Сүйек сынықтарында көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек.


Аяқ- қол жарақаттары кезіндегі қан кетулер. Классификация. Клиника



бет80/82
Дата28.12.2022
өлшемі1,1 Mb.
#164802
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
Байланысты:
619-621 травма

Аяқ- қол жарақаттары кезіндегі қан кетулер. Классификация. Клиника.

Қан кету (грекше – қан, – ағу) – қанның жүрек-қантамыр жүйесінен олардың бүтіндігінің бұзылуы салдарынан сыртқа шығуы (жүрек қуыстары мен тамырлардан).
Қан кетудің жіктелуі
Қанның сыртқа шығуының себептеріне, механизміне байланысты қан кетуді 3 топқа бөледі: 1 қан тамыры қабырғасының механикалық жарақаттану салдарынан болатын қан кету. Ең жиі кездесетін түрі. 2 қан тамыры қабырғасының кейбір дерттер (қабыну процестері, ісік, ферменттередің әсері) кезіндегі аррозиясы (жаралану, желіну, өліеттену) салдарынан қан кету. 3 қан тамыры қабырғасының өткізгіштігі микроскопиялық деңгейде бұзылған кезде қан кету (авитаминоз, Шенлейн-Генох ауруы, уремия, сепсис, скарлатина және т.б.). Қанның үю жүйесінің де қан кетуде өзіндік ролі бар. 4 Қан кетіп жатқан тамырдың сипатына байланысты
артериялық,
көктамырлық,
капиллярлық
паренхиматоздық қан кету болып бөледі.
Артериялық қан кету – өзінің молдығымен және қарқындылығымен сипатталады. Қан тез, қысыммен, шапшып ағады. Қанның түсі алқызыл. Науқас тез қансырайды және қан кету өздігінен тоқтамайды.
Көктамырдан қан кету қан тамыр ішінен шие түстес, қара – көк түсті қанның үздіксіз бөлінуімен ерекшеленеді. Кейде іргелес орналасқан артериядан берілетін соғу нәтижесінде шапшып ағу байқалуы мүмкін. Артериялық қан кетуге қарағанда жылдамдығы төмен, бірақ тамырдың диаметрі (көлденең кесігі) үлкен болса қан кету көлемді болуы мүмкін. Мойын көктамырларынан қан кеткенде ауа эмболиясының қаупі бар.
Капиллярлық қан кету. Аралас сипатты қан кету, негізінен капиллярлардың, ұсақ артериялар мен көктамырлардың жарақаттануымен сабақтасты. Қан кету мөлшері мардымсыз, егер қан үю жүйесінде өзгерістер болмаса қысып таңу немесе тығындау арқылы тоқтатылады.
Паренхиматоздық қан кету. Бауыр, талақ, ұйқы безі сияқты паренхиматоздық ағзалар жарақаттанған кезде байқалады. Бұл қан кетудің паренхиматоздық тіндердің массивті ұсақ қан тамырлар желісінің жарақаттануына байланысты ағыны қатты (профузды) болуы мүмкін. Егер ірі артериялар мен көктамырлар зақымданбаған жағдайда паренхиматоздық ағзаның жарақатталған жерін тығындап тұратын қан ұйындысынан қан өздігінен тоқтауы мүмкін.
Барлық қан кетулер ағымына байланысты жедел және созылмалы болып бөлінеді.
Жедел қан кету кезінде қан кету қысқа уақыт аралығында байқалады да клиникалық белгілері тез дамиды. Клиникалық белгілердің айқындық дәрежесі тамырдан аққан қанның ағу қарқынына тікелей тәуелді. Жоғалған қанның көлемі адамның салмағының 4-4,5%-ына пара-пар көлемі адам өмірі үшін аса қауіпті саналады.
Созылмалы қан кетудің клиникалық көрінісі айқын емес. Қан кетудің бұл түріне көлемі үлкен емес, бірақ жиі-жиі қайталанатын және қаназдылыққа әкеп соқтыратын қан жоғалтуларды жатқызады.
қан жоғалтуды ауырлығына байланысты 4 дәрежеге бөлген ыңғайлы: жеңіл, орташа, ауыр, массивті (аса ауыр). • жеңіл дәрежесі – АҚК-нің 10-12% жоғалтқан (500 -700 мл)
• орташа дәрежесі – АҚК-нің 15-20% жоғалтқан (1000 -1400 мл)
• ауыр дәрежесі – АҚК-нің 20-30% жоғалтқан (1500 – 2000мл)
• массивті дәрежесі – АҚК-нің 30%-дан астамын жоғалтқан (2000мл астам)
Қан кетудің классикалық симптомдары:
Шағымдары: • әлсіздік; • бас айналуы, отырған немесе түрегелген кезде; • көз қарауытады, көз алдында «шіркейлер» елестейді; • ауа жетіспеушілік сезімі; • мазасыздану; • жүрек айну;

Объективті белгілері: • тері жамылғысының бозаруы, салқын тер басуы, шеткі аймақтардың көгіс тартуы (акроцианоз); • науқастың қимылының азаюы (гиподинамия); • жүрек соғуының жиілеуі (тахикардия), жіп тәрізді пульс; • артериялық қан қысымының төмендеуі; • ентігу; • несеп түзілуінің азаюы;





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет