№ 3 дәрісОстеология. Артрология
Адамның денесінде 200 ден астам тақ және жұп сүйектер бар, олар қосылып қаңқаны түзеді. Қаңқа (скелет) гректін кепкен деген сөзінен шыққан.Қаңқа салмағы дене салмағының ерлерде 9-18 пайызын, ал әйелдерде 8,5-15 пайызын түзеді.Қаңқаның қызметі алуан түрлі: тірек, мүшелерді қорғау, минералды тұздарды жинау, қызыл және сары жілік майын сақтау. Сүйектерге бұлшықеттер бекіп, қозғалыс жүзеге асады.
Сүйектердің жіктелуі:
Түтікті сүйектер қол аяқ сүйектерін түзеді. Олар қысқа (тоқпан жілік, білек, ортан жілік, сирақ сүйектері) және қысқа (алақан, табан, саусақ сүйектері) болып бөлінеді.
Түтікті сүйектерде цилиндірлі денесі-диафизі және кеңейген екі шеті-эпифиздері болады. Диафиз бен эпифиздің арасында өсу зонасы-метафиз болады. Осы метафиздің арқасында дене ұзынына өседі, өсуі тоқтаған адамда метафиз жоғалып кетеді. Түтікті сүйектің дифизіндегі қуыста сары сүйек майы, ал эпифиздерінде қызыл сүйек майы орналасады.
Кемікті сүйектер сыртқы жағы қатты заттан, ал ішкі жағы борпылдақ заттан тұрады. Осының арқасында олар үлкен жүктемені көтере алады. Кемікті сүйектерге жатады: білезік, тілерсек сүйектері, омыртқа денелері және денедегі қосымша сүйектер (сесамовидные кости).
Жалпақ сүйектер дене қуыстарын шектеп тұрады (бас, кеуде, жамбас қуыстары). Оларға жатады: иық жіне жамбас белдеу сүйектері, төс, қабырғалар, ми сауыты сүйектері. Бұл сүйектерде екі қабат қатты заттың арасында жұқа қабат борпылдақ зат орналасады. Жалпақ бассүйектердегі борпылдақ затты диплое деп атайды.
Аралас сүйектер пішіні күрделі.Олардың бір бөлімі кемікті болса, екінші бөлімі жалпақ болады. М: омыртқа .
Ауа өткізетін сүйектерге кейбір бассүйектері жатады. Олардың ішінде ауаға толы қуыстар болады, бұл қуыстардың қабырғасы кілегейлі қабықшамен жабылған. Сүйектердің бұндай құрылысы олардың беріктігін жоғалтпай, салмағын азайтады. Оларға жатады: сына, маңдай, тор, жоғарғы жақ сүйектері.
Тірі адам сүйегі құрылысы күрделі, өмір бойы белсенді қызмет атқаратын, өмір бойы өзгеріп отыратын мүше, оның түзілуіне барлық тіндер қатысады.
Сүйектің құрылымдық - функционалды бірлігі остеон деп аталады. Остеон өте кішкентай бірінің ішіне бірі кірген сүйек циліндірлерінен тұрады. Оның ортасында қан капилляры өтеді. Бір остеон 4-20 цилиндрлерден тұрады.
Сүйек сыртынан жұқа дәнекер тінді қабықпен (периостпен) жабылады, оның бойымен қан тамырлары жіне жүйкелер өтіп сүйек ішіне кіреді.
Тірі ағза сүйегі нің 28 пайызын органикалық заттар, 22 пайызын бейорганикалық заттар, 50 пайызын су құрайды. Осындай арақатынас сүйекке беріктік береді. Беріктігі бойынша сүйек мыс пен темір сияқты. Бейорганикалық заттардың басым болуы сүйектің сынғыштығына әкеледі (қарт адамдарда). Органикалық заттардың басым болуы сүйектердің жоғары иілгіштігіне әкеледі (жас балаларда). Сүйектің органикалық заты негізінен коллагенді талшықтардан (оссеиннен) және май тінінен тұрады. Бейорганикалық заттар кальций, фосфор, магний және т.б. тұздардан тұрады. Сүйекте барлық бейорганикалық химиялық элементтер болады.
Адам денесінде қаңқа сүйектері әртүрлі қосылыстар арқылы қосылып қозғалыс аппаратының белсенді емес бөлімін түзеді. Сүйектердің қосылыстарын 3 түрге бөлуге болады: үздіксіз, симфиздер немесе жартылай буындар, үздікті қосылыстар.
Үздіксіз қосылыстар үлкен беріктікпен және аз қозғалғыштықпен сиппаталады.
Фиброзды қосылыстарға (синдесмоздарға) байламдар, дәнекер тінді қабаттар, сүйек аралық жарғақтар жатады. Байламдар құрамында көп мөлшерде коллагенді талшықтар бар тығыз дәнекер тінінен түзіледі. Байламдар көрші сүйектердің арасында, буын маңында және кейде буын ішінде орналасады. Байламдар арқылы қосылу өте берік, созылуға деген жүктемені жақсы көтере алады. Қатар жатқан сүйектердің арасында кеңістік болса, олар сүйекаралық жарғақтар арқылы қосылады (білек, сирақ сійектері, қабырғалар). Осы жарғақтар бұлшықеттер бекитін қаңқа көлемін ұлғайтады. Сүйекаралық жарғақтарда қан тамырлары мен жүйкелер өтетін тесіктер болады.
Фиброзды қосылыстарға бассүйек жіктері мен тістің альвеолярлы қосылыстары жатады. Бас сүйектері тісті, қабыршақта және жазық жіктер арқылы қосылады. Жіктердің барлық түрлерінде сүйектер арасында жұқа дәнекер тінді қабаттар болады. Тіс пен жақтың альвеоласы арасында периодонт деген дәнек тіні болады.
Достарыңызбен бөлісу: |