Зерттеулерге шолу Зерттеу барысында негізгі әдебиеттерге шолу жасалды. Атап айтқанда: Элейн
Уилсонның «Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу жолдары» кітабы мектеп базасындағы іс-әрекеттегі
зерттеу жүргізуге арналған қадамдық нұсқаулық болып табылады. Зерттеудің әрбір кезеңдері
мен мәселені анықтау және шешу жолдарын қарастыру туралы ақпараттар алынып,
нәтижесінде іс-әрекетті зерттеу мәдениеттілігін қалыптастыруға ықпал етті. Үдерістің әрбір
кезеңінде зерттеу мақсаттары бойынша зерделеген мәселелер мен қажетті жиналған деректер
келтіріліп, оларға түсініктеме беруде зерттеу дағдысы арта түсті.
Л.Т. Нұрақаева, З.К. Шегенова. «Назарбаев Зияткерлік мектептерінде пән мен тілді
кіріктіріп оқыту әдісін қолдану» әдістемелік кітабында пән мен тілді кіріктіріп оқытудың
әдістері
қарастырылып,
оқушылардың
тілдік
дағдыларын
(айтылым,
оқылым,
жазылым,тыңдалым) қалыптастыру жолдары айтылады. Орыс сыныптарында бастапқы кезде
екінші тілді меңгеру қиынға соғады. Осы орайда тапсырмаларды жеңілден күрделіге қарай
бағыттай отырып, оқушылар тілдік базалық қарым-қатынасынан академиялық тіл білу
дағдысына көшу жолдары туралы ақпараттарды саралап, сабақта қолдану негізге алынды. Кей
жағдайда ауызекі сөйлеуде грамматикалық қателер жіберіп жатады. Бірақ бұл қателердің
барлығын түзетіп, оқушыдардың ойын бөлмей, оқушы сұрақты бірінші тілде қойса, мұғалім
екінші тілде жауап беруге тырысуы және ең басты қағидат, оқушылардың меңгерген дағдысын
өмірде қолдана білу екендігі айтылған.
Скаффолдинг стратегиясы туралы Mehisto, P., with Ting, T. (2017). «CLIL Essentials for
Secondary School Teachers» зерттеулерінде пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдістері мен
скафоллдинг стратегиясының тиімді әдістері қарастырылды. Оқушылар «мен бұл тілді
меңгере алмаймын» - деген ойда болмау керек. Осы орайда Скаффолдинг тапсырмалары
арқасында оқушылар тілді базалық қарым-қатынас дағдысынан (BICS) академиялық тіл білу
дағдысына (CALP) көшу кезеңдері қарастырылады.
Скафоллдинг дегеніміз не? Тиімді скаффолдинг – оқушының дербестігі, белсенділігі
мен сыни ойлауына болысатын уақытша әрекеттер мен механизмдер жиынтығынан тұрады.
Скаффолдинг оқушыларға өз бетімен жетпес жетістіктерге жетуге көмектеседі. Не себепті
CLIL-да скаффолдинг (демеу) сондай маңызды? Пән мен тілді кіріктіріп оқыту өте күрделі
процесс, сол себепті оқушы демеуді қажет етеді.
Скаффолдинг әдісін қолданудың мақсаттары:
- тақырыпты талқылау үшін өздігінен «идеяларды көктеу» үшін;
- тақырыпты талқылау, қажетті тілді анықтау, сыныпта ой қозғау үшін;
- меңгерген тілдік құрылымдарды топтастыру;
- оқушылар жаңа сөздер мен сөз тіркестерін әртүрлі мақсатта және әртүрлі контекстте
қолдану;
- мысал келтіріп сипаттау үшін;
Зерттеулерде: сұраққа жауап беретін оқушыны таңдау алдында оларға бірнеше секунд
уақыт беріледі. Оқушылардың барлығы қол көтермейді, оқушыларды кездейсоқ таңдаңыз. (Не
үшін? Егер оқушыларды кездейсоқ таңдайтын болсаңыз, олардың барлығы сұрақты зейін
салып тыңдайды). Жауап берер алдында оқушыларға өз ойларын тұжырымдауға мүмкіндік
беріңіз: жауапты ойластыру үшін 30 секунд. Жұппен жұмыс жасаған кезде жұптарға бірнеше
ойларды жазып алу үшін 1-3 минут уақыт берілу керек. Түсінгендеріне негізделіп, қате
пікірлерден дұрыс ойлар дамыту үшін оқушылардың жауаптарын сыныпта талқылау қажет.
5
Тақырыпты қайталау барысында, оқушылар өз сұрақтарын құрастырып оларға жауап береді.
(Не үшін? Оқушылар оқып білгендері туралы ойлай бастайды, сондай-ақ оқу материалдарын
қайта қарайды.) Тақырыпты таныстырар алдында бұл тақырып бойынша оқушылардың
білімін анықтау жаңа оқытудың негізі болып табылады.[11]