Слайд 1 с информацией о кадрах



бет1/4
Дата14.04.2023
өлшемі2,25 Mb.
#174566
  1   2   3   4
Байланысты:
Темирханова Сара МОЖ
Тест Акушерия 2 практика, 1602607624

Слайд 1 с информацией о кадрах


Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті
МӨЖ 4
Орындаған: 7М01504 - «Химия» мамандығының 1 курс магистранты Темирханова С. Н
Тексерген: Матаев М. М
МТКК-ны анықтаудың кондуктометрлік әдісі
Кондуктометрлік әдіс БАЗ ерітінділерінің электрлік өткізгіштігін өлшеуге негізделген. Әрине оны тек иондық БАЗ үшін қолдануға болады. МТКК-ға дейінгі концентрацияда меншікті және молярлық (эквиваленттік) өткізгіштердің БАЗ концентрациясына тәуелдіктері күші орташа электролиттердің тәуелдіктеріне сәйкес келеді. МТКК-ға сәйкес концентрацияда тәуелділікте сфералық мицелла түзілгенді білдіретін сынық байқалады.
Иондық мицеллалардың қозғалғыштығы иондардың қозғалғыштығынан аз, оның үстіне қарсы иондардың көп бөлігі мицелланың коллоидтық бөлшегінің тығыз қабатында болады, ендеше БАЗерітінділерінің электроөткізгіштігі едәуір төмендейді. Сол себепті БАЗ концентрациясын МТКК-дан артық етіп көбейткенде меншікті электр өткізгіштік едәуір әлсірейді (14.4 сурет), ал молярлық электроөткізгіштік күрт төмендейді (14.5 сурет)
Бұл әдісті кейде солюбилизациялауәдісі деп те атайды. Бояғыш заттарды және көмірсутектерді БАЗ мицеллаларында солюбилизациялау иондық БАЗ-дың және иондық емес БАЗ-дың МТКК-сын әрі сулы, әрі сусыз ерітінділерде анықтауға мүмкіндік береді. Ерітіндідегі БАЗ-дың концентрациясы МТКК-ға жеткенкезде суда ерімейтін бояғыш заттардың және көмірсутектердің ерігіштігі күрт өседі. Майда еритін және МТКК-да жоғары концентрацияларда БАЗ ерітінділерін қарқынды бояйтын заттарды қолдану ыңғайлы болады. Солюбилизацияны жарық шашырауға негізделген әдіспен немесе спектрофотометрлік әдіспен өлшейді.
МТКК-ны анықтаудың спектрфотометрлік немесе фотонефелометрлік әдісі
Мицелла түзілудің кризистік концентрациясын анықтау әдістеріМТКК-ны анықтау әдістері концентрациясының өзгеруіне байланысты БАЗ ерітінділерінің физика-химиялық қасиеттерінің күрт өзгеруіне негізделген. Ол ерітіндіде БАЗ-дың мицеллалары түзілуі жаңа фазаның түзілуін білдіреді, сондықтан жүйенің физика-химиялық қасиеттері күрт өзгереді.«БАЗ ерітіндісінің қасиеті – БАЗ концентрациясы» тәуелділіктерінің қисықтарында сынық (күрт өзгеріс) байқалады. Бұл кезде сол сынықтың сол жағы (концентрация аз кезінде) БАЗ ерітіндісінің молекулалық немесе иондық күйінің, ал оң жағы коллоидтық күйінің сәйкесті қасиетін сипаттайды. Сынықтан абсциссаға перпендикуляр түсірсе, ол БАЗ молекулаларының (иондарының) мицеллаларға ауысқандығын, яғни мицелла түзілудің кризистік концентрациясын (МТКК) көрсетеді.МТКК анықтаудың кейбір әдістерін қарастырайық.
Мицелла түзілудің кризистік концентрациясы (МТКК) және оны анықтауМТКК-ға әсер ететін негізгі факторлар ретінде мыналарды айтуға болады:
1.көмірсутектік тізбектің құрылысы мен ұзындығы;
2.полярлы топтың сипаты;
3.ерітіндіде индифференттік электролиттің және бейэлектролиттердің болуы;4.температура.Осылардың алғашқы екі факторларының әсерін мына формуламен көрсетуге болады:
RTlnМТКК=а-bn (1)
мұндағы:
а-полярлық топтың еру энергиясын сипаттайтын тұрақты;
b –бір –CH2-тобының еру энергиясын сипаттайтын тұрақты;
n –CH2–тобының саны.
(14.1) –теңдеуімен неғұрлым гидрофобтық топтың еру энергиясы және олардың саны көп болса,соғұрлым МТКК аз болады.Керісінше, полярлы топтың энергиясы неғұрлым көп болса соғұрлым МТКК да көп болады, өйткені түзілетін ассоциаттар суда сақталады.
Иондық БАЗ-дың МТКК-сы молекулаларының гидрофобтылығы бірдей иондық емес БАЗ-дың МТКК шамасынан әлдеқайда көп болады.Иондық емес БАЗ-дың сулы ерітінділеріне электролиттерді енгізу мицелланың өлшемі мен МТКК-ға әсері шамалы-ақ болады.
Иондық БАЗ-дың сулы ерітінділеріне электролиттерді енгізгенде оның әсері күшті болады, оны мына формуламен көрсетуге болады:ln МТКК=а/–b/n-klnC (2)мұндағы: а/және b/–(1)-теңдеудегі ажәне b тұрақтылары сияқты тұрақтылар. k-конcтанта; с -индифференттік электролиттің концентрациясы.(2) –теңдеуден индифференттік электролиттің концентрациясы (с) артқан сайын МТКК азаятынын білуге болады.БАЗ сулы ерітінділеріне бейэлектролиттерді (органикалық еріткіштерді) қосқанда оларды МТКК-ны өзгертеді. Егер солюбилизация болатын болса, онда мицеллалардың тұрақтылығы артады, яғни МТКК азаяды. Егер солюбилизация болмаса (яғни бейэлектролит молекулалары мицелла ішіне енбесе), онда олар, әдетте, МТКК-ны арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет