселігінің шұғыл төмендеуіне әкеліп соғады.
Микрокедір-бұдырлық тас бөлшегінің аз кедір-бұдырлығы. Ол шина протекторы және жамылғы кедір-бұдырлығының арасындағы судың жұқа қабыршығының жарылып шығуын жеңілдетеді. Микрокедір-бұдырлық жол жамылғы бетінің уйкелме түзілімді қасиетін шұғыл жоғарытылады. Макро - микрокедір-бұдырлықтың арақатынасы жол жамылғысының ілінісу сапасын анықтайды. Сондықтан жамылғының кедір-бұдырлығы және ілінісу еселігі арасында тар корреляционды байланыс орнауы мүмкін. Қазіргі кезде техникалық қиыншылықтарға байланысты микрокедір-бұдырлықты бағаламайды, автомобиль жолдарының ілінісу сапасын динамометрлі аспаптың көмегімен анықтайды, ал жол жамылғысының микрокедір-бұдырлығының көрсеткіштерін жол бетінің күйі туралы қосымша ақпарат түрінде ғана қолданады. Кедір-бұдырлы беттегі шығыңқы жерлердің биіктігі шинамен жамылғының түйіспе аумағында судың сығымына жеткілікті болу керек. Бұл шарт жамылғыны қанағаттандырады. Тас материалының бөлшектерімен құрылған кедір-бұдырдың өлшемі 8-10 мм. Шығыңқы жерлердің орташа қадамы 6,4-11,0 мм. Бірақта, тәжірибеде тас материалдарын көбінесе 15-25 мм өлшемде қолданады. Мұндай өлшем кедір-бұдырлы қабат құру технологиясын жеңілдетеді.
Дымқыл жамылғыдағы қозғалыс кезінде су доңғалаққа көтерілу әрекетін жасайды. Қозғалыс жылдамдығының артуынан жамылғымен доңғалақ шинаның құрғақ түйіспесінің ауданы кемиді. 80-100 км/сағ жылдамдықта көтерілу күші ең үлкен мәнге жетуі мүмкін. Мұндай кезде құрғақ түйіспемен жамылғы толықтай жойылады. Доңғалақ су қабатымен сырғанай бастайды. Мұндай құбылыс акважоспарлау деп аталады. Осы кезде автомобильді басқара алмау пайда болады. Жол жамылғысында кедір-бұдырлықты шығыңқы жерлердің жоғарлауынан сұйықтың активті қабатының тереңдігі (шинаның асты) төмендейді, сонымен қатар, жамылғы үстіне доңғалақты көтеріп тұратын гидродинамикалы көтерілу күші де төмендейді. Сондықтан акважоспарлау құбылысын болдыртпау үшін ірі кедір-бұдырлы жамылғы жасау қажет.
Жол жамылғы бетінің кедір-бұдырлығын «құмды дақ» әдісімен немесе қолайлы микропішін сызбамен өлшейді.
2.3 Жол жамылғысының кедір-бұдырлығын «құмды дақ» әдісімен бағалау
«Құмды дақ» әдісі жол жамылғысының макрокедір-бұдырлығын анықтауда ең қарапайым және кең таралған тәсіл болып табылады. Кедір-бұдырлықты анықтау үшін әдетте, 200*250 см3 ұсақ құм алынады және бағалау жамылғысына оны конус түрде төгеді. Сызғаш немесе металды тығырықтың көмегімен дөңгелек қозғалыспен кедір-бұдырлы жол жамылғысының шығыңқы жерлерін құммен тегістейді. Осыдан кейін «құмды даққа» дөңгелек пішінін береміз. Содан соң алынған дөңгелектің диаметрін екі-үш жерден өлшеп, орташа мәнін құмды дақтың ауданын есептеуге аламыз. Тегістіктің көрсеткіші болып құм көлемінің дөңгелектің ауданына қатынасы ретінде анықталынады.
Дөңгелек ауданы мына формуламен анықталады:
Sk=ПR2 , (2.1)
Мұнда, П – тұрақты шама «пи»
R – құмда алынған дөңгелектің орташа радиусы.
Егерде жамылғыда 3%-ке дейінгі бойлық еңістіктегі жол бөлігінде есептелінген кедір-бұдырлықтың орташа тереңдігімен бірге органикалық тұтқыр материалдар 0,7 мм, ал цементті- бетонды жамылғыда 0,5мм –ді құрайтын болса, онда кедір-бұдырлық қанағаттанарлықсыз болып есептелінеді. Кедір-бұдырлық орташа тереңдікте 0,7 ден 1,5-ке дейін және 0,5 тен 0,6 мм-ге дейін –қанағаттанарлық, жақсы және орташа тереңдікте -1,5 тен -2,0 ге дейін 0,6 дан – 0,8 мм-ге дейін, 2,0-ге және 0,8мм-өте жақсы.
Сурет 2.1 – «Құмды дақ» әдісі жол жамылғысының макрокедір-бұдырлығын анықтау
Үлкен еңістіктердегі жолдарда қауіпсіз қозғалу үшін кедір-бұдырлықтың орташа тереңдігі келесі мәндерден кем болмауы тиіс:
Кесте 2.1 – Еңістіктің кедір-бұдырлықтың орташа тереңдігіне әсері
Еңіс, %
|
40
|
50
|
60
|
70
|
80
|
Кедір-бұдырлықтың орташа
тереңдігі, мм
|
3,5
|
4
|
4,5
|
5
|
5
|
2.4 Жол жамылғысының кедір-бұдырлығын ине үлгідегі микропрофилограф көмегімен анықтау
«Құмды дақ» әдісі жамылғының тек құрғату қабілетін анықтауға мүмкіндік береді. Бірақта, жамылғының ілінісу сапасы тек ғана ойдым көлемімен анықталмайды. Ілінісу еселігіне тас бөлшегінің шығыңқы жерлерінің пішіні, бөлшектердің арақашықтығы әсер етеді. Мұндай ақпарат МАДИ-да өңделіп шығарылған ине үлгідегі профилографтың көмегімен алынуы мүмкін. Жол жамылғысының кедір-бұдырлығын жазып алатын аспап тіреуішпен бекітілген жақтамаудан тұрады. Электро қозғалтқыш конусты тістегеріш көмегімен бұрамдыққа айналыс береді. Бұрамдықтың соңына инемен байланысты қосиінді-бұлғақ механизмі бекітіледі. Ине потенциометрлі жылжымамен қосылған.
Сурет 2.2 – Ине үлгідегі микропрофилограф
2.5 Өлшеу әдісін өткізу
1 Жамылғының кедір-бұдырлығын жазу үшін аспап жол жамылғысының бетіне орнатылады.
2 Электроқозғалтқыш қосылады. Қозғалтқыш біліктің айналысы бұрамдыққа беріледі. Тіреуіштің гайкасыны болғандықтан, бұрамдықтың айналысы кезінде барлық жүйелер: электроқозғалтқыш, тістегеріш, қос иін және ине-жамылғы бетінде жағалай орналысады. Осындай үлгіде ине қос иінде бұлғақты механизмінің хабарлауы арқылы қайтару алға басу қозғалысын жасайды, және бір мезгілде жамылғы бетіне жағалай орналасады. Инемен жамылғы бетінің жанасуынан кейін серіппенің қысылу есебінде қос иін өзінің одан арғы айналысын сақтайды. Осыдан кейін ине жылжымайтын күйін сақтайды. Иненің тік жазақтықта орын ауыстыруы потенциометрге қозғалыс береді. Мұндағы сигналды өзі жазғыш таспа немесе осциллограф жазып алады. Берілген құрылғы талап етілген масштабта жол жамылғысының микропішінін алуға мүмкіндік береді.
2.6 Бақылау сұрақтары
1 Кедір-бұдырлық дегеніміз не?
2 Акважоспарлау құбылысы?
3 Жол жамылғысының кедір-бұдырлығын құмды дақ әдісімен бағалау?
4 Ине үлгідегі профилографтың көмегімен жол жамылғысының кедір-бұдырлығын анықтау?
3 ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС
«ЖОЛ ЖАМЫЛҒЫСЫНЫҢ ТЕГІСТІІГН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ АНЫҚТАУ»
3.1 Жұмыстың мақсаты
Жол жамылғысының тегістігін анықтау әдістерімен танысу, жол жамылғысының тегістігін бағалау.
3.2 Қысқаша теориялық мағлұмат
Жол жамылғысының тегістігі S - дегеніміз жолдың жоғары көліктік-пайдалану қасиетін қамтамасыз ететін жүру бөлігінің жоғарғы сапалық күйі (қауіпсіздік, ыңғайлылық). Бойлық және көлденең пішінді биіктігі бойынша орнатылған тербегіс мөлшерін салыстырумен бағаланады. Жол жамылғысының тегістігі жолда қозғалыстың ыңғайлығын сипаттайтын, жолдың толықтай көлік-жұмысына және автомобильдың жылдамдығына шешуші ықпал жасайтын негізгі корсеткіштердің бірі.
Жамылғы тегістігін өлшейтін аспаптардың 3 тобы болады: жамылғы бетінің тегістігін бағалайтын жеңілдетілген аспаптар (әртүрлі құрылғыдағы төрткілдеш); жамылғының бойлық пішінін өлшеуге мүмкіндік беретін аспап (профилограф); жамылғының автомобильге динамикалық әсер етуін бағалауға негізделген аспап (толчкомер, акселерометр).
Жол жамылғысының тегістігін жол құрылысында көбінесе арнайы 3 метрлі төрткілдештің (рейка) көмегімен бағалайды. Төрткілдешті жамылғы бетіне төсеп, шамасы 5мм-ден аспайтын арнайы қима үлгімен саңылауларды анықтайды. Төрткілдешті сонымен қатар, жол бөлігінің тегістігін бағалауда су өткізетін құрылыс үстінде шұңқырларды, иірімдерді өлшеуге пайдалануға болады.
Жолды пайдалану барысында мұндай әдістің төмен өнімділігінің себебінен және тексерілген сапар желісінің (маршрут) едәуір ұзақтығынан жамылғы тегістігін бағалау үшін әдетте точкомер (түрткі өлшеуіші) қолданылады.
Бұл аспаптың құрылымы автомобиль шанағында (кузов) орнатылған иілгіш арқан арқылы артқы мостпен қосылған қырылдақ жалғастырғыштан тұрады (храповой муфты). Мұнда иілгіш арқан атанаққа (барабан) оралған және қырылдақ жалғастырғышқа қатты қосылып тұрады. Арқанның соңы серіппе арқылы аспап орнағына (станина) автомобиль жартысына бекітілген. Серіппегіштің (рессор) қысылуынан және автомобиль шанағының тербелісімен созылған арқан атанақты және қырылдақ жалғастырғышты айналдырады. Қырылдақ жалғастырғыштың айналуы есеп механизмін іліністен шығарады, және оның көрсеткіші ауыспайды. Есеп механизмінің көрсеткіші қағаз таспаға басылады.
Достарыңызбен бөлісу: |