Сүйек сынықтарында көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек.


Қан құю кезінде қан компоненттерінің сәйкестігін анықтау , дайындау



бет28/82
Дата28.12.2022
өлшемі1,1 Mb.
#164802
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   82
Байланысты:
619-621 травма

Қан құю кезінде қан компоненттерінің сәйкестігін анықтау , дайындау.

Қан, қан компоненттерін, препараттарын құю трансфузиология деп аталады. Қан тобы эритроциттерде және плазмада топтық антиген мен антиденелердің барлығына байланысты, яғни агглютиногендер А және В, агглютининдер α және β. І (0) топ қаны бар кісілердің эритроциттерінде А және В агглютиногендер жоқ, плазмасында β агглютининдер бар. (ІІ) А тобында эритроциттерде А агглютиноген, плазмасында β агглютинин бар. (ІІІ) В тобында эритроциттерде В агглютиноген, плазмасында α аглютинин бар. (IV) АВ тобында эритроциттарда А және В агглютиногендер бар, плазмасында α және β агглютининдер жоқ. Антигендер біратты агглютинендермен агглютинация реакциясына кіріседі. Бұл кезде эритроциттер жабысып гемолиз жағдайы дамиды. Сондықтан организмде бір атты, яғни А мен α және В мен β кездеспейді.
Гемотрансфузия алдында жеке сәйкестікке сынама жүргізу.
Гемотрансфузияға дайындалу барысында қан тобымен резус факторды анықтап болған соң жеке сәйкестікке байқау өткізіледі. Екі реакция жасалады: А) АВО жүйесімен жеке сәйкестікке байқау өткізу. В) резус фактор бойынша жеке сәйкестікке байқау өткізу. Донормен рецепиент қандарының арасындағы жеке сәйкестікке байқау өткізу үшін Петри табақшасымен рецепиент қанының сарысуын дайындау керек. Бұл үшін рецепиент көк тамырынан шприцпен 5 мл қан алып пробиркаға құямыз. 1 сағат күтеміз. 1 сағаттан соң қан сарысуы пішінді элементтерден бөлініп шығады. Уақыт аз болса пробирканы центрифугаға салып 3 минут айналдырып сарысуын бөліп алуға болады. А) АВО жүйесімен жеке сәйкестікке байқау өткізу. Петри табақшасына 1 үлкен тамшы реципиент (0, 1 мл) сарысуын капиллярмен тамыз. Жанына бір кіші тамшы (0, 01 мл) донор қанын флаконнан шприцпен алып тамыз. Шиша таяқшамен араластырамыз. Петри табақшасын жайлап шайқап тұрамыз. Байқау 15 -25 С температурада өткізіледі, қорытындысы 5 минуттан кейін шығарылады. Егер агглютинация реакциясы байқалса бұл қан сәйкес емес. Қан құюға болмайды. Егер агглютинация реакциясы жүрмесе бұл қан сәйкес болып саналады және оны құюға болады. В) резус фактор бойынша жеке сәйкестікке байқау өткізу. АВО жүйесі бойынша жеке сәйкестікке байқау өткізіліп сәйкес болған соң резус фактор жүйесі бойынша жеке сәйкестікке байқау өткізу керек. Бұл байқауды екі түрде өткізуге болады.
А) 33% полиглюкин қолданып жасау. Реакция пробиркада 5 минут ағымында жылытпай жасалады. Пробирка түбіне 2 тамшы реципиент қанының сары суын, 1 тамшы донор қанын және 1 тамшы 33% полиглюкин ерітіндісін тамыз. Пробирканы жанжағына қарай еңкейтіп, ішіндегі ерітіндісі пробирка қабырғаларына жайылатындай етіп 5 минут бойы шайқаймыз. Кейін 3 -4 натрий хлоридының физиологиялық ерітіндісін құйып, араластырамыз (пробирканы қатты шайқауға болмайды). Егер агглютинация реакциясы байқалса, донормен реципиенттің резус фактор бойынша сәйкес емес болып табылады. Агглютинация реакциясының жоқтығы қандардың сәйкестігін білдіреді. Б) 10% желатин қолданып жасау. Пробирка түбіне 1 тамшы донордың эритроциттерін (алдын ала натрий хлоридының физиологиялық ерітіндісінде 10 есе мөлшерде жуылған болуы керек), жылытылған 10% желатин ерітіндісінің 2 тамшысын және реципиент қанының 2 тамшы сарысуын тамыз. Пробиркадағыны араластырып су моншасына 46 -48 С температурада 10 минутқа саламыз. Кейін 6 -8 мл физ раствор құйып араластырамыз. Егер агглютинация реакциясы байқалса, донормен реципиенттің қандары резус фактор бойынша сәйкес емес болып табылады. Агглютинация реакциясының жоқтығы қандардың сәйкестігін білдіреді.


Қанды қалай құю керек деген сүраққа жауап беретін болсақ, қан құюдың 2 тәсілі бар екенін атап өткен жөн — тікелей және тікелей емес Тікелей емес қан құю үшін сәйкес ыдыс пен дайындалған қанды сақтайтын орынның болуының да маңызы аз емес. Қазіргі кезде қан арнаулы полиэтилен пакеттерге алынады, соңғысы пайдаланғаннан кейін жойылады. Бұл пакеттерді пайдалану арқылы қатаң стерильдік сақталады және пирогендік реакцияларды болдырмайды. Олар шыны ыдыстарға қарағанда пайдалануға ыңғайлы. Консервіленген қан арнаулы тоңазытқыштарда +2 +8 температурада сақтайды. Қанды көліктің кез-келген түрімен тасымалдауға болады. Қанды арнаулы бірреттік түтіктер мен сүзгіштерден (фильтр) түратын жүйе арқылы құяды. Тікелей емес тәсілмен құйғанда қан реципиенттің көктамырына (шынтақ, бұғана асты көктамырына), артериясына (кәріжілік, сан артериясына), өкше, мықын сүйектің кеуегіне жіберіледі.
Тікелей қан құю тәсілі. Бұл тәсіл бойынша қан донордан реципиентке алдын — ала дайындамай құйылады, яғни тұтас жас қан құйылады. Тек көктамыр арқылы жіберіледі. Бұл технология бойынша қан құю кезінде сүзгіштер пайдаланылмайды, сондықтан құю жүйесінде түзілетін ұсақ қан сұйықтардың реципиенттің организміне түсіп кету қаупі күшті. Осы себептерге байланысты тікелей қан құюдың көрсеткіштері қатаң шектеулі және массивті қан кеткенде басқа шара болмаған кезде қолданылады. Тікелей қан құю арнаулы аппараттар көмегімен іске асырылады. Қан құю кезінде реципиент донордың қасында болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет