Сүйек сынықтарында көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек.


Транспорттық және емдік иммобилизациялар түрі



бет41/82
Дата28.12.2022
өлшемі1,1 Mb.
#164802
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   82
Байланысты:
619-621 травма
Экологиялық факторлар, Сакралды Атырау (1), 36. Бейімбет Майлинні пьесалары. «Майдан» пьесасыны о и асы, т (1)
Транспорттық және емдік иммобилизациялар түрі.

Иммобилизацияның транспорттық және емдік түрін ажыратады. Емдік иммобилизациядан транспорттықтың ерекшелігі-медициналық көмек
көрсететін мекемегі зардап шеккенді жеткізгенге дейін зақымданған жерді иммобилизациялау.Сөйтіп, транспортты иммобилизация шоктың, тіндердің (тері, бұлшықет, тамыр, жүйке) сүйек жарықшалары мен екіншілік зақымдануының,инфекциялық асқынудың алдын алады. Транспорттық иммобилизация көрсеткіштеріне сүйек пен буын, ірі қан тамыр мен жүйке бағаны, жұмсақ тіндердің массивті зақымданулары, күйік, үсу,аяқ-қолдардың ұзақ қысылу синдромы жатады.Кері көрсеткіштер жоқ десек те болады. Транспорттық иммобилизация құралдарын екіге-стандартты шиналар және қолда бар құралдарға бөледі
Транспорттық шина салу ережелері: Транспорттық иммобилизация жарақат
алған мезеттен кейін неғұрлым ерте жасалу керек. Транспорттық шиналар
жарақат алған сегментпен қатар екі жанындағы буындарға да салыну керек.Сан
сүйегі жарақаты кезінде үш буын иммобилизациялану керек (жамбас, тізе,
табан) және иық жарақатында да. Аяқ-қолды иммобилизациялау үшін
ортафизиологиялық жағдайға келтіру керек. Транспорттық шиналарды киім,аяқ
киім үстінен салу керек, оның мақсаты ,біріншіден, шешіндіру кезінде қосымша
травматизацияның алдын алу,екіншіден, киімді жұмсақ төсеніш ретінде
пайдалану. Тіндер қосымша зақымданбау үшін шина салынбастан бұрын дене
контурына сай модельдену керек,аяқ-қол жұмсақ төсенішпен оралу керек,ал
сүйектің шығыңқы жерлеріне дәкеден не матадан төсеніш салу керек.Шинаны
салғаннан кейін модельдемейді, ол қосымша жарақат етуі мүмкін.Қолда бар
материалдардың кемшілігі дене контурына сай модельденбеуі. Шинаны тым
тығыз орауға болмайды, себебі ол жұмсақ тіндердің қысылуына, соңынан ауыр
ишемиялық бұзылыстарға әкелуі мүмкін. Жабық жарақаттар кезінде ось
деформациясын түзеу мақсатында шина салмастан бұрын аяқ-қолдың
тракциясын жасау керек.Көп жағдайда бұл жарғақшалардың ығысуын
азайтып,оның айналасындағы тіндерге , әсіресе теріге қысымын азайтады.Ашық
сынықтар кезінде тракцияны жасауға болмайды,себебі онда сүйек
жарғақшалары жұмсақ тіндер тереңдігіне еніп кетіп,жараны қосымша
зақымдайды. Қысқы уақытта иммобилизденген аяқ-қолды қосымша жылы орау
керек.
Иммобилизация — аяқ- қол немесе басқа ағзалардың қатты жарақаттануларында және оларды тыныштық жағдайда тасымалдау кезінде қозғалыссыздықты қамтамасыз етеді. Иммобилизацияның екі түрі бар: транспортық (уақытша) емдік (тұрақты). Емдік иммобилизацияны дәрігер, кейде фельдшер гипстік таңғыш түрінде орнатады. Транспорттық иммобилизация – алғашқы көмек көрсетуде аяқ-қол сынығында және басқа жарақаттарда қолданылады.

Транспорттық иммобилизацияны апат орнында орнатады, ол емдеу мекемесіне жеткізу кезінде сынған сүйек жарықшақтарының жарақаттанған жұсақ тіндерге енуіне кедергі болады, кейін уақытшаны тұрақты иммобилизацияға ауыстырады.


Транспорттық иммобилизация — аяқ- қол сынықтарында және басқа жарақаттарда ауыр жарақаттық шоктың алдын алады. Ауыр жарақаттанған науқастарды жақын жерге де транспорттық иммобилизациясыз тасымалдауға мүлдем болмайды. Транспорттық иммобилизация болмағанда немесе жетіспеген жағдайда тасымалдағанда жарақаттағы сүйек сынықтары немесе жұмсақ тіндер қосымша жарақат алады. Ашық жарақаттарда және жұмсақ тіндердің ашық жарақаттарында транспорттық иммобилизация инфекцияның тез таралуына кедергі болады, ал аса ауыр күйіктерде күйіктің ағымын жеңілдетеді.Апат орнында уақытша иммобилизацияның жолақты және науа тәрізді түрлерін қатты маталардан жасалған түрлерін қолданылады. Шиналау- аяқ- қол сынықтарында қолданылатын иммобилизация түрі. Стандартты транспортты шиналар бойынша күрделі немесе жеңіл болып болінеді, бірақ оларды арнайы фабрикаларда сымдарды, ағаш пен қатты маталарды қолданып жасайды, емдік мақсатта қолданады тек медқызметкерлер немесе жедел жәрдем персоналдары қолданады. Ал қолда арнай құралдар болмағанда тақтайларды, таяқтарды, қатты жазық картондарды пайдаланамыз. Қолда ештене болмаса, сынған қолды денеге жапсырып таңамыз, ал сынған аяқты сау аяққа таңып байлаймыз. Дәке болмаса, бірнеше орамалдармен, жалпақ маталармен шиналарды таңамыз.


Транспорттық иммобилизация кезінде келесі ережелерді сақтау керек:


1. Аяқ-қол жарақаты иммобилизациясы жарақат алғаннан кейін жедел жасалуы керек.
2. Шинаны жұмсақ мақтамен немесе матамен орап, науқасты шешіндірмей, ол жаңа жарақаттар салуы мүмкін, шинаны киімнің үстінен саламыз.
3. Егер шинаны жалаңаш денеге орнататын болсақ, ойықтардын алдын алу үшін жарақаттың үстіне жұмсақ мата нмесе дәке қойып орнатамыз.
4. Шинаны таңардың алдында, жарақатты асептикалық өңдеу жүргізіп, таңамыз.
5. Егер қан тоқтату үшін жгут салынса, шинамен оны жаппай, дәкемен орамау керек, дәптерге жгут салынған уақытты міндетті түрде көрсету керек.
6. Шина орнатқан жағдайда, ораған дәке жолақтарымен жарақатты қатты тартып, қан айналымына кедергі жасауға болмайды, егер науқас аяғының ұйығанын, көгеріп келе жатқанын және сезгіштігі төмендегеніне шағымданса, шинана босатамыз нмесе толығымен алып, қайтадан орнатамыз. 7. Шинаны суық кездерде орнатса, жылы орап тастау керек, және кәдімгі қателіктерге жол бермеу керек, ол қысқа шиналарды қолдану, шина салғанда жарақаттанған жерге жақын екі буынды қоса шиналау қажет, сонда ғана толық иммобилизция болды. Шинаны дұрыс орнатпаған жағдайда, ол орнынан тайып, қосымша жарақаттар келтіреді.
Бас пен мойын жарақаттарында(бас жарықтары, ми шайқалулары, мойын омыртқаларының сынуы немесе жұмсақ тіндерінің жарақаттарында ) транспорттық иммобилизация міндетті түрде салынады. Шинаны алмастыру үшін, машинаның немесе мотоциклдың шиналарын қолдануға болады. 1). Төменгі жақты шиналауға жұқа тақтайшаларды немесе қатты қағазды қолдануға болады, оларды жұмсақ матамен орап иекке қойып дәкемен басқа таңып байлайды. 2). Мойын иммобилизациясы үшін қатты қағаз немесе мақта мен дәкеден оралып жасалған шиналарды орнатады, ол тыныс алуға кедергі келтірмеуі керек. 3). Жоғарғы шеткі мүшелердің траспорттық иммобилизациясы. Бұғана немесе жауырын суйегі сынғанда, дәкемен таңып, денеге таңып орайды. 4). Иық сынғанда шинаны білезіктен жауырынға дейін орнатады. 5). Иммобилизация толық және дұрыс орнығу үшін, сынған иықты шиналау үшін, шынтақты бүгіп орнатамыз, ол сым шиналармен оңай салынады. Қолда шина болмаса, қатты қағаз қолдануға болады, бірақ ол дұрыс орнықпайды, сондықтан екі ұзын бөлікті аламыз. Оларды жауырыннан шынтаққа деін, ал екіншісін шынтақтан саусақтарға дейін таңып орнатып, мойнына асып байлаймыз. Тоқпан жілік сынса, шинаны шынтаққа дейін немесе тоқпан жіліктің ортасына дейін орнатамыз. Егер стандартты шиналар болмағанда, шынтақты бүгіп, алақанмен ішке қаратып, денеге таңып байлаймыз. Дәке болмаса, шыт немесе киімнің жеңін қолдануға болады. Омыртқа мен жамбас жарақаттарында, иммобилизацияны қатты төсектерге немесе тақтайларға салып тасымалдаймыз. Төменгі шеткі мүшелердің транспорттық иммобилизациясы. Жамбас сынса, (жамбас, тізе тобық буындары зақымдалса) толық қозғалысты шектейміз. Ең тиімді қозғалысты шектеу, ол екі шина салу: біріншісі ұзыны - қолтық астынан, сыртқы табан ұшына дейін, екіншісі қысқасы – шаптан ішкі табанға дейін. Табанды 900 бұрышта орнатымыз. Егер тізе немесе тобық буыны зақымдалса, толық қозғалыссыздықты тізедеде және тобық пен табанда да қамтамасыз етеміз. Егер қолда ешқандай иммобилизация құралдары болмаса, аяқтарға «аяқты аяққа» әдісін қолданамыз, ол сау аяққа жарақаттанған аяққа бірнеше жерден таңып байлаймыз, сонда оң аяқ шина қызметін атқарады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет