Атриовентрикулярлы блокада.1 дәрежесі
АВ-блокадасының І дәрежесі – жүректің өткізгіш жүйесінің кез-келген жерінде өткізгіштіктің баяулауы.
Классификация
Тұрақтылығына қарай:
а) өткінші
б) ұстамалы
в) созылмалы (тұрақты)
Орнының деңгейіне қарай:
а) проксимальдық (жүрекшелер немесе АВ – түйіні деңгейінде)
б) дистальдық (Гис будасының бағаны немесе оның тармақтары)
Дәрежесіне қарай: 3 дәрежені ажыратады (І, ІІ, ІІІ).
Клиника
Бас айналу, бас ауру, жалпы әлсіздік
Диагностика және емі. (ЭКГ сұлбасын сызыңыз )
ЭКГ – белгілері:
1. PQ (R) аралығының ұзаруы, негізінен PQ (R) сегментінің ұзаруының салдарынан;
2. Р тісшесі мен QRS комплексінің ұзақтығының қалыпты күйде болуы.
Блокаданың проксимальды түрінің ЭКГ-белгілері:
1. P-Q (R) аралығының ұзаруы Р тісшесінің ұзаруына байланысты болады (P > 0,11 с).
2. Р тісшесі жиі жарықшақтанған.
3. P-Q (R) сегментінің ұзақтығы 0,10 с жоғары емес.
4. QRS комплексінің түрі мен ұзақтығы өзгермеген.
Блокаданың дистальды түрінің ЭКГ-белгілері:
1. P-Q (R) аралығы ұзарған.
2. Р тісшесінің ұзақтығы 0,11 с аспайды.
3. QRSкомплекстерікеңіген (0,12 с жоғары) жәнедеформацияланған.
Емі.АВ– блокадасының І дәрежесініңфункциональдық түрінденегізгі аурудыемдеу керек және кез бенервтің тітіркенуімен байланысты патологиялық рефлекстерді азайту керек. АВ – блокадасының І дәрежесінің органикалықтүрінде клиникалық белгілер жоқ болса, арнайыемнің қажет іжоқ. Гемодинамикалық ауытқулар болса, онда қоскамералы ЭКС қою керек.
Бейарнамалы жаралы колит. Анықтамасы. Жіктелісі. Бейарнамалы жаралы колит диагностикасы мен емі. Диспансеризациясы. Дәрігерлік-еңбек сараптамасының сұрақтары. Алдын алуы. Болжамы.
Бейспецификалық жаралы колит (БЖК) – себебі белгісіз, тоқ ішектің кілегей қабығының некрозды қабынып, жара, геморрагия және ірің түзуімен сипатталатын ауру.
БЖК тарау жиілігі – 100 000 тұрғынға 40-80 ауру адам келеді, 20-40 жастағы адамдар басым ауырады, әйелдер еркектермен салыстырғанда 1,5 есе жиі ауырады.
Достарыңызбен бөлісу: |