ИЫҚ БОЙЫ СҮЙЕКТЕР ЗАҚЫМДАЛҒАНДА ИММОБИЛИЗАЦИЯ ЖАСАУ Бұғана мен жауырын сынғанда негізгі мақсат иық буынын қозғалтпай бекіту болып саналады. Ол үшін косынка, арнайы таңғыш немесе Дезо таңғыштарын қолдануға болады. Қол сүйектерінің сынығын транспорттық бекіту .Тоқпан жіліктің жоғарғы жағы сынса қолды шынтақ буынынан бүгіп қолтық астына мақта-сүзгіден жасалған жастықша тығып үшкіл орамалмен кеудеге таңып қояды. Тоқпан жіліктің ортасы сынса саты сияқты сымнан жасалған таңғышпен таңылады Сым-саты сияқты таңғышпен білек сүйек сынықтарын бекіту;
а)таңғышты дайындау; б) таңгышты салу; в) таңгышты бинтпен бекіту;
г) колды үшкіл орамалмен мойынга іліп кою
Білек сүйектерінің сынуы. Білек сүйектері сынғанда шынтақ буыны мен білезік буындарын бекіту қажет. Ол үшін қолды шынтақ буыннан бүгіп таңғышты қолдың сырт жағынан байлау керек. Саусақты супинация мен пронацияның орташа қалпында орналастырады. Жамбас сүйектерінің сынықтарын иммобилизациялау өте қиын болады. Сондықтан ауруды қатты зембілге(носилкаға) шалқасынан жатқызады, екі аяғын тізесінен бүгіп оның астына киімнен не жұмсақ заттан валик салады. Мұндай жағдай жамбас-аяқ бұлшықеттері жұмсарып сынған сүйектердің ауырғанын азайтады . Аяқ сынықтарын көліктік иммобилизациялау. Аяқ сынықтарын көліктік иммобилизация жасау үшін үш буынды: жамбассан, тізе және балтыртабан буындарын бекіту керек. Сондықтан таңғыштың бір ұшы қолтықтан басталып табанға дейін жетуі керек.
Қатты зембіл жоқ болған жағдайда зақымданушыны ішіне жатқызып, кеудесіне және сирағана жастық қойып тасымалдайды.
Көлік иммобилизациясын жүргізгенде мына тәртіптерді орындау қажет:
Иммобилизация үшін пайдаланатын шиналар берік бекітілуге және сынған жерді өте жақсы көрсетуге тиіс.
Иммобилизация кезінде аяқ-қолға физиологиялық жағдай жасау керек.
Ашық сынық кезінде сүйек сынықтарын жөндемейді, таза таңғыш қойылады.
Шинаны бірден жалаңаш қолға қоюға болмайды. Олардың үстіне алдын ала мақта, киім, сүлгі қойылуға тиіс.
Сынық төңірегінде артық қозғалысты болдырмай сынықтың үстімен астындағы екі буынды бекем байлау керек
Дұрыс жасалынған иммобилизация тез жазылуға және асқынудың болмауына алып келеді.