6. Ерден өзінің кер жабағы құлынын неліктен «Керкиік» деп атады?
«... Жылқылар да күйленіп, оңалып кетті. Ерден қораға келгенде алдымен кер жабағыны ұстайды, оның өне бойын тарақтап, тазалап, оттығына шөбін жаңалап, қадағалай күтті...Жем мен шөптен жұнттай болып семірген Ерденнің күтіміндегі кер жабағы аз уақытта көзге түсе өскен, сүйегі де тамаша түзелген. Әкесі келген күні Ерден өзі ерекше күткен, құлын күнінен тәрбиелеген жабағыны далаға шығарып ойнақтатты, жемін беріп, суарып, бұлақ басынан үйге өзі мініп келді.
-Ерденжан, мынау «Керкиік деген тұлпар болмаса не қылсын. Осының ене жағында ахалтекеден қалған ұшпалақ мінез бар екен,-деп Әби кер жабағыны біраз айналдырып көрді.
Сол күннен бастап кер жабағысын Ерден «Керкиік» деп атап кетті.