Сүйек кемігін беру кезінде донорға қауіптілік туу мүмкін бе? Аса донорға қауіп тудырмайтын процедура, тек анестезиялық процедуралар ауырлық тудыруы мүмкін және бірнеше күн сүйек кемігі алынған жерде ауырсыну болады. Донорда әлсіздік, шаршағыштық белгілері болуы мүмкін ол 2-3 күн ғана, бірақ кейбір адамдарда 3-4 аптаға созылуы мүмкін.
1. Кондиционерлеу 2. Бағаналы жасушалардың трансплантациясы 3. Асқынуларымен күрес
Кондиционерлеу
Кондиционерлеу (имуносупрессивті терапия) дегеніміз көп дозалы цитостатиктермен химиотерапия арқылы пациенттің сүйек кемігін транцплантацияға дайындау.
Кондиционерлеудің мақсаты:
трансплантаттың ажырауының (отторжение) алдын алу үшін науқастың иммунитетін басу.
«Организмдегі ісік жасушаларының санын максималды жою»;
Кондиционирлеу түрлері
Миелоаблатиялық (өз бағаналық жасушаларын толық жою)
Миелоаблатиялық емес (өз бағаналық жасушаларын жартылай жою)
Кондиционерлеу тәртібі
Ол химиотерапия және сәулелі терапия түрінде болуы мүмкін.
Кондиционерлеу трансплантанция алдында бір апта ішінде жүзеге асырылады.
Кондиционерлеудің нақты хаттамасын таңдау трансплатацияның (аутологиялық немесе аллогендік) түріне, аурудың жай-күйіне байланысты.
Химиотерапия аяқталғаннан 1-2 күннен кейін, жиналған бағаналы жасушалар пациентке қан құю процедурасы сияқты 1 сағат аралығында енгізіледі. Донорлық сүйек кемігі трансплантация күні алынып, өңделіп сол күні рецепиентке енгізіледі.