Скаффолдинг стратегияларын қолдану арқылы тарих пәнінен тілдік дағдыларды қалыптастыру және дамыту жолдары акынбекова гулнур Оразбаевна, кенбаева надежда Амангелдиевна



Pdf көрінісі
бет6/135
Дата22.04.2022
өлшемі5,12 Mb.
#140352
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   135
Байланысты:
сборник3

Сабақтың тиімді тұстары
Біріншіден, оқушы өздігінен күрделі тапсырманы орындау дағдысы қалыптасуына 
ықпал етті..
Екіншіден, мәтінмен жұмыс жасау арқылы оқушының айтылым, жазылым дағдысының 
біршама жақсарғандығы байқалды.
Зерттеудің екінші сабағы «Ұлы Жібек жолы ортағасырлық Қазақстанның 
экономикалық және мәдени дамуына қалай әсер етті?» деген тақырыпта жүргізілді. Оқу 
мақсаты: Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін және көшпелілер мен 
отырықшылар арасындағы өзара экономикалық байланыстарын анықтау болды. Сабақты 
жоспарлауда оқушының жас ерекшелігі, тілдік дағдылары ескерілді. Сабақта тиімді 
қолданылған әдістер: суретті иллюстрациялық диалог, Ұлы Жібек жолы бойындағы қалаларға 
саяхат, өзара бағалау.
Оқушы картадан Ұлы Жібек жолындағы керуен жолдарын көрсетеді және 
Қазақстандағы қалалардың тарихи маңызын түсіндіреді. Саяхат сабағы барысында «Өнер 
көрмесі» мен әр топқа маршрут картасы берілді. Картада скаффолдинг стратегияларының 
тиімді әдістері пайдаланылды. Негізгі топтың мақсаты Қытай елінен батысқа шыққан 
саяхатшы рөліне еніп маршрутта көрсетілген тапсырмаларды өзіндік интерпретация жасау 
арқылы орындауы қажет болатын.
Зерттелетін аспектілер негізінде маршрут картасында көрсетілген сұрақтар: 
Қытайдан өз қалаңа жету үшін қай өңірлерді басып өттіңіз? 
Сіздер үшін керуенде не болу керек? 
Келген қалаңыздың архитектурасын сипаттаңыз? 
Сенің қалаңда сауданың қандай түрлері дамығанын анықтаңыз? 
Қаладағы шеберханалар өнімдерінің тізімін жасап, қолданылған ақша түрлерін 
анықтаңыз? 
Сабақтың тиімді болған тұстары: 
Біріншіден, оқушыда әртүрлі тарихи деректермен жұмыс жасау арқылы, оқиғаның 
маңыздылығына баға беру дағдысы қалыптасқаны байқалды.
Екіншіден, рөлге ену арқылы сауда байланысында ерекше рөл атқарған қалалардың 
тарихын, керемет ескерткіштерді, қала көрінісін, түрлі кәсіп иелерінің роліне ену арқылы 
өзара диалог орнатты, бұл оқушының айтылым дағдыларын дамытуға ықпал етті.
Үшіншіден, оқушы өз жұмыстарына баға беруді үйренді.
Сабақ соңында оқушылар дауыс беру арқылы ең үздік топты анықтауда өздері маршрут 
картасында берілген тапсырмалар негізінде критерийлер құрастырып, бағалау жүргізді. Бұл 
оқушының оқу мақсатында көрсетілгендей Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалардың өзара 
байланысының маңыздылығын ашуға ықпал етті. Оқушы оқу үдерісін түсініп, өзіндік ой 
көзқарасын білдіру дағдысын қалыптастырды. Сабақта скаффолдинг әдісін пайдаланып, 
оқушыға оқу үдерісін өзі түсініп орындауға бағыт бағдар бергеннің ықпалы байқалды.

Үшінші сабақ «Түркі халықтарының әлем өркениетіне қосқан үлесі қаншалықты?» 
тақырыбында өткізілді. Сабақтың мақсаты: сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін 
талдау және түркі халықтарының әлем өркениетіне қосқан үлесін анықтау. 


7
Сабақ интербелсенді тақтада пирамидалар, «Тадж Махал» кесенесі, Ұлы Қытай 
қорғаны, Колизей анфитеатр суреттерді көрсету арқылы басталды. Суреттер бойынша оқушы 
әр ғажайыптың атауларын анықтап, олардың әлемдік өркениеттегі мәдениетке қосқан үлесі 
туралы өз ойларымен бөлісті. Осы тапсырмада зерттеу тобындағы А деңгейіндегі оқушы 
қосымша бұл ғажайыптардың салыну тарихы туралы да мәлімет жеткізді. Келесі тапсырмада 
пирамидаға «Түркі халықтарының қандай мәдени жетістігі әлемдік өркениет үшін ең маңызды 
болып табылады?» - деген сұраққа оқушы берілген мәтін бойынша түркі халықтарының 
мәдени жетістіктерін атап, маңыздылық деңгейі бойынша талдап орналастырады. 
Тапсырманы орындау барысында зерттеу тобындағы В деңгейіндегі оқушының жауабы 
пирамидаға орналастырған түркі халқының мәдени жетістіктерін сатылай нақты дәлелдер 
келтіру арқылы жоғарғы деңгейде білімін көрсетті. 
Жоғарғы деңгей дағдыларын қалыптастыру мақсатында тапсырма берілді. 
«Ортағасырлық белгілі ғұламалар Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмуд 
Қашғари, Қожа Ахмет Йассауи есімдерін бүгінгі күнге дейін ұмытпауымыздың себебі неде?» 
деген тақырыпта топтар арасында талқылау жүргізілді. Зерттеу тобындағы А деңгейінің 
оқушысы әлемдік өркениеттің дамуына үлес қосқан ғұламалардың шығармаларының тарих 
үшін құндылығына баға берді. Жүсіп Баласағұнның «Өз пайдаңды ойлама – ел пайдасын ойла: 
өз пайдаң соның ішінде» деген нақыл сөзін негізге ала отырып, В деңгейіндегі оқушы 
ғұламаның қанатты сөздеріне мысал келтірді. Бұл тапсырмада зерттеу тобындағы 
оқушылардың дәлелдер келтіру арқылы оқиғаға баға беруі және өмірмен байланыстыра алуы 
тілдік дағдыларының қалыптасуына ықпал тигізетінін байқатты. 
Сабақ соңында «Үшбұрыш» кестесін толтыру арқылы оқушыларға рефлексия 
жүргізілді. Мақсаты: оқушылардың тізбектелген сабақ барысында өткізілген әдістердің 
тиімділігі мен жүргізілуі туралы ой пікірін білу.
Оқушылар кері байланыста сабақта тиімді болған әдістерді және өзара талдау арқылы 
сабақты жеңіл түсінуге болатынын көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет