Слайд 1 Сәлеметсіздерме, құрметті оқушылар! Мен тарих пәні мұғалімі Нұрбек Ғайса



бет6/9
Дата17.05.2020
өлшемі23.86 Kb.
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Слайд 17

1520 жылы Лютер папа зорлығына қарсы күресті бүкіл неміс ұлтының ісі деп жариялады.

1521 жылы сәуірде император V Карл Лютерді императорлық сотқа шақырды. Лютердің өз тезистерінен бас тартпады және: «Мен осыған тұрамын, басқаша жасай алмаймын», - деді.

Нәтижесінде Рейхстаг Лютерді дінбұзар деп айыптады.


Слайд 18

Сотталған монахты курфюрст Саксондық Фредерик (Данышпан) құтқарады. Ол Мартин Лютерді өзінің Вартбург қамалына қоныстандырды. Барлығы Лютерді қайтыс болды деп санады. Бірақ бір жыл қамалда отырып Мартин Лютер Киелі Жазбалар қарапайым адамдарға қол жетімді ету үшін Інжілді неміс тіліне аударады. Бұл Інжілдің еуропалық тілге алғашқы аудармасы болды.


Слайд 19

Ал енді оқушылар, төменде берілген сұрақтарға жауап беру арқылы өздеріңізді тексеріңіздер.

Бірінші сұрақ, Император V Карл Лютерді қай жылы императорлық сотқа шақырды?

Екінші сұрақ, Мартин Лютер Киелі Жазбалар қарапайым адамдарға қолжетімді болу үшін қандай іс-әрекет жасады?

Тапсырманы орындап болсақ, экранға қарап дұрыс жауабын тексерейік.

Бірінші сұрақ, Император V Карл Лютерді қай жылы императорлық сотқа шақырды?

Жауабы: 1521 жылы сәуірде

Екінші сұрақ, Мартин Лютер Киелі Жазбалар қарапайым адамдарға қолжетімді болу үшін қандай іс-әрекет жасады?

Жауабы: Інжілді неміс тіліне аударады.

Слайд 20

Дегенмен, адамдар арасында дінге де, Лютердің пікіріне де қарсы көзқарастағылар болды. Оның бірі Томас Мюнцер еді. Оның пікірінше, адам қанша қиыншылық көрсе де, зорлық-зомбылыққа тап болып оған шыдаса да, оған мейірім шапағат жасайтын құдайды жоққа шығарды. Ол адам өлгеннен кейін басқа өмір жоқ деді.

Ол халықты аяусыздықпен байларды, діндарларды, князьдарды қамалымен қоса талқандауға шақырды. Бай, кедей деп бөлінбейтін қоғамды уағыздады. Бұған әрине көптеген кедейлер қолдау көрсетті. Мюнцер бастаған бұл топ АНАБАПТИСТЕР яғни «БАСҚАША ШОҚЫНУШЫЛАР» деп аталып кетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет