Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары



бет1/127
Дата19.12.2022
өлшемі1,14 Mb.
#163382
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127
Байланысты:
Емтихан билеттері терапия толық қалғандарын өздерін оқып алындар


2021-2022 оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары



  1. Созылмалы панкреатит. Анықтамасы. Этиопатогенезі. Жіктелісі. Созылмалы панкреатиттің клиникалық көріністері. Созылмалы панкреатиттің клиникалық хаттамаға сәйкес диагностикасы және емі. Диспансеризация. Дәрігерлік-еңбек сараптамасының сұрақтары. Алдын алуы.

Жауап: Созылмалы панкреатит – диффузды немесе сегментарлы фиброзбен қосарланған, функционалды жеткіліксіздік пен этиологиялық факторлардың əсері тоқтағаннан кейін үдеумен дамитын, фокальдық некрозбен мінезделетін ұйқы безіндегі қабынулық-деструктивті процессі
Созылмалы панкреатиннің жіктемесі (Марсель-Рим, 1988 ж.):
1. Созылмалы кальцилейтін.
2. Созылмалы обструктивті.
3. Созылмалы паренхиматозды-фиброзды.
Созылмалы панкреатиттің ауырлық дəрежесі
Жеңіл дəреже, сыртқы жəне ішкі секреторлық жеткіліксіздік болмауымен мінезделеді. Клиникалық белгілер (ауыру, диспепсия) аздап айқан. Қан мен зəрдегі панкреаттық ферменттердің белсенділігі артуы мүмкін. Асқыну жылына 1-3 рет.

Орташа ауырлық дəреже, анық клиникалық лабораторлық бұзылулармен, басқа ас қорыту ағзаларының зақымдалуымен, ұйқы безінің сыртқы жəне ішкі секреторлық функциясымен мінезделеді. Азу мүмкін. Жылына 4-5- рет асқынулар.


Ауыр дəреже, анық клиникалық лабораторлық көріністермен, «панкреатикалық» жəне панкреатогендік іш өтулермен, ақуыздық жеткіліксіздікпен, полигиповитаминозбен, үдемелі жүдеумен, ағзалар мен жүйелердің заңды зақымдануымен мінезделеді. Жылына 6-7 рет жəне одан көп асқынулар.
Қауіп-қатерлі факторлар:
- Алкоголь;
- Өт тас ауруы;
- Метаболикалық бұзылыстар (алмасулық жəне гормоналдық бұзылыстар);
-Тұқымқуалаушылық созылмалы панкреатит;
- Алғашқы слероздайтын холангит, алғашқы биллиарлы цирроз жəне Шегрен синдромыменбайланысты аутоиммундық панкреатит;
- Операциялар, ұйқы безінің жарақаттары;
- Вирустық инфекциялар;
- Ұйқы безіндегі қанайналымның жіті бұзылыстары;
- Аллергиялық реакциялар, уыттану əсері (бүйрек трансплантациясы кезіндегі уремия), тағамдағы антиоксиданттардың тапшылығы;
- Гиперпаратиреоз - қандағы кальцидің артуы.

Диагностика критерилері


Физикалық тексеру:
1. Рецидив беретін ауырулық абдоминалды синдром (жиірек құрсақтың алдыңғы қабырғасында, арқаға берілумен, диеталық жүктемелермен, алкоголь қабылдаумен). Ойықжара тəрізді ауырулық синдром, моториканың бұзылуымен сол жақтық бүйректік шаншумен клиниканы еске түсіреді.
2. Дене салмағының төмендеуі (мальабсорбция синдромы).
3. Сыртқы секреторлық функцияның жеткіліксіздігі (стеаторея, гипокальциемия, гиповитаминоз).
4. Ішкі секреторлық функцияның жеткіліксіздігі (глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы, қантты диабет).
5. Созылмалы фиброзды-индуративті панкреатит үшін аралық сарғыштану тəн.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:


1. Зəр, қан амилазасы.
2. Қанның жалпы анализі.
3. С-рективті ақуызды анықтау.
4. АЛТ мен АСТ анықтау.
5. Жалпы билирубин мен фракцияларын анықтау.
6. Сілтілік фосфатазаны анықтау.
7. ГГТП.
8. Қан липазасы.
9. Қан глюкозасы, қанттық қисық.
10. Копрограммаға нəжіс.
11. Ұйқы безі, өт қабын УДЗ.
12. Гастроэнтеролог консультациясы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет