Сызықтық спектрлер


Аймақтық теориядағы диэлектриктер, жартылай өткізгіштер және металдар



бет2/6
Дата27.11.2022
өлшемі312,65 Kb.
#160054
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
15-лекция

Аймақтық теориядағы диэлектриктер, жартылай өткізгіштер және металдар.
Қатты дененің зондық теориясында қатты дене түрлерінің электрлік қасиеттері:
1) Тиым салынған энергетикалық зонаның енімен және
2) Рұқсат етілген энергетикалық зонаның түрліше толтырылуымен түсіндіріледі.
Толығымен электрондармен толтырылған зона валенттік зона деп аталады.
Электрондармен жартылай толтырылған немесе бос зона өткізгіштік зонасы деп аталады.е
Металдар.
а) Егер электроннан тұратын зонаның ең жоғарғы бөлігі толтырылған болса, онда электрондардың жылулық қозғалысының энергиясы (кТ -10 эВ) электрондардың зонадағы бос деңгейлерге өтуіне жеткілікті және металдыңөткізгіштігін қамтамасыз етеді.
б) Егер валенттік зона бос зонаменжабылатын болса, онда метал типті өткізгіштікті қамтамасыз ететін, валентті электрондармен жартылай толтырылған гибридті зона пайда болады.
Диэлектриктер және жартылай өткізгіштіктер.
Диэлектрик жағдайында (6-сурет) тиым салынған зонаның ені Е бірнеше эВ; жылулық қозғалыс электрондарды валенттік зонадан өткізгіштік зонаға жеткізе алмайды.
Жартылай өткізгіш жағдайында(8-сурет) тиым салынған зонаның еніЕ 1эВ, сондықтан электрондарды валенттік зонадан өткізгіштік зонаға жеткізу жылулық қозу есебінен немесе электрондарға Е энергия беруге қабілетті сыртқы ток көзінен болуы мүмкін.
Асқын өткізгіштік
Асқын өткізгіштік құбылысы 1911 жылы ашылды, ал оны толық түсіндіру 1957 жылы ғана іске асты. Үш америка ғалымдары Бардин, Купер, Шриффер асқын өткізгіштіктің тізбекті микроскопиялық теориясын ойлап тапты. Бұл теорияның математикалық құрылымы өте күрделі, сондықтан біз тек қана БКШ деп аталатын теорияның негізгі сапалық жақтарын ғана қарастырамыз.
Теорияның негізгі мазмұны – «куперов жұп»-тары деп аталатын жұптардың пайда болуы. Төменгі температуралар мен белгілі бір жағдайларда электрондар бір-біріне тартылып (әр аттас зарядтар!), жұптар құрады екен. Тартылу табиғаты қысқаша мынадай: Металда қозғалып жүрген электрон торды поляризациялайды (тор құраушы оң иондарды өзіне тартады). Бұл жердегі оң зарядтар тығыздығы артады және бұл эффективті оң зарядты одан 1 мкм аралықта тұрған басқа электрон сезеді де, осылай «купер жұбы» пайда болады. Егер электрондар спиндері антипараллель болса, онда бұл тартылыс өте күшті болады, яғни жұптардың пайда болуына электростатикалық күштермен қоса, алмасу күштері де қатысады. Жұптардың пайда болуына неліктен төменгі температура керек екені белгілі: электронға тартылу күшінің әсерінен ауыр ионның ығысуы иондар тербелісінің кіші амплитудаларында жақсы көрінеді. Жеңіл иондардың ығысуы маңыздырақ болатыны белгілі.
Асқын өткізгіштік кванттық эффекті, бірақ макроскопиялық масштабта көрінеді. Кванттық макроскопиялық эффект- өшпейтін асқын өткізгіш ток - болу үшін өте көп ток тасушылар, яғни электрондар бір ғана толқындық функциямен сипатталуы керек. Ал толқындық функция біреу болады, егер барлық электрондар бір күйде болса. Бірақ электрондар, фермиондарға жатады, олар Паули принципіне бағынады. Жұпталу туралы идея жағдайды түбімен өзгертеді. Спиндері қарама-қарсы электрондар жұптасқанда спині нөлге тең бозондар пайда болады да, куперов жұптарына Паули принципі қолданылмайды.
Купер жұптары ең төменгі (негізгі) күйлерде жинақталады. Электрондар жұптары арасындағы байланысты бұзу үшін, яғни оларды қалыпты жағдайға ауыстыру үшін қалыпты күй мен асқын өткізгіштік күйді бөліп тұрған тиым салынған зона енінен ( -ны сонымен қоса, энергетикалық саңылау деп те атайды) кем емес энергияны жұмсау қажет. (2а -сурет). Кванттық тіл бойынша ионның ығысуы дегеніміз – фотон шығару. Сондықтан да, купер жұптары электрон-фонон арасындағы өзара әсерлесулер нәтижесінде болады. Бұл өзара әсерлесулер энергиясын есептеу болған кездегі тиым салынған зонаның еніне алып келеді:
, (1)

мұндағы – ауысудың критикалық температурасы; эВ. Температура артқанда кемиді және болғанда, жоғалады.
Шынында да, кристалда орын ауыстыратын және өте төменгі температурада фонондармен өзара әсерлесетін Ферми деңгейіне жақын орналасқан электрондар ғана болуы мүмкін. (2 б- суретті қара).
Кванттық теория бойынша асқын өткізгіштегі магнит ағыны квантталуы керек (бұл 1961 жылы дәлелденген); магнит ағынының кванты (магнон):
(Вб), (2)
Мұндағы е – электрон заряды, h –Планк тұрақтысы.
Асқын өткізгіштегі саңылаудың болуын өте қарапайым түсіндіруге болады: электрондар жұптары энергияға ие бола алмайды, сондықтан төмен энергиялары бар фонондарда шашырамайды және металда кедергісіз орын ауыстырады. артқанда, жылулық тербелістер амплитудалары да артады, бұл электрондар арасындағы тартылысты кемітеді, яғни ол кемуіне алып келеді.
Асқын өткізгіштерде энергетикалық саңылаулардың барлығын эксперимент жүзінде 1960 жылы Живер дәлелдеді. Ол К температурада қалыпты және асқын өткізгіш металдар контактісіндегі туннельді токты зерттеді. жүйесі, мұндағы қалыпты металл (Тк = 1,2К), ал пленкасы (Тк = 7,2К) асқын өткізгіш ретінде алынды. диэлектрик пленкасының қалыңдығы d . Контактінің вольтамперлік сипаттамасы бар екендігін көрсетті: Электрондар энергиясы -дан кіші болғанда контакті арқылы ток жүрмейді:eU .

Контакті арқылы өтетін токты қарастырайық.

Қалыпты металл ( )мен асқын өткізгіш ( ) бір-біріне жақындағанда контактілі потенциалдар айырмасы пайда болады, ол металдағы жеке электрондар үшін Ферми деңгейін теңестіреді және асқын өткізгіш пен металл жұбына арналған (4 а-сурет).
Контактіге біраз потенциалдар айырмасын берейік: «+»-тен асқын өткізгішке (4 б-сурет). -дегі электрондар энергиясы артады, ал асқын өткізгіштегі кемиді. Бірақ қалыпты металдағы қалыпты электрондардың сәйкес минимал энергиясына теңескенге дейін ток болмайды. Тек сонда ғана электрондар -нен -ке ауыса алады, себебі олар үшін енді бос күй болып табылады. ары қарай артқанда ток бірден артады, себебі энергия артқан сайын артады. -ке теріс потенциал берейік. Ток тағы да болмайды, себебі куперов жұптары металға өте алмайды (онда асқын өткізгіштік күй жоқ). Қалыпты металдағы Ферми деңгейі шамасына азайғанда ғана ток жүреді: куперов жұптары бұзылады да, бір электрон -ге өтеді, ал екіншісі сол металда қалыпты электрондарға арналған бос деңгейлердің біреуіне көтеріледі (4 в –суретті қара). Энергияның сақталу заңының «жұмысына» көңіл бөлу керек: электрон жұптарының қорытқы энергия өзгерісі нөлге тең.
Критикалық магнит өрісінің барлығы былай түсіндіріледі. Магнит өрісінің артуы жұптардың қозғалыс жылдамдықтарын арттырады. Жұптардың жылдамдықтары осы кристалдағы фонондардың таралу жылдамдықтарына тең болған кезде электрондар жұптары фонондармен алмасып үлгермейді де, тартылу эффектісі жойылады, куперов жұбы бұзылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет