Сүйек сынықтарында көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек.



бет75/82
Дата28.12.2022
өлшемі1,1 Mb.
#164802
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   82
Байланысты:
619-621 травма

Гиппократ-Купер әдісі
Дәрігер иық буыны шыққан жаққа отырып, екі қолымен қолды тартады. Аяғын қолтық астына енгізіп, фиксациялап тұрады, тартып тұрған қолды тоқпан жіліктің басын орнына келгенше ұстап, сосын бірден жібереді. Орнына түссе сырт деген дыбыс шығады.
Джаналидзе әдісі
Жансыздандырғаннан кейін жарақаттанушыны қырынан үстелдің шетінен бұлшықеттік шұңқырға сай келетіндей етіп, қолын бос салбыратып жатқызады. Басына жастықша қояды. Осы қалыпта науқас бұлшықеті босаңсығанша 10-20 минуттай жату креек. Содан кейін хирург екі қолымен білек тұсынан ұстап, қысым келтіре отырып, төменге қарай тартады. Осыдан соң буын орнына түседі. Кейін қолын кеудеге бекітіп, 2-3 аптаға гипсті таңғыш салады. Буынды түсіргеннен соң сенімді болу үшін рентгенге түсіру керек. 30-45 күннен кейін толықтай қозғала алады.
Чаклин әдісі
Науқас шалқасынан жатады. Дәрігер науқастың бүгілген қолын бірқолымен білек тұсынан ұстап, екінші қолымен бұлшықеттік шұңқырды басып тартады. Бұл тәсіл көбінесе сыну мен буын шығуында қолданылады.

  1. Жабық сынықтар кезінде дәрігерлік көмек көрсету алгоритімі.

Сынық деп оның біртұтастығымен сүйекке зақым келуді айтады. Сынықтар жабық (теріде зақым болмауы) және ашық (теріде зақым болуы) болуы мүмкін. Сонымен қатар сүйекте жарықтар болуы мүмкін.
Сынықтың белгілері болып табылады:
• сынық орнында аяқ-қолдың деформациясы;
• аяқ-қолды қозғалта алмауы;
• аяқ-қолдың қысқаруы;
• терінің астында сүйек сынықтарының қытырлауы;
•осьтік қозғалыс кезінде ауру (сүйек бойы);
• жамбас сүйектерінің сынуы кезінде - пациент жатқан жерден аяғыңды көтере алмауы.
Сүйек сынған кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсетудің негізгісі үш зақымданған сүйектің әдісті орындау қажет, Тыныштық болу үшін шина немесе қолда бар жоқ болса, аяқ-қолдың бас жағын денеге таңып, қолтықтың астына мақтаның тығыз түйнегін қоя отыра таңады (қолды тігінен бүгеді) немесе байламға, белбеуге іліп қояды.
Аяқты оқшауландыру үшін оны сау аяққа байлайды. Шинаны (немесе қолда бар затты) сынықтың екі жағының да қозғалысын болдырмайтындай етіп (сынықтың үстіңгі және астыңғы жағы) қою қажет. Сүйектің шығыңқы жерінде шинаның астына жұмсақ мақта немесе жайлы мата қояды.
Шинаны (қолда бар материалды) мақтамен жауып, дәкімен орайды (матамен, киім кесіндісімен), бұлай ету сынған жердің қатты қысылмауы үшін жасалады, содан соң оны қайтадан зақымдалған аяққа орайды.
Қандай да бір қосалқы материал жоқ кезде иммобилизацияны зақым- данған аяқ-қолды дененің сау мүшелеріне: қолды денеге төменгі жақты сау аяққа байлау арқылы жүргізген дұрыс.
Тоқпан жілік, шынтақ жілік, кәрі жілік сынған кезде саты шинасымен немесе қолға қоюға ыңғайлы болатындай ретпен қиылыстырады. Қолды байлап орайды.
Бұғана сынғанда кәрі жілік төңірегіне арқаға немесе Дезо бинт таңғышына байланатын екі мақта-дәкі шығыршығын қояды. Қолды орамалға іліп қояды.
Табан сүйектері мен сирақ-табан буындары сынған кезде иммобилизация үшін саты шинасын немесе қолда бар құрал пайдаланылады. Шинаны әуелі табанның өкшесі мен сирақтың артқы жақ үстіне қоюға ыңғайлы болатындай етіп бүгеді. Өкше сүйегі үшін үңгіме жасайды, оған өкше сүйегіне қысым түспеу үшін мақта салады. Бұдан кейін шинаны аяқ-қолға салады және сирақтың төменгі тұсы мен табан арқылы бинттің сегіздік тәріздес орамдарымен бекітеді, оны бинттің шеңберлі орамдарымен сирақтың үстіңгі тұсында аяқтайды. Табан тірек бұрышпен сираққа мығым байлануға тиіс.
Сирақ сүйегі сынған кезінде иммобилизацияны сирақ-табан және тізе буындарының қозғалмауын қамтамасыз ете отыра, сирақ-табан буындары зақымданған кездегідей жүргізеді. Шинаны немесе қолда бар құралды табаннан санның үстіне сәл жақындатып қояды.
Санның сүйегі сынған кезде ең жақсы көлік шинасы Дитерикс шинасы болып табылады. Шина ұзындығын оңай өзгертуге болатын екі ағаш шинадан тұрады және бұрамасы бар ағаш өкшеден тұрады.
Омыртқаның сынуы - қатерлі жарақаттардың біреуі. Омыртқа жоталары жарақаттанған кезде омыртқаның өзінің зақымдануы ерекше назар аударуды қажет етеді. Мұндай сырқаттардың тағдыры көп жағдайда оқиға орынында көрсетілген алғашқы көмекке байланысты. Жұлын буын сабақтары мен омыртқа денелерінен құрылған арнайы қуыста орналасқан. Омыртқа жотасы зақымданған кезде жұлын зақымдалуы мүмкін. Бұл көбінесе ауыр жағдайға алып келеді. Омыртқаның мойын тұсының жарақаттануы аса қауіпті. Жұлын, әсіресе оның жоғары тұстары деңгейіндегі зақымданған кезде кеуденің тыныс талшықтарының салдануы пайда болады, оның нәтижесінде тыныс алу тарылады. Жарақат кезінде жұлын мен оның қатпары сыдырылуы, қысылыуы және үзілуі мүмкін.
Алғашқы медициналық көмек- жұлының зақымдануы аса қауіпті, сондықтан аса қажетсіз жағдайда оны мазалауға болмайды. Егер омыртқаның маңайында жара болса, оны тазартқыш таңғышпен жабады. Омыртқасы сынған зардап шегушіні омыртқаны бүгілтпейтін қалқаны бар, ал егер арнайы шина жоқ болса, сырқатты екбетінен жатқызады.
Омыртқаның мойын тұсының зақымданғаны хақында күдік болса, бас пен мойынды қозғалтпау керек. Бұл үшін стандартты шиналар қолданады. Уақытша Шанц жағасын пайдалануға болады. Мұндай жағаны даярлау үшін көлемі кемінде 90х40 см қалың мақта (қалыңдығы 2 см дейін) қажет. Мақтаны екіге бүкітейді және оны мойынға, иек пен желкеге нығыздап бекітеді. Осындай тәсілмен жасалынған жағаны жұмсақ бинтпен мықтап байлайды. Жағаны кесілген картон қаңқасын арасына сала отыра барынша қаттырақ жасауға тырысу керек.
Егер сынықтан кейін кем дегенде 2 сағат өтсе, ал сүйек сынықтары сәйкес келтірімесе, ауыр салдарға әкелуі мүмкін – май эмболиясына әкелуі мүмкін, ол өлімге немесе мүгедектікке әкелуі мүмкін.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет