Өзін - өзі тану 7 сынып Құндылық: Адамгершілік, отбасы татулығы Қасиеттер: Сүйіспеншілік, құрмет, қайырымдылық, сыйластық Тақырып: Тамырын жайып тереңге(слайдымен) Мақсаты: Оқушыларға отбасы құндылықтары, ата - ба - ба дәстүрі, ұрпақтар сабақтастығы туралы түсіндіру. Міндеттері: Отбасы құндылығы, отбасы бақыты, ұрпақтар сабақтастығы туралы білім беру. Өз туған үйлері мен отбасыларына деген сүйіспеншіліктерін, жауапкершіліктерін арттыру. Өз туған үйлері мен отбасыларын құрметтеуге, бағалай білуге, сыйластыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: ақ парақтар, түрлі түсті қаламдар, постер, қағаз қиындылары
Сабақтың барысы Тыныштық сәті «Тілек шамы» ойыны Мақсаты: Отбасы туралы пікірлерін ортаға салу. - Құрметті балалар. Біз сіздермен жанұядағы ата - ана мен балалар арасындағы қарым - қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан - жақты талқылауға тырысамыз. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір - бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір - бірімізге мына шамды бере отырып, жүрекжарды тілектерімізді арнайық!
«Шашылған сөздер» ойыны арқылы топқа бөлемін. Топ аттарын «Сүйіспеншілік», «Татулық», «Сыйластық» деп, оқушыларды орындарына отырғызамын Үйге берілген тапсырманы тексеру «Боз орамал» П. Джон (Әңгімені оқып, негізгі идеяны анықтап келу) 1. Әңгімені оқығанда қандай сезімде болдыңдар? 2. Жасөспірімдердің ата - анасынан қол үзіп кетуінің себебін қалай түсіндірер едіңдер? 3. Оның сағынышының себебі неде? 4. Ата - анасының ұлына деген сезімін қалай сипат - тап берер едіңдер?
Топтық жұмыс (Постер қорғау) 1 топ: Отбасы дегеніміз не? 2 топ: Отбасындағы құндылықтар дегеніміз не? 3 топ: Отбасы жарастығы дегеніміз не? Оқушылар топтық жұмысты критерийлер арқылы бағалап өтеді. Шығармашылық тапсырма «Жұптық жұмыс» Берілген мақалдарға сүйеніп, шағын әңгіме құрау. 1. Ата – асқар тау, Ана – бауырындағы бұлақ Бала - жағасындағы құрақ. 2. Ата – бәйтерек Бала - жапырақ. 3. Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да, Қарызыңнан құтыла алмайсың. 4. Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз. 5. Адамға өмірде ең қымбаты – отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады. 6. Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік. (Абай) (Екі жұлдыз, бір ұсыныспен бағалау)
Жеке жұмыс «Түйіндеме» (Өлеңді жалғастыр) Отбасы: ........... сезінуге үйретеді; ................. жетелейді; ....................... алуға көмектеседі; ............................. құрметтеуге, .................................... болуға тәрбиелейді. Мұғалім сыйы • Баланың ата - ананың алдындағы міндеті (Аудио жазбаларды тыңдату) Дәйексөз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген халық мақалына оқушылар өз пайымдаулары мен ой - пікірлерін білдіріп, отбасы тәрбие баспалдағы екендігі туралы түсінік алады.
Жаңа ақпарат Құран Кәрімде Алла тағала былай дейді: «Раббың Өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке - шешеге жақсылық жасауларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуіне де жандарыңда кәрілік жетсе: «Туһ» деме (кейіс білдірме), сыпайы сөйле» (Исра сүресі, 23 аят) Ал Пайғамбарымыз Мұхаммедтен келген хадистерде бұл туралы: «Ата - анаға жақсылық жасаңдар және сендердің балаларың да сендерге жақсылық жасасын және бағынсын» дейді. Және бір хадисте: «Жәннаттың хош иісі 500 жылдық жерге дейін тарайды. Ата - анасына бойұсынбаған, туысқандық қатынасты үзгендер оның иісін де сезбейді» деген.
Бағалау. Балалардың белсенділіктерін байқап, ынталандыру және топтан көшбасшы шығару мақсатында «Белсенді оқушы», «Зерделі оқушы», «Білімді оқушы», «Көшбасшы» атақтары арқылы марапаттау. Үйге тапсырма: «Ана махаббаты» Р. Ақдемір (Мәтінді оқып, мәтіндегі түйінді сәттерді сызба, кесте, тізім түрінде жасап келу тапсырылады. Соңғы тыныштық сәті Еркін Нұржан «Ана қадірі» өлеңін тыңдату (Аудиожазбадан)