Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті Орындаған: 7М01504 - «Химия» мамандығының 2 курс магистранты Темирханова С. Тексерген: Мельдешов А. МӨЖ №1 Бірлескен топтық жұмыс Жоспар I Кіріспе II Негізгі бөлім 2.1 Бірлескен топтық жұмыс
2.2 Бірлескен топтық жұмыс мақсаты
2.3 Бірлескен топтық жұмыстың классификациясы
2.4 Жұмыс жасау барысындағы мұғалімнің қызметі
2.5 Бірлескен топтық жұмыс пен оқытудың айырмашылығы
III Қорытынды IV Пайдаланылған әдебиеттер
I Кіріспе
Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуде. Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты — білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құру және коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу болып табылады десек, оларды жүзеге асырудың бір жолы – оқыту процесінде топтық оқытуды қолдану болып табылады.
Жаңа қоғамға қажетті тұлғаны дайындауда топтық оқытудың қажеттілігі өмір талабы екендігі айқын сезіледі.
«Ынтымақтастық » және « бірлескен оқу » дегеніміз не? Ынтымақтастық оқу – өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен оқу соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады. Ынтымақтастық оқу сыныпта пайдаланатын әдіс қана емес, жеке философия болып табылады. Адамдар топтарға бірлескен барлық жағдайларда топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен іске қосқан үлесі құрметтеліп, атап көрсетілетін,адамдардың жұмыс істеудің басқа тәсілі орын алады. Топтың жұмысы тиімді болуы үшін билік пен топ пен жауапкершілік топ мүшелерінің арасында бөлінеді.
Ынтымақтастық оқудың негізгі аспектісі топ мүшелерінің ынтымақтастығы арқылы бітімге, келісімге қол жеткізуіне негізделген Бірлескен оқудың мәні Ынтымақтастық оқу – бұл оқыту мен оқу тәсілі, аталған тәсіл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. Ынтымақтастық оқу оқуды табиғи әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген, оған қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі, және осы әңгімелесу арқылы білім алады. Педагогикада ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай :
1. Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады.
2. Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.
3. Қатысушылар әр адамдардың көзқарасымен танысудан пайда алады.