Қазіргі заманғы оқыту мектептен, яғни мұғалімнен оқушылардың психикалық және физикалық денсаулығын қорғауды талап етіп отырғандықтан, іс-әрекетті ұйымдастырудың топтық формасы тәжірибесі өзекті әрі болашақта дамушы болып есептеледі. Олардың бастамашылдығын, дербестігін қолдау, баланың мектепке келуіне байланысты бірлесіп, серіктесіп жұмыс істеу, басқалармен тығыз қарым — қатынаста болу дағдысын қалыптастыру, өзіндік таңдауға үйрету қажет.
Сабақта табыс критерийлері жазылып және дескрипторлары көрсетілуі тиіс. Сол кезде ғана оқушылар өз топтарын және өзге топтарды бағалаған кезде нақты, шын баллдарды қояды. Балл қоюға, топты бағалаған кезде оқушылар белсенділігі жоғары болады. Топтар бірін бірі бағалаған кезде реніш болмайды себебі дескрипторлармен бағалау баллдың ақиқатты қойылғанын көрсетеді.
Қорыта келе, топқа бөліп оқытқанда оқушылардың талпынысы артады, әр оқушы өзін жеке керекті тұлға ретінде сезінеді және өз үлесін қосуға талпынады. Бір адамның айтқанынан гөрі бірнеше адамның айтқаны есінде тез жатталады. Топтық жұмыс оқушы белсенділігін арттыруда үлкен жетістікке жеткізеді.