Менеджмент ( ағылш. manage –басқару,меңгеру,ұйымдастыру)ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білі, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері,әдістері, құралдары мен нысандарының жиынттығы. “Менеджмент” ұғымының мәні мен мазмұны “ басқару ” түсінігіне ұқсас.
Ғылыми менеджменттің негізін салушы белгіліағылшын ғалымы Фредерик Уинслоу Тэйлор (1856 – 1915) есептеледі. Оныңеңбекті ұйымдастыру және өндірістібасқару жүйесі алғаш рет АҚШ-та 19ғасыр мен 20 ғасыр тоғысында кең пайдаланыла бастады. Қазіргі замандағы менеджмент,негізінен,барлық экономикалық мектептердің тәжірибелерімен бағыттарының жетістіктерін қорытындылау арқылы дамуда. Менеджмент мақсат қоюға, жоспарлауға және саясатты қалыптастыруға міндетті. Ол үшін болжам жасайды. Менеджмент бойынша дәлелденген және жоспарланған операциялары бар ұйымдық құрылым жасау, адамдар арасында міндеттерді бөлу және жауапкершілік деңгейді белгілеу, нұсқау шығару мақсатында әр түрлі шешімдер қабылданады. Қазақстанда менеджмент қағидаттары, тәсілдері, амалдары нарықтық экономиканың өркендеуіне сай кеңінен таралған.
Фредерик Уинслоу Тэйлор (1856 – 1915) Менеджменттің мақсаты
1)Жоспарлау Жоспарлау-фирманың іс-әрекеттерінің мақсаттарын, оларға жетудің басты бағыттары мен құралдарын анықтауды (белгілеуді)тілейді. Бизнес-жоспар — жоспарлаудың негізгі элементі. Есепберу құжаты және инвестициялардың басты дәлелі болатын осыбизнес-жоспар, фирма дамуының кешендік жоспарын жасаудың мақсаты — басқарушыларға фирманың жағдайы туралы толықмәлімдеме беру болады.
2)Ұйымдастыру Ұйымдастыруға фирманың құрылымын құру және көзделгенмақсаттарға жету үшін оның бөлімдерінің өзара өсері менүйлесімдігін қамтамасыз ету жатады.
3) Мотивациялау Мотивацияға жұмыскерлердің еңбекке деген ішкі ынтасын оятыпжандандыружатады.Осыбөлімдеэкономикалыққанаемес, психлогиялық аспект орын алады.
4)Бақылау Бақылауға жоспарланған нәтижелер мен нақты қол жеткеннәтижелердің сәйкестігін анықтау және фирма қызметеріне түзетуенгізу жатады.
Қорытындылай келе,менеджмент - бұл әр түрлі ұйымдардағы адамдарға жетекші ету қызметінің түрі,функциясы,басқару.Менеджмент –бұл басқару функциясын жүзеге асыруға көмектесетін адамзат білімінің облысы.Бұл ғылыми пән.Менеджмент -басқару бойынша жұмыс жасаушының әлеуметтік табы.