Сүйек сынықтарында көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек.


III саты: Септикотоксемия сатысы



бет27/82
Дата28.12.2022
өлшемі1,1 Mb.
#164802
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   82
Байланысты:
619-621 травма

III саты: Септикотоксемия сатысы күйік ауруының үшініші сатысы болып табылады, ол екі кезеңге бөлінеді: біріншісі - қабыршақ түсе бастағаннан бастап жара толық тазарғанға дейінгі кезең, 2-3 аптадан соң дамиды; екіншісі -грануляциялар пайда болғаннан бастап жара толық тартылып, жазылғанға дейінгі кезең. Септикотоксемия сатысының басталуы, өліеттенген тіндердің жарадан ажырай бастау уақытымен сэйкес келеді. Клиникалық көрінісі жаралық үрдістің сипатына байланысты дамиды. Науқастың жағдайы ауыр, дене қызуы өте жоғары болады. Жиі жағдайда токсикалық гепатит пайда болады. 70% науқастарда бактериемия байқалады. Бүйректердің қызметінің бұзылуы өрши түседі - зәрде альбуминурия, сілтіленген эритроциттер, түйіршікті цилиндрлер пайда болады. Қанның құрамында гемоглобиннің мөлшері төмендейді, лейкоцитоз бен нейтрофилез өседі.
IV саты:Реконвалесценция (жазылу) сатысы бұзылған қызметтер бұрынғы қалпына келеді, ол 2-4 жылға созылады. Бұл мерзім аяқталса да жүректің, бауырдың, эсіресе бүйректердің қызметінің өзгерістері сақталуы мүмкін. Күйік ауруынан жазылып шыққан науқастар диспансерлік бақылауда болуы керек

  1. Аяқ-қол зақымданулары кезіндегі қан кетулер. Клиникасы.

Қан кету (haemorrhagia) деп – қан тамыры қабырғасының зақымдалуы немесе өткізгіштігінің бұзылуы нәтижесінде,қан тамырларынан қан кетуді айтады.
Қан кетудің жеңіл дәрежесінде циркуляциялық қан көлемінің (ОҚК-барлық формалық элементтер және плазма)15%-на дейін,

орташа дәрежелі ауырлықта 15-30%(750-1500мл),

ауыр дәрежесінде -30 -40%(1500-2000мл,

ал 40%- дан (2000мл-ден ) жоғары болған жағдайда (массивті қан кету) қан жоғалту байқалады.


Қан кетулердің жіктелуі Пайда болу себебіне байланысты: • механикалық зақымдануы, қан тамырлардың жарылуы (кесілуі, жыртылуы, жарылуы); • аррозионды қан кету, қан тамырларының қабырғасының патологиялық өзгерістері (ірінді қабынуы, тамыр қабырғасының іріндеп немесе қатерлі ісікпен іруі және өліеттенуі, өткір қабынуы. ) • қанның химиялық құрамның өзгерісі (травматиқалық шок, ДВС-синдромы, гемофилия, тромбоцитарлық пурпура, Шенлейн-Генох ауруы)
Жедел қан кетудің клиникасы
Қансырау өзі де анық көрінетіндіктен,диагноз қою қиынға соқпайды.Қан жарадан ағады,яғни қансырау бар деген соз.Жедел қансырау туралы сөз еткенде,біз денедегі терең бұзылыстарға кезігеміз Оның көріністері: -жалпы циркуляциядағы қан көлемінің азаюы; -тұрақты гипотонияның дамуына алып келетіндей артериялық қысымның түсуі; -оттегінің жетіспеушілік белгілірінің пайда болуы; -қан ұю жүйесіндегі бұзылыстар ( ҚШҰ- синдромының дамуы); ағзалық -жетіспеушілік пен метаболиттік ацидоздың дамуы. Қансыраудың белгілерін анықтау мен білімділік маңызды орын алады.Обьективті жіне субьективті белгілерді ажыратады.
Субьективті белгілер
Науқасың шағымдары: -әлсіздік; -бас айналу; -көздің қарауытуы; -құлақтағы шу; -ауа жетіспейтіндей сезім; -лоқсу; -ауыздың құрғауы
Обьективті белгілер
-терісінің бозаруы мен ылғалдануы; -тыныстың жиілеуі; -мұрын қанатының үрленуі; -тамыр соғуының жиілеуі мен әлсізденуі; -артериялық қысымның төмендеуі; -веналардың босауы –«бос тамырлар» белгісі (қолдың сырт жағында көрінетін веноздық бағандардың орнына,күңгірт көк түсті жіпшелер ғана көрінеді); -диурездің төмендеуі.
Қансыраудағы ауыр клиникалық көріністердің дамуын анықтайтын факторлар
Қан жоғалтудың жылдамдығы мен көлемі.Қан қаншалықты тез ақса, соншалықты оның көлемі де көп болады.Осы кезде қорғаныс компенсаторлық механизмдер қосылып үлгірмейді.Жүрекке ағып келетін қан азаяды,қан айналысы бұзылады.Көп қан кетпесе де,жүрек жұмысының тоқтауы мен өлім қаупі туады.Ірі артерияның жарақаттануы ауыр шоктың дамуына,ал 1 литрге дейін қан жоғалтқанда,тіпті өлімге алып келуі мүмкін.Басқа жағынан қарасақ,бірнеше сағатқа созылатын операцияларда немесе операциядан кейінгі күндері дамитын,көлемі 2-3 л веноздық қансыраулар қайтымсыз үрдістерді тудырмайды.Осындай жағдайда дене өзінің резервті мүмкіндіктерін пайдаланып үлгіреді.
Лабораториялық көрсеткіштер: Қанның мына көрсеткіштері бағаланады: 1. Шеткі қан құрамындағы эритроциттер саны. Қан кетудің бастапқы кезінде қалыпты күйде қалуы мүмкін. Кейде, деподағы эритроциттер мобилизациясынан соң көтеріңкі болуы да мүмкін. Қалыпты жағдайда аталған көрсеткіш 4, 0 -5, 0 млн/л тең. Бірақ, кейінірек қан кету жалғаса берсе бұл көрсеткіш эритроцитттерді жоғалту мен аутогемодилюция салдарынан төмендей береді 2. Шеткі қан құрамындағы гемоглобин аутогемодилюцияға байланысты төмендейді. Қалыпты жағдайда оның деңгейі 125 -160 г/л тең. 3. Гематокрит — формалық элементтер көлемінің жалпы тұтас қан көлеміне қатынасы. Қан кету кезінде төмендейді. Қалыпты жағдайдағы деңгейі — 44 -47% тең. 4. Қанның жеке салмағы. Тәжірибеде сирек анықталады. Қан кету кезінде бұл көрсеткіш төмендейді. Қалыпты жағдайда 1057 -1060 тең. 5. Жоғалтқан қанның көлемін бағалау. Қан кетіп жатқан науқастың жағдайының қатаңдығы мен оны емдеу тактикасы осы жоғалтқан көлеміне байланысты. Оның ішінде айналыстағы қан көлемін анықтаудың маңызы зор. Айналыстағы қан көлемінің құрамына барлық формалық элементтер мен плазма кіреді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет