Клиника
Бас айналу, бас ауру, жалпы әлсіздік
Диагностика және емі. (ЭКГ сұлбасын сызыңыз )
АВ – блокадасының ІІ дәрежесінің 2 типін ажыратады.
І тип, немесе Мобитцтің І типі көбіне блокаданың проксимальді түрінде кездеседі және төмендегідей ЭКГ-белгілермен сипатталады:
1. P-Q (R) аралығы біртіндеп (бір комплекстен келесі комплекске) ұзарып отырып, бір қарыншалық QRST комплекс түсіп қалғанға дейін жетеді (ЭКГ-да Р тісшесі сақталған);
2. Қарыншалық комплекс түсіп қалғаннан кейін P-Q (R) аралығы қалыпты күйге оралады (немесе сәл ғана ұзарған болады). Әрі қарай көрсетілген өзгерістер қайталап отырады (Самойлов – Венкебах кезеңдері).
ІІ тип, немесе Мобитцтің ІІ типі көбіне дистальді блокадада кездеседі. Оның ЭКГ-белгілері:
1. QT комплексінің жүйелі (3:2, 4:3, 5:4 т.с. типтес) немесе жүйесіз түрде түсіп қалып отыруы;
2. Үдемелі ұлғаюы жоқ тұрақты (қалыпты немесе ұзарған) P-Q (R) аралығының болуы;
3. Кейде QRS комплексінің ұзаруы және деформациялануының болуы (дистальды блокада).
Емі. Вегетативтік проксимальды блокадаларда негізгі ауруды емдейді. Органикалық проксимальды блокадаларда жоспарлы түрде ЭКС қояды. Дистальдық АВ – блокадаларда толық АВ – блокада даму қаупі болатындықтан ЭКС шұғыл түрде қою керек. Миокард инфарктісі мен АВ – блокаданың ІІ дәрежесі қоса кездескенде уақытша эндокардиальды ЭКС қояды.
Жүрек аритмиялары – жүректің электр импульсінің жиілігінің, жүйелілігінің және пайда болу көзінің патологиялық өзгерістерімен, сонымен қатар жүрекшелер мен қарыншалар сергуінің арасындағы байланыс пен реттіліктің бұзылуымен сипатталатын күй.
Аритмиялар қарыншалық және қарыншаүстілік болып бөлінеді. Қарыншаүстілік аритмия кезінде ЭКГ да өзгеріске ұшырамаған QRS тісшесі тіркеледі.. Ал қарыншалық аритмияда QRS тісшесі деформацияланған болып келеді.
Негізгі себептері
1. Миокардта құрылымдық және метаболизмдік өзгерістер мен жүрек қызметінің реттелуін бұзатын іштен туа болған және жүре пайда болған аурулар.
2. Экстракардиальды патологиялық процестерде жүрек – тамыр жүйесінің реттелуінің бұзылуы.
3. Жүрек қызметінің реттелуін бұзатын физикалық және химиялық әсерлер.
Анықтамасы
Атриовентрикулярлық блокадалар (АВ – блокадалар) – электр импульсінің жүрекше-лерден қарыншаларға өтуінің бұзылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |