Слайд 1 с информацией о кадрах


Фарадей Тиндаль эффектісін түсіндіріңіз. Шашыраған жарықтың қарқындылығы қандай факторларға тәуелді болады? Рэлей теңдеуін жазыңыз



бет3/4
Дата14.04.2023
өлшемі2,25 Mb.
#174566
1   2   3   4
Байланысты:
Темирханова Сара МОЖ

3. Фарадей Тиндаль эффектісін түсіндіріңіз. Шашыраған жарықтың қарқындылығы қандай факторларға тәуелді болады? Рэлей теңдеуін жазыңыз.
Жарықтың дисперстік жүйелерде шашырауыДисперстік жүйелердің оптикалық қасиеттері шын ертінділердікінен ерекше болады. Ол ерекшелік, біріншіден дисперстік фаза бөлшектерінің өлшемімен, екіншіден түскен жарықтың толқын ұзындығымен анықталады. Егер бөлшектің өлшемі түскен жарықтың толқын ұзындығынан үлкен болса, жарық бөлшек бетінен шағылады, ал шағылу бұрышы жарық толқынының түсу бұрышына тең болады. Бұл дөрекі дисперстік жүйелерде болады. Мысалы, суспензиялар мен эмульсиялардың мөлдір болмай, лайланып тұруы осымен түсіндіріледі.
Коллоидтық жүйелерде бөлшектер түскен жарық толқын ұзындығынан кіші болады, сондықтан жарық шашырамайды да, жүйе мөлдір болып көрінеді.Мысалы коллоидтық жүйелердегі бөлшектердің ең үлкен өлшемі 100 нм, ал көрінетін жарықтың толқын ұзындықтары 400 нм-ден (күлгін) 700 нм-ге (қызыл) дейін болады, сондықтан коллоидтық жүйелерде жарықтың тек шашырауы болады, шағылуы болмайды.Егер қараңғыда линза арқылы жарық сәулесінің шоғырын коллоидтық ертіндіге бағыттап, бір-бүйірден қараса, онда ертіндіде жарық конусты байқауға болады. (10.1-сурет). Оның себебі –коллоидтық бөлшектермен шашырауы. Жарықтың коллоидтық бөлшектермен шашырауын алғаш М.В. Ломоносов айтқан болатын. Бұл құбылысты М.Фарадей (1857 ж.) және оның шәкірті Д. Тиндаль (1869 ж.) тұманның табиғатын зерттей отырып толығырақ қарастырды.
Сол себептен коллоидтық ертіндідегі жарқылдаған конусты Фарадей-Тиндаль конусы, ал бұл құбылысты –Фарадей-Тиндаль құбылысы (эффектісі)деп атайды.Осыған ұқсас құбылыстарды қараңғы болғанда жарық сәулесін түсіргенде (мысалы, кинотеатрда, немесе қараңғы үйде) немесе түңгі қараңғылығында прожектор сәуленің шоғыры түскенде байқауға болады. Сол кезде біз шаң-тозаңның жарқылдаған жеке бөлшектерін байқай аламыз. Сонымен жарықтың өте ұсақ бөлшектермен шашырауы –Фарадей-Тиндаль эффектісінің негізі болып табылады.Шашыраған жарықтың қарқындылығы бөлшектің өлшемі мен толқын ұзындығына ғана емес, одан да басқа факторларға тәуелді болады. Оны ағылшын физигі Д. Рэлей былай көрсеткен болатын
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет