Сүйек сынықтарында көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек.


Үсік. Жедел дәрігерлік көмек



бет81/82
Дата28.12.2022
өлшемі1,1 Mb.
#164802
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
Байланысты:
619-621 травма

Үсік. Жедел дәрігерлік көмек.

Үсуге шалдығу кезінде алғашқы көмек.

Алғашқы көмек тоңуды тоқтатудан, аяқ-қолды жылытудан, суыққа шалдыққан ұлпаларда қан айналымын қалпына келтіру мен инфекцияның алдын алудан тұрады. Үсуге шалдығу белгілерін байқаған кезде бірінші – зардап шегушіні жақын маңайдағы жылы жерге апару, қатып қалған аяқ киімді, шұлықты, қолғапты шешу керек. Алғашқы көмек іс-шараларын өткізумен бір уақытта дәрігерлік көмек көрсету үшін тез дәрігерді, жедел жәрдемді шақыру қажет.


І дәрежелі үсікке шалдығу кезінде тоңған жерлерді қызарғанға дейін жылы қолмен, жеңіл уқалаумен, жүн матамен ысқылаумен, деммен жылыту керек, содан кейін мақта-дәкемен орау керек.


ІІ - IV дәрежелі үсікке шалдығуда тез жылыту, уқалау мен ысқылаудың қажеті жоқ. Зақымданған жерді жылу өткізбейтін таңғышпен ораңыз (дәке қабатын, қалың мақта қабатын, тағы дәке қабатын, үстіне клеенка немесе су жібермейтін мата). Зақымданған аяқ-қолдар қол асты құралдарының көмегімен бекітіледі (тақтайша, фанера сынығы, тығыз картон), оларды таңғыштың үстіне салып дәкемен орайды.


Зардап шегушіге ыстық сусын, ыстық тамақ, аз мөлшерде алкоголь, 1 таблеткадан аспирин, анальгин, 2 таблетка «Но-шпа» және папаверин береді.


Ауруды қармен ысқылауға кеңес берілмейді, өйткені саусақтар мен табандардың қан тамырлары өте нәзік болады, сондықтан оларға зақым келуі, теріде пайда болған кішкентай жарықшақтар инфекция түсуіне жол береді. Үсінген аяқ-қолды отқа жылдам жылытуға, бақылаусыз жылытқыштар мен сол сияқты жылу көздерін қолдануға болмайды, өйткені үсіну барысын қиындатады. Алғашқы көмектің тиімсіз және қабылданбайтын жолы – май, жануар майын жағу, терең үсіну кезінде ұлпаны спиртпен ысқылау.





  1. Көп жарақаттық.

Көпжарақаттық– бір жарақаттанушыда тірек – қимыл жүйесінің және ішкі ағзалардың тіркес немесе көптік зақымдалуының орын алуы
Көптеген жарақаттар
Қосалқы жарақат
Аралас жарақат
Көптеген жарақаттар
Бір анатомиялық облыстың екі не одан көп мүшенің немесе тірек-қимыл жүйесінің екі не одан көп сегменттерінің зақымдануы.
мысалы бауыр мен ішек
ортан жілік пен қол сүйегінің сынуы.
Аралас зақымданулар
Әр түрлі жарақаттық факторлардың : термиялық,механикаық,радиациялық- нәтижесінде пайда болған жарақат :
Мысалы: ортан жілік сынығы мен кез келген анатомиялық облыстың күйігі
Қосалқы жарақат
Бір немесе одан көп анатомиялық облыстағы мүшелердің бір уақытта жарақаттануы ішкі мүшелер мен тірек-қимыл аппаратының зақымдануы
Мысалы:
1. Көкбауыр зақымдануы мен ЖБМЖ
2.Кеуде қуысы мүшелері зақымдануы мен аяө-қол сүйектерінің сынуы
3. БСМЖ мен жамбас сүйектерінің зақымдануы
1. өзара ауырландыру синдромы
Мысалы : көп жарақат кезінде қан жоғалту ауыр дәрежедегі шоктың дамуына алып келеді;ол өз кезегінде жарақаттың ағымы мен нәтижесін күрделендіреді.
2. Жарақаттардың қосарлана келуі бір-бірімен қатар қолданғанда сәйкес емес болуы мүмкін жағдайды тудырады
Мысалы: а)тірек-сүйек аппаратының жарақатында наркотикалық анальгетикетер қолданылса, оның БМЖ қосарлана келуінде оларды қолдану қарсы көрсетілген
б) кеуде қуысы мүшелерінің зақымдануы мен иық сүйегінің сынуы қатар келгенде әкететін шина мен торакобрахиальді гипс таңғышын салуға болмайды
3. Асқынулар тез дамиды
А) көптеген қан кету
Б) шок.
В) токсемия.
Г) жіті бүйрек жеткіліксіздігі
Д) майлы эмболия
Е) тромбоэмболия.
4. Краниоабдоминальды жарақаттар, омыртқа зақымдануы кезінде іш қуысы патологиясының симтомдары көрінбейді.
Бұл іш қуысын тексеруде диагностикалық қателіктерге алып келеді.
Науқастарды қарау кезінде басты мақсаттар
1. Өмірін сақтап қалу
2.Қан кетудің орны мен оны бақылау
3. Ми бағанының компрессиясын және жұлын зақымдануын алдын алу
4. Басқа зақымданулар мен асөынуларды диагностикалау және емдеу
Науқасты жүргізу фазалары
1.Алғашқы баға беру (біріншілік зерттеу )
2. Біріншілік араласу (ресусцитация)
3.Қайта бағалау (екіншілік зерттеу)
4. Екіншілік араласу (шешуші)



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет