Сүйектердің жіктелуі



бет6/10
Дата07.02.2022
өлшемі102,5 Kb.
#90458
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Остеология

Еркін қол сүйектері
Тоқпан жілік humerus ұзын түтікті сүйекке жатады, денесі (диафизі) және екі шеттері (эпифиздері) болады. Тоқпан жіліктің диафизі цилиндрлі, төменгі жағы ушқырлы болады. Жоғарғы проксималды эпифизінде басы, үлкен және кіші төмпектері болады. Төмпектер мен сүйек басы арасында анатомиялық мойыны болады. Төмпектердің астында, эпифиз диафизге өтер жерінде хирургиялық мойыны болады (сүйектің ең осал жері). Төменгі, дисталды эпизінде айдаршық болады, оның екі жағында латералды және медиалды айдаршық үсті өсінділер көрінеді. Олардың арасында латералды жақта айдаршық басы, ал медиалды жақта тоқпан жілік блогі орналасады. Дисталдың эпифиздің алдыңғы жағында тәжді шұңқыр, ал артқы жағында шынтақ шұңқыры орналасады.
Білек сүйектері – медиалды орналасқан шынтақ пен латералды орналасқан кәрі жілік (шыбық) сүйектерінен тұрады. Екеуі де ұзын, түтікті сүйектерге жатады.
Шынтақ сүйегі ulna диафизі мен эпифиздерден тұрады. Диафизі үшқырлы. Проксималды эпифизінде екі өсінді болады: алдыңғы кіші тәжді өсінді және артқы үлкен шынтақ өсіндісі. Олардың арасында жартылай ай тәрізді буынды беті болады. Дисталды эпифиз домалақтанып шынтақ басын түзеді, оның медиалды жиегінде біз тәрізді өсінді болады.
Кәрі жілік radius, диафизі үшқырлы. Проксималды эпифизінде басы болады. Басының төменгі жағы жіңішкеріп мойынына ауысады. Дисталды эпифиз қалыңдау, оның латералды жиегінде біз тәрізді өсінді болады. Дисталды эпифиздің төменгі бетінде білезік сүйектерімен қосылатын буынды беті болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет