Скаффолдинг стратегияларын қолдану арқылы тарих пәнінен тілдік дағдыларды қалыптастыру және дамыту жолдары акынбекова гулнур Оразбаевна, кенбаева надежда Амангелдиевна



Pdf көрінісі
бет22/135
Дата22.04.2022
өлшемі5,12 Mb.
#140352
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   135
Байланысты:
сборник3

 
 
Білім беру жүйесі
- сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей 
мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру 
құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы 
тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны. 
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты
- бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – 
үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше 
тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір 
тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық 
шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – 
педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, 
рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, 
біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын 
талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, 
әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. 
Қазіргі таңда бағдарламаны жақсы, терең меңгерген, күнделікті сабақтағы мақсатқа 
сай іс-әрекет таңдап, оны оқушыға жеткізе алатын белсенді оқу әдістерін қолданып, әр түрлі 
деңгейдегі тапсырмаларды саралай білу іскерлігі қалыптасқан, ақпараттық-коммуникативтік 
технология құралдарын еркін меңгерген, оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыра 
алатын, білімге деген қызығушылығын арттыра отырып, сыни тұрғыда дарындылығын 
дамытуда іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну және рухани дүниелер 
арқылы ынтымақтастық орта қалыптастыру, тиімді кері байланыс ұйымдастыру — міне, 
бүгінгі күннің талабы осындай. Ал оның негізі бастауыш сыныптарда қаланбақ. Сондықтан да 
бастауыш сыныпта жас ерекшелігіне қарай әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, 
оқушылардың бойына негізгі дағдыны қалыптастыру арқылы өз бетінше білім алуға жетелеу 
— ең басты мәселе. 
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты — білім мазмұнының жаңаруымен қатар, 
критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері мен әртүрлі 
құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Сонымен қатар бастауыш сынып 
пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы 
проблемаларды анықтап зерттеп, түсініп, қолданып, саралап, бағалай білуді де талап етеді. 
Жаңартылған білім беру бағдарламасының маңыздылығы неде? – деген сұрақты 
қарастыратын болсақ, оқу бағдарламалары спиральді білім беру бағдарламасы (Джером 
Брунер) моделіне негізделген. Оның негізінде оқушылар келесі сыныпқа ауысқанда 
зерделенген материалдар мен білім қайталанып отырады деген тұжырым жатыр.Спиральді 


22
білім берудің негізгі ерекшелігі: әрбір қайталанып оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің 
күрделілігі арта түседі; жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін 
алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады; оқушы пәнді қайталап оқыған сайын ақпарат 
толықтырылып бекітіліп отырады; спиральді білім беру бағдарламасы жеңіл идеялардан 
күрделі идеяларға қисынды жолмен ауысуға мүмкіндік береді; оқушыларды соңғы оқу 
мақсатына қол жеткізу үшін бұрын алған білімдерін қолдануға жетелеу ұсынылады. Сонымен 
бірге оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сыни тұрғыдан 
ойлануға, зерттеу жұмыстарын жүргізуге, тәжірибе жасауға, АҚТ-ны қолдануға, 
коммуникативті қарым-қатынасқа түсуге, шығармашылықты дамытуға, кері байланыс 
жасауға, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу үшін қажетті тиімді оқу және оқыту әдіс-
тәсілдерін (белсенді оқу, бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді 
стратегиялары) үйретеді. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалдық 
бағалау жүйесіне өтуде. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала 
белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша 
үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау.
Сынып жетекшісінің ата-аналармен өзара іс-әрекетінің ерекшеліктері 
К.Д.Ушинский айтқандай, «Мұғалім тек өз пәнінен сабақ беріп қана қоймауы керек, 
сонымен қатар тәрбиеші адал, әділетті, шыншыл адам болуы керек». Олай болса, әр мұғалім 
сабаққа қойған үш мақсатының үшеуіне де жетіп, білім мен тәрбиені ұштастыруымыз қажет. 
Мектепте оқу жылының басында негізгі пәндер бойынша әр баланың білім деңгейі 
анықталады. 
Сынып жетекшісі ата-ана, оқушы, пән мұғалімдерін байланыстырушы ғана емес, 
қарым-қатынастарын басқарушы, бақылаушы, кеңесші. 
Осыған байланысты, оқушының жеке тұлғасы емес, оның жұмысы ғана бағаланады; 
білім алушының жұмысы басқа білім алушылардың жұмыстарымен емес, оларға алдын ала 
белгілі (өте жақсы орындалған жұмыс түрінде) эталонымен салыстырылады. Не нәрсеге 
үйретеді, соны ғана бағалауға болады, сондықтан бағалау критерийі – оқу мақсаттарының 
нақты көрсетілуі. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас 
бір бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы 
бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты 
қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. 
Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін, ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу 
кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған кезде оқушының үлгерімі туралы 
ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Бағдарлама оқушының төрт 
тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт 
дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір-бірімен тығыз 
байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын 
тілдік мақсат та күрделене түседі. 
Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты оқушылардың танымдық міндеттерін 
қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге 
құштарлығын ояту. Мұғалім сабақта әдіс - тісілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс 
- пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға 
мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс – тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың 
ойлануына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды 
сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балардың 
ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан - жақты тануды 
ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің міндеті. 
Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан – жақты, білімі қажет. 
Жаңа мазмұнды бағдарламаның мәні, баланың функционалдық сауаттылығын 
қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі 
керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған.
Бастауыш мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен сапасының дамуы қуатты жүретін, ерекше 
құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да, бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы 


23
басқышы, қиын да, қадірлі жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім ғана беріп 
қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға дұрыс көзқарасты болу, 
жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, 
дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету. Дамыта оқытудың басты мақсаты –баланы оқыта 
отырып, жалпы дамыту. 
Әрине бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау 
мүмкіндіктері әртүрлі болады. Дегенмен әр баланың бір нәрсеге бейімі болады. Бейімділік - 
оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Баланың жасырын, тіпті тым терең жатқан 
қабілеттерінің көрінуін мүмкіндік жасау тек оқыту үрдісі кезінде үлкендердің басшылығымен 
жүзеге асады. 
Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп дәлелдейді. 
Сол себебті, балалардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға тек мектеп қана мақсатты түрде 
ықпал ете алады 
Ыбырай Алтынсарин сөзімен айтқанда мектептің жұмыскер жүрегі – ұстаз. Яғни, 
негізгі білім қазығы –бастауыш сынып мұғалімдерінен үлкен үміт күтері сөзсіз. Осы 
міндеттерді жүзеге асыруда әр сыныптың ерекшелігі білім деңгейіне сай болуы қажет. Қазіргі 
заман талабына бейімделген шәкіртті тәрбиелеп, білім беруде өз тәжірибемде басты өзекті 
тақырыбымызды: «Жеке тұлғаға бағытталған оқытуды ұйымдастыру арқылы оқушылардың 
шығармашылық қабілетін арттыру», - деп атадық. 
Осы тақырыпты меңгеру барысында мынадай міндеттер шешімін табуға тиіс: 
Оқушының психологиялық даму ерекшелігін, пәнге деген қызығушылығын анықтау; 
Тілдік қорын, мәдени сөйлеуін жетілдіру
Оқушылардың өздігінен іздене отыра, шығармашылық қабілеттерін арттыруға 
икемдеу, соған байланысты жұмыс түрлерін жасау; 
Оқу мен тәрбие егіз екендігін ескере келе, тәрбие жұмыстарында да, оқушының 
танымдық белсенділігін арттыру. 
Жоғарыда аталған міндеттерді жүзеге асыруда оқушылардың көмегімен мынадай 
зерттеу жұмыстары жүргізілді: 
Сауалнама 
Тест: психологиялық, пәндік 
Бақылау жұмысы 
Бұл күнделікті бағдарламаны меңгеруде қиындықтар туғызатынын байқай бастадық. 
Сол себепті жаңашыл-ұстаздардың озық іс-тәжірибелермен қатар, СТО стратегияларын 
сабақта және сабақтан тыс уақыттарда пайдалануға бет бұрдық. Мәселен, кітапханашымен 
байланыс жасай отырып, оқушылардың көркем әдебиетке қызығушылығын арттырдық, әр 
сабақта тіл дамыту жұмыстары жасалды, яғни 4 шумақты өлеңдерді жаттауға ұсындық. 
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруда әр сабақ мазмұнына сәйкес суреттер 
салу, диафильмдер жасау, ребус, сөзжұмбақ құрастыруды дағдыға айналдырып отырдық. 
Есте сақтау қабілеттерін арттыруда берілген мәтіндерді, өлең-шумақтарды, аңыз-
әңгімелерді оқушы есінде көбірек сақтап қалу мақсатында түрлі кестелер толтырылды. 
Бұл ретте басты ұстаным - бастауыш сынып оқушыларына сабақты жоғарғы 
қызығушылықпен өткізу екендігін баса айту қажет. Әр тақырыпты өткенде, таңдау кезінде 
алдымен ой қозғалады. 
Сабақтың кейбір кезеңдерінде оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыруда өз ойын 
жазбаша жазуын, логикалық ойлауын үнемі қарастырылады. Оқушылардың сөйлеу 
мәдениетін, өзін-өзі ұстауын, өз ойын еркін жеткізуі, оқушы бойында инабаттылық 
тәрбиесінің қалыптасуына үнемі көңіл бөлініп отырады. 
Осындай атқарылған істер барысында тәжірибелік істердің ілгері басқанын байқадық 
және мына нәтижелерге қол жеткіздік: 
білім деңгейі мен білім сапасының артуына; 
логикалық ойлау деңгейі мен тілдік қарым-қатынас деңгейлерінің өсуіне; 
кез-келген ортада өзін-өзі ұстау мәдениетінің жоғарлауына; 


24
қазіргі ортаға бейім, саналық та, тәрбиелік дәрежесінің оң өзгерістерінің сипат 
алғанына көз жеткіздік. 
Болашақтың бәсекесіне қабілетті XXI ғасыр шәкіртін тәрбиелеу білім беру саласының 
еш назарынан тыс қалған емес. Соған сай ұстаз - ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, тынымсыз 
еңбеккер, ортаның ұйтқысы, жан-жақты шебер, терең қазыналы білімпаз, гуманист, белсенді 
патриот болғанда ғана қоғамның мықты да білікті, жоғарғы мәдениетті, жан-жақты дамыған, 
шығармашылығы жоғары жеке тұлғаны қалыптастырып, тәрбиелейтінімізге нық сенімдімін. 
Әр ұстаз – ХХІ ғасыр мұғаліміне сай болу үшін – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, 
жан-жақты шебер, тынымсыз еңбекқор, терең қазыналы білімпаз, кез-келген ортаның 
ұйытқысы болу керек. 
Олай болса, жас ұрпаққа үйретері мол аға ұрпақтың ісі өрге жүзіп, еңбектері үстем 
болсын. 
Мұғалім. Бұл адамның ардақты аты, 
Білімдік бар биікке шығар саты. 
Еңалғашбасталады осы адамнан, 
Сүйеді сондықтан да жақын, жаты... 
Бар ғалым, барлық қоғам мұғалімді, 
Сыйлайды мәңгі бақи беріп төрін, - 
деп, Сәбит Мұқанов айтқандай, үнемі сыйлы, қадірлі, сүйіктіболып, шәкірттерімізді 
білім нәрімен сусындатып, белестерге жете берейік. Сондықтан баланы жеке тұлға ретінде 
өздігінен дамуға итермелеуіміз керек. Себебі жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың 
білім алу арқылы өз бетінше дамуын қойып отыр. Бұл мақсатқа жетуде өз бетінше 
жұмыстардың алар орны ерекше. 1- сынып оқушыларымен бірден қалыпты жұмыс жүргізіп 
кету әрине қиын. 6 жасар балаға бәрі жаңалық. Олардың бірден даусын шығарып сөйлеп 
кетудің өзі бір мәселе. Жүрексініп, қорқақтай қарап, сәл нәрсеге жылап қойғысы келіп тұратын 
кішкенебалдырғанның өз-өзіне деген сенімділігін қалыптастыру – басты мәселе ретінде 
күнделікті сабақта жоспарлануы тиіс. Мысалы, сауат ашу пәнінде сол күнгі мақсатқа 
байланысты бірінші ширату өткізу арқылы балалар бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасауға 
мүмкіндік алады. Содан кейін тыңдалым дағдысы бойынша дискіден мәтінді тыңдайды. С 
дыбысын өткенде мәтінді тыңдай отырып жыланның «ыс» деп дыбыс шығаратынын қайталай 
отырып С дыбысымен танысып, оның дауыссыз екенін ажыратады. «Сағат» — деген сөзге 
дыбыстық талдау жүргізіп, әр топ кеспе әріптерден С-дан басталатын сөздер құрастырып 
жазуға болады. «Автобус аялдамасы» әдісі бойынша әр топ орындарын ауыстырып басқа 
топтың құрастырған сөздерін оқып, қатерлерін түзете отырып, өз орындарына келгенде қандай 
өзгеріс болғандығын тауып өзара бағалауды ұйымдастыруға болады. Бұл баланың есте сақтау 
қабілетін дамытады. Ортақ тақырып «Сыныптан тыс уақытта» болғандықтан «Ойлан, жұптас, 
бөліс» әдісі арқылыбір-біріне сабақтан тыс уақытта немен айналысатындары туралы, қандай 
қызықты бағдарламалар көретіндері туралы айта отырып айтылым дағдысын дамытады. Ал 
«кір жаятын жіп» әдісі арқылы баланың оқылым дағдысын дамыта аламыз. Алдарыңда жатқан 
бірнеше сөздің ішінен бір сөзді оқып кір жаятын жіпке дауыстап айтып іледі. Жұмыс 
дәптерлеріне әріптің жазылуын әдемілеп жазып, қызыл және көк түсті текшелермен берілген 
сөздерді өзіне сәйкес суреттермен сәйкестендіреді. Бұл жерде баланың жазылым дағдысы 
дамиды. Тек жазып қана қоймай логикалық ойлау қабілеттерін де қатар дамытып отырады. 
«Менің отбасым» тақырыбын өткен кезде әр топ алдарында жатқан плакатқа үстел 
басында отырған отбасы мүшелерін орналасытырып жапсырады. Бұнда балалар келісе 
отырып, бір-бірімен ақылдасып, ортақ шешімге келіп жұмыстанады. Соңында әр топ мүшелері 
тақта алдына шығып ауызша айтып қорғайды. Не үшін олай отырғызғаны туралы айтып ой 
бөліседі, яғни кері байланыс жүріп отырады. Сауат ашу оқулығындағы әр тапсырма балаға 
ойын ретінде берілгенімен, әрқайсысы оларды логикалық және сыни ойлауға жетелейді. 
Сонымен қатар оқушыларды көшеге алып шығып сол күні өтіп жатырған дыбыстан 
басталатын сөздер тапқызып, сыныпқа кіргесін соның суретін салғызуға болады. Мысалы, О 
дыбысын өткенде: орман, орындық, автобус, жол, сияқты заттардың суреттерін салады, 


25
дыбыстың орнынтабады, буынға бөледі, сөйлем құрайды, жұбына сұрақ қояды, бір-бірін 
бағалайды. 
Математикадан «Серпім мен сауал», «Саусағымды қос», «тез ойла» ширатуларын 
қолдану арқылы мысалдарды ауызша тез орындауға үйренеді. Әр топтың алдарында жатырған 
ермексаз жағылған қағазға моншақтарды жапсыру арқылы немесе таяқшалармен екі таңбалы 
сандар жазып шығады. Бұдан ондықтар мен бірліктерді айырыпүйренеді. 
«Құпия зат» әдісін пайдалану арқылы геометриялық фигуралардың атын тез жаттауға 
үйренеді. Мысалы,бір оқушы дөңгелектін емес цилиндрді жасырады. Ортаға шығады. Оған 
басқалары сұрақ қояды. Барлық пәндерге ортақ сегіз тақырыпберілген. Осы тақырыптар бір 
уақытта қатар өтіліп отырады. 
Өзім туралы 
Менің мектебім 
Менің отбасым және достарым 
Бізді қоршаған әлем 
Саяхат 
Салт-дәстүр және ауызәдебиеті 
Тағам және сусын 
Дені саудың жаны сау 
Мысалы, «саяхат» тақырыбын өткен кезде сауат ашудан орманға саяхат жасап
қоңыздың саяхаты туралы мәтін оқыса, ал математикада Астана қаласына саяхаттап, 
ондағыХаншатырдың, Ақорданың, Парламент үйінің, Бәйтеректің ұзындығын, енін өлшейді. 
Бұлардың ішінен үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, цилиндр, конус, пирамидаларға ұқсас 
ғимараттарды атайды. Орыс тілі пәнінен саяхат туралы орыс тілінде айтып үйренеді. 
Ағылшын тілінде ағылшынша сын айтады. Дүниетауда алғашқы адамдардың қай жерде пайда 
болғанын, қалай өмір сүргенін, адамдардың не үшін саяхат жасайтынын түсінеді. 
Жаратылыстану пәнінен осы кезде ғарыш дегеннің не екенін, астрономия нені зерттейтінін, 
Жердің қандай екенінтүсінеді. Көркем еңбектен адамдар не үшінсаяхат жасайтынын, көрікті 
орындар дегеніміз не және ол қандай болатынын, бейненің пішін мен байланысын, коллаждың 
не екенін үйренеді. Осылай ортақ тақырыпта әр пәннен қайталап отыру кезінде бір тақырыпты 
жан-жақты қырынан ашып, терең меңгеруге үйретеді. Балаға тез түсініп ұғып алуға ыңғайлы. 
Өздеріне таныс тақырып болғандықтан тапсырманы тез түсініп, тез орындайды. Міне, бұдан 
біз бастауыш мектептің оқу бағдарламаларындағы жағымды өзгерістер балаларға арналып 
жасалғанын, оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жасалғанын, 
қызығушылықтарын шығармашылықпен дамытуға арналғанын және коммуникативті оқыту 
ұстанымына негізделіп жасалғанын көруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет