АВО жүйесі бойынша үйлесімділік сынамасы жазықтықта реципиент қанының сарысуы мен донор эритроциттерін 10:1 ара-қатынаста араластыру арқылы жүргізіледі. Реакция барысы 5 минут бойы бақыланады. Агглютинацияның бар болуы реципиен қанының сарысуында донор эритроциттерінің антигендеріне қарсы бағытталған сәйкес келмейтін антиденелердің бар екенін айғақтайды және мұндай сынама оң болып есептеледі. Агглютинацияның жоқтығы реципиен пен донор қаны сәйкес келмейтінін айғақтайды және мұндай сынама теріс болып саналады. Егер жеке үйлесімділік сынамасы теріс болса, реципиент қанының сарысуында сәйкес келмейтін антиденелердің жоқтығын айғақтайды және трансфузияны жасауға болады.
Егер жеке үйлесімділік сынамасы оң болса, реципиент қанының сарысуында сәйкес келмейтін антиденелердің бар болуын айғақтайды және трансфузияны жасауға тыйым салынады.