Сүйек сынықтарында көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек.


Сынықтар кезіндегі транспорттық және емдік иммобилизация



бет11/82
Дата28.12.2022
өлшемі1,1 Mb.
#164802
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   82
Байланысты:
619-621 травма
Экологиялық факторлар, Сакралды Атырау (1), 36. Бейімбет Майлинні пьесалары. «Майдан» пьесасыны о и асы, т (1)
Сынықтар кезіндегі транспорттық және емдік иммобилизация.

Иммобилизация термині тыныштық немесе зақымдалған бөліктің қозғалғыштығын шектеу дегенді білдіреді. Оның 2 түрі бар : емдік және транспорттық. Науқасты емдеу орталықтарына зақымдалған дене бөлігін фиксациялап тасымалдау транспорттық иммобилизация деп аталады. Бұл алғашқы көмектің негізгі звеносы. Транспортты иммобилизация шоктың, тіндердің (тері, бұлшықет, тамыр, жүйке) сүйек жарықшалары мен екіншілік зақымдануының, инфекциялық асқынудың алдын алады. Транспорттық иммобилизация көрсеткіштеріне сүйек пен буын, ірі қан тамыр мен жүйке бағаны, жұмсақ тіндердің массивті зақымданулары, күйік, үсу,аяқ-қолдардың ұзақ қысылу синдромы жатады.Кері көрсеткіштер жоқ десек те болады. Транспорттық иммобилизация құралдарын екіге-стандартты шиналар және қолда бар құралдарға бөледі. Транспорттық шина салу ережелері: Транспорттық иммобилизация жарақат алған мезеттен кейін неғұрлым ерте жасалу керек. Транспорттық шиналар жарақат алған сегментпен қатар екі жанындағы буындарға да салыну керек.Сан сүйегі жарақаты кезінде үш буын иммобилизациялану керек (жамбас, тізе, табан) және иық жарақатында да. Аяқ-қолды иммобилизациялау үшін ортафизиологиялық жағдайға келтіру керек. Транспорттық шиналарды киім,аяқ киім үстінен салу керек, оның мақсаты ,біріншіден, шешіндіру кезінде қосымша травматизацияның алдын алу,екіншіден, киімді жұмсақ төсеніш ретінде пайдалану. Тіндер қосымша зақымданбау үшін шина салынбастан бұрын дене контурына сай модельдену керек,аяқ-қол жұмсақ төсенішпен оралу керек,ал сүйектің шығыңқы жерлеріне дәкеден не матадан төсеніш салу керек.Шинаны салғаннан кейін модельдемейді, ол қосымша жарақат етуі мүмкін.Қолда бар материалдардың кемшілігі дене контурына сай модельденбеуі. Шинаны тым тығыз орауға болмайды, себебі ол жұмсақ тіндердің қысылуына, соңынан ауыр ишемиялық бұзылыстарға әкелуі мүмкін. Жабық жарақаттар кезінде ось деформациясын түзеу мақсатында шина салмастан бұрын аяқ-қолдың тракциясын жасау керек.Көп жағдайда бұл жарғақшалардың ығысуын азайтып,оның айналасындағы тіндерге , әсіресе теріге қысымын азайтады.Ашық сынықтар кезінде тракцияны жасауға болмайды,себебі онда сүйек жарғақшалары жұмсақ тіндер тереңдігіне еніп кетіп,жараны қосымшазақымдайды. Қысқы уақытта иммобилизденген аяқ-қолды қосымша жылы орау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет