2.3 Бірлескен топтық жұмыстың классификациясы Психолог Ю.Н.Кулюткин былай деп жазады: «Топқа бір біріне деген достық сезімі бар оқушылар жиналуы тиіс. Сол кезде ғана ынтымақтастық атмосферасы туындайды. Қорқыныш пен үрей болмайды»/ Ю.Н. Кулюткин. Ересектерді оқыту психологиясы.-М.,1985, 119 Топтық жұмысты тиімді ұйымдастыруының шарттарының бірі-топты дұрыс іріктеу болып табылады. Топты іріктеуде екі белгіні негізге алуымыз керек: оқушылар арсындағы оңтайлы қарым қатынастары мен оқушының оқу жетістіктерінің деңгейі.Гомогенді және гетерогенді топтар болуы мүмкін. Гомогенді топ дегеніміз бірыңғай жақсы оқитын немесе білім деңгейі бірыңғай төмен оқитын оқушылардан тұрады. :
Бірін-бірі тыңдау Өзгенің пікірін сыйлау Сөзін бөлмеу Уақытқа бағыну Шапшаңдық Бәсекелестік Бірлестік Ал гетерогенді топта білім сапасын әртүрлі деңгейде меңгерген оқушылардан тұратын балалар болады. Оқыту және тәрбиелеу мақсаттары осы гетерогенді топтарда жақсы жүзеге асады. Себебі ол жерде ынтымақтастық, бір біріне өзара көмек көрініс береді. Оқушылар жақсы оқитын оқушылардың көлеңкесінде қалуға тырысып сыныпқа кірген кезде солардың қасына отыруға асығады.
Бірақ топқа бөлудің әртүрлі стратегияларын пайдаланып бөлгеннен кейін олар қарсылық көрсете алмайды. Оқушы санына байланысты топқа 5-6 оқушыдан іріктеледі. Топтық жұмысты бастамастан бұрын оқушылармен бірге топ ережелерін жасау керек. Мысалы топ ережелері төмендегідей болуы мүмкін.
Бірлескен топпен жұмыс жасаудағы мұғалімнің қызметі: Мұғалім сабақты ұйымдастырушы және құрастырушысы. Ұжымдық іс әрекеттің мүшесі. Өтілетін жұмыстың мақсатын түсіндіреді.
Оқушыларды топқа бөледі.
Топқа берген тапсырмаларға түсініктеме береді.
Топтық жұмысты бақылайды.
Олардың іс әрекетін белсендіреді.
Оқушылардың топтық жұмысын бағалайды.
Топтық жұмысқа қорытынды шығарады.
Жіберілеген қателіктерге көңіл аударады.
2.4 Жұмыс жасау барысындағы мұғалімнің қызметі Бірінші сабақтарда топтық жұмыс оқушылар тәжірибесінде жиі болмағандықтан олардың қиналысы көзге айқын көрінді. Осы кезде мұғалімнің көмегі керек болды. Мұғалім әрбір тапсырмаларға түсінік бере отырып жұмысқа ынталандырды. Бақылау төмендегі критерийлер бойынша жүзеге асырылды.
- Топ тапсырмалары оқушының сыни тұрғыдан ойлауына әсер етті ме?
- Топта оқушының белсенділігі көрініс берді ме?
- Қандай оқушылар белсенділігі жоғары болды?
- Мұғалім сабақ үрдісінде оқушының белсенділігін арттыру үшін қандай әдіс тәсілді тиімді қолдана алды?
- Берілген тапсырманың орындалуы шеңберден шыққан жағдайда мұғалім оны қолдап отырды ма?
- Мұғалім барлық оқушыға бірдей қарады ма?
Белгілі маман психологтардың мәлімдеуінше оқушының белсенділігі оның тапсырмаға деген көзқарасынан туындайды. Егер тапсырма қызықтыра білсе оқушы белсенділігінің де жоғары болуы мүмкін. Осы жерде тағы да айта кететін жағдай оқушының белсенділігіне әсер ететін нәрсе сабақтағы еркіндік атмосферасы.Білім деңгейі төмен оқушы үшін бұл ауадай қажет. Достық ынтымақтастық оқушының қорқынышын жояды, тығыз қарым қатынасты орнатады. Оқушы белсенділігін арттыру үшін мұғалім ашық сұрақтарды қою арқылы оның дұрыс шешімге келуіне бағыттайды, түзейді. Бұл жерде эмоция,түрткі басты рол атқаруы мүмкін. Ынтымақтастық дегеніміз тек көмек қана емес ол оқушының тәуелсіздігі мен белсенділігін қамтамасыз ететін атмосфера құру. Оқу үрдісінде кейде дарынды және талантты оқушылар жағымсыз тәртіп көрсетуі мүмкін, бұл олардың ерекше қабілеттеріне тікелей байланысты, мәселен:
Практикада қолданылатын, есте қалған кең ауқымды білімді талқылау кезінде басымдылық көрсетуі мүмкін;
Зияткерлік ойнақылық, пайымдау мен қиялын көрсететін балалар үнемі тапсырмаға қызығушылық танытпауы, болмаса оны орындауға ниетінің жоқтығын білдіруі мүмкін;
Проблемаларды нақты шешуге және есепті дұрыс шығаруға ұмтылатын балалар басқа оқушылар мен оқытушыларды жиі түзете беруі мүмкін;
Нәзік әзілі басқа біреулерге жақпай, оның салдарынан түсініспеушілік орын алуы мүмкін;
Өз бетімен жұмыс істегісі келетіндер басқалармен бірлесе жұмыс істеуге қызу қарсылық көрсетуі мүмкін.
Оқыту үшін бағалау- бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі.
мұғалімге арналған нұсқаулық.
Топтық жұмыс және бірлескен оқыту, екі жағдайда да топ қатысса да, тұжырымдамада олардың арасында белгілі бір айырмашылық бар, өйткені олар өзіндік тәсілдермен ерекшеленеді. Топтық жұмысты алдын-ала жоспарланған және құрылымдалған оқу / оқыту әдісі ретінде бірлескен оқытуды бірге берілген міндетке қол жеткізу ретінде анықтауға болады. Екі жағдайда да топ қатысса да, кооперативті оқыту топтық жұмыстан өзгешеленеді, өйткені ол жеке-дара және топтық ақылдылыққа ие. Мысалы, жеке тұлғаның топтық тапсырмада есеп беруі және топтың дағдыларына қатысты оң өзара тәуелділік. Нәтижесінде, кооперативті оқыту, сонымен қатар, топтық жұмыс мақсатқа бағытталған болса, оның қатысушыларына білім алуға мүмкіндік береді.