мұндағы: шJжәне0J–шашыраған және түскен жарықтың қарқындылықтары; с-дисперстік фазаның салмақтық концентрациясы; -дисперстік фазаның тығыздығы;
1nжәне 2n-дисперстік фаза мен дисперсиялық ортаның сыну көрсеткіштері;
V-бөлшектің көлемі;
-түскен жарықтың толқын ұзындығы.Рэлей теңдеуі дисперстлік фаза бөлшектерінің өлшемі толқын ұзындығының оннан бір бөлігінен аспайтын r=0.1λ, яғни r<40÷70 нм болатын монодисперстік коллоидтық жүйелер үшін дұрыс.
Рэлей теңдеуінен шашыраған жарықтың қарқындылығы басқа жағдайлар бірдей болғанда бөлшектің көлемінің квадратына (V2) тура пропорционал екенін көруге болады. Сондықтан шын ертінділерде еріген заттың бөлшектерінің көлемі өте аз және еріткіш бөлшектерінікімен шамалас болғандықтан, оларды іс жүзінде жарық шашырауы байқалмайды.
Теңдеуден шашыраған жарық қарқындылығы түскен жарықтың толқын ұзындығының төрт дәрежесіне кері пропорционал, ендеше толқын ұзындықтары үлкен жарық (мысалы, қызыл, қызғылт немесе сары) толқын ұзындығы кіші жарықтан (күлгін немесе көгілдір) әлсізірек шашырайды. Осыған байланысты жарық шашырағанда шашыраған жарық көгілдірленіп көрінеді.
Мысалы, зольдерде ақ жарық шашырағанда Фарадей-Тиндаль көгілдір болып көрінеді: күкірттің зольі және т.б. кейбір зольдер шашыраған жарықтың әсерінен көгілдір болып байқалады, сұйылтылған сүтте көгілдір болып көрінеді. Аспанның көгілдір беті, мұхиттың суының көк болып көрінуі де осы жарық шашырауымен түсіндіріледі. Ертінділерде өткен жарық пен шашыраған жарықтың түстерінің өзгеше болуын опалесценциядеп атайды. (Опал –түсі көгілдір-сарғыш минералдың аты болғандықтан).Егер коллоидтық ерітінді түсті болса, оның түсі қарқынды болады. Мысалы, күшән сульфиді зольі қызғылт сары, немесе темір (III) оксиді золінің түсі қою-қоңыр болады. Коллоидтық ертінділердің түстері дисперстік фазаның дисперстілігінің дәрежесіне де (бөлшектің өлшеміне де) тәуелді болады. Мысалы, алтын зольінің дөрекі дисперстік ерітіндісі көк, одан дисперстілігі жоғары болса күлгін, ал өте жоғары дисперстілікті болса –ашық қызыл болады.
Концентрациясы 55% болатын 5г бензолдың судағы эмульсиясының 313К дегі толық беттік энергиясын есептеңіз. Тамшылардың дисперстілігі 3мкм-1, бензолдың тығыздығы р=0,858г\см3, фазааралық керілу 26,13мДж\м2, беттік керілудің температуралық коэффициенті -0,13мДж\м2.к
4 есеп