Скаффолдинг стратегияларын қолдану арқылы тарих пәнінен тілдік дағдыларды қалыптастыру және дамыту жолдары акынбекова гулнур Оразбаевна, кенбаева надежда Амангелдиевна



Pdf көрінісі
бет1/135
Дата22.04.2022
өлшемі5,12 Mb.
#140352
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   135
Байланысты:
сборник3




 
 


3
«СКАФФОЛДИНГ СТРАТЕГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ТАРИХ ПӘНІНЕН 
ТІЛДІК ДАҒДЫЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ 
АКЫНБЕКОВА Гулнур Оразбаевна, КЕНБАЕВА Надежда Амангелдиевна 
Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 
Қазақстан, Қызылорда қаласы 
 
Аннотация 
Бұл зерттеуде пән мен тілді кіріктіріп оқытуда Скаффолдинг стратегияларының тиімді 
әдістерін сабақта қолдану арқылы оқушының тілдік дағдыларын дамыту жолдары 
қарастырылады. Зерттеу барысында пән мен тілді кіріктіріп оқытуды және Іс –әрекеттегі 
тәжірибені зерттеумен айналысқан ғалымдардың еңбектері пайдаланылды. Сонымен қатар 
бұл зерттеуде тілдік дағдыларды қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды орындау 
барысындағы оқушылардың іс-әрекеттері талданады.
Annotation 
This study examines ways to develop students' language skills using effective scaffolding 
techniques in integrated subject and language learning in the classroom. During the study, the work 
of scientists involved in the study of case studies and integrated language teaching was used. Also, 
this study analyzes the actions of students in the performance of tasks aimed at the formation of 
language skills. 
Қазіргі уақытта еліміз үшін білім мен ғылымды инновациялық жолмен дамыту 
маңызды болып табылады. Сондықтан жаһандық үдерістен қалмай, мемлекетіміздің дамуына 
үлес қосатын болашақ жастардың көп тілді меңгеруі қажеттіліктен туып отырған үдеріс. 
Көптілді және көпмәдениетті, бәсекеге қабілетті жаһандық тұлға қалыптастыру қазіргі 
кіріктірілген оқу бағдарламасындағы негізгі мақсаттардың бірі болып саналады. Кіріктірілген 
бағдарлама көптілділікті қалыптастыру мен іске асырудың құралы – CLIL болып табылады. 
Қазіргі таңда пән мен тілді кіріктіріп оқытуда бірнеше стратегияларды ұсынуға болады. 
Солардың ішінде "Скаффолдинг" (мәтіндік тапсырманың бейімделу әдістері), Топтық оқыту 
(Теam teaching), Translanguage және т.б.
Скаффолдинг – оқушының дербестігі, белсенділігі мен сыни ойлауына көмектесетін 
түрлі уақытша әрекеттер мен механизмдер жиынтығынан тұрады. Скаффолдинг оқушыларға 
өз бетімен үлкен жетістіктерге жетуге көмектеседі [11].
CLIL әдісінде скаффолдингті қолдану тиімді болып табылады. Бұл әдіс оқушының 
тілдік дағдысын қалыптастыруда жеңілден күрделіге қарай бағытталып, оқушының түсінігі 
мен қабылдауына ықпал етеді. Себебі, пәнмен тілді кіріктіріп оқыту өте күрделі процесс. 
Сабақ барысында тілдік дағдысы төмен оқушылар үнемі қолдауды қажет етеді. Сондықтан 
зерттеу обьектісі 7 сынып (орыс тілді) оқушылары фокус сынып ретінде таңдалды.
Алғашқы зерттеу проблемалық сұрақтарды анықтаудан басталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет