Қазақстан территориясындағы Ұлы Жібек жолы. Хғ. – ХІІІғ. басындағы Қазақстан мәдениеті
1-нұсқа
І. Жабық тест
1. Қытай елінен алғаш рет жібек артқан керуендер Батысқа қарай жолға шыққан ғасыр:
А) б.з.б ІV ғасырдың басы В) б.з.б ІІІ ғасырдың аяғы С) б.з.б. V ғасырдың басы
D) б.з.б. І ғасырдың ортасы E) б.з.б. VІ ғасырдың басы.
2. Х ғасырдан бастап Қазақстанда әдеби және ғылыми шығармалар жазылған тіл:
А) қазақ В) араб С) парсы D) түрік Е) қыпшақ
3. Орта ғасырдың екінші жартысында Оңтүстік Қазақстандағы қала саны:
А) 30 В) 37 С) 40 D) 47 Е) 50
4. Ташнау деген:
А) демалуға арналған қыш көпір В) дөңгелек не тікбұрышты от орны С) үй ошағы
D) жатын бөлмеЕ) санитарлық-тазалық кұрылысы канализацияның түрі
5. М. Қашғари қалдырған үш кітаптан тұратын мәңгі өшпес мұра:
А) «Түрік тілдерінің сөздігі» В) «Құт негізі - білік» С) «Ақиқат сыйы» D) «Даналық кітабы»
Е) «Оғызнама»
6. Шығыс моншалары болған калалар:
А)Қүлан мен Мерке В)Мерке мен Сайрам С)Тараз бен Отырар
D)Баласағұн мен Тараз Е)Испиджаб пен Құлан
II.7. 8 нұсқадан 3 дұрыс жауапты таңда.ІХ-ХІІІғғ. ғылым мен білімнің дамуына қатысты деректі белгіле:
А) Әбу Наср әл-Фараби
В) Геродот
С) Үмбетей
D) Ахмет Иүгнеки
Е) Әлкей Марғұлан
Ғ) Тоныкөк
G) Жүсіп Баласағұни
H) Асан Қайғы
8. Хронологиялық ретпен орналастыр:
1. Ұлы Жібек жолының қатынасы әлсірей бастады
2. Айша-бибі кесенесінің салынуы
3. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың қалаларында мешіттер көптеп салына бастады
4. Әбу Наср әл-Фарабидің туған жылы
А) 4,3,2,1 В) 1,2,4,3 С) 1,3,4,2 D) 4,1,3,2 Е) 1,4,2,3
9. Сәйкестендіру: Ұлы Жібек жолы, Сәулет өнері, ғылым мен білімнің дамуы.
1. Ұлы Жібек жолы.
|
А. Бабаджа-қатын кесенесі.
|
В. Тараз бен Испиджаб- сауданың басты орталықтарына айналды.
|
С. Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақ.
|
2. Сәулет өнері.
|
D. Ғаныш.
|
Е. «Құтадғу білік».
|
Ғ. Жетісу – шығысқа шығатын басты қақпа.
|
3. Ғылым мен білімнің дамуы.
|
G. Терракоталық тақталар.
|
Н. Махмұд Қашғари.
|
І. Ахмет Иүгнеки.
|
А) 1- В,С,Ғ; 2- А,D,G ; 3-E,H,I. B) 1- A,C,G; 2- B,E,H; 3- D,F,I.C) 1- А,С,І; 2- В,D,Е; 3- Ғ,G,Н.
D) 1- B,A,E; 2- D,C,H; 3- C,B,A.E) 1- B,F,H; 2- A,E,I; 3- C,D,G.
10. Сөйлемдерді толықтыр:
Ұлы Жібек жолының қазақстандық бөлігіндегі бірінші бірегей ірі қала ___________ болды.
Жібектің бір бөлігі Қытайдан шығатын, басқалары Шығыс Түркістанда және _____________ әзірленетін.
Ғалым ______________дүниенің геоцентрік жүйесін Коперниктен 500 жыл бұрын айтып кеткен.
Достарыңызбен бөлісу: |