Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Ж.О.О. оқыту процесінің ерекшеліктері, прициптері



бет7/8
Дата27.12.2016
өлшемі1,47 Mb.
#6129
1   2   3   4   5   6   7   8

Ж.О.О. оқыту процесінің ерекшеліктері, прициптері.

Дидактиканың нені және қалай оқыту керек - деген негізгі сұрақтарының Ж.О.О. оқыту процесіне де тікелей қатысы бар.

Оқыту поцесі - оқытушылар мен студенттердің бірлесіп жасайтын іс-әрекетін қамтитын екі жақты процес. Бірақ орта мектепке қарағанда Ж.О.О. студенттердің оқу қызметінде дербестігі анағұрлым артық. Ж.О.О., әсіресе педагогикалық мамандықтардың оқыту процесі болашақ мұғалімдерге тәрбиеші, ұйымдастырушы, насихатшы болып қалыптасуына көмектеседі. Осыған орай студент өздігінен білім алудың дағдыларын игеріп, ертең мектепте оқушылардың және ата-аналарының арасында кең түрде лекторлық, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге өзін әзірлеуге тиіс.

Казіргі Ж.О.О. оқыту процесінің ерекшеліктерін мынадай талаптар анықтайды: Студенттерге берілетін ғылыми білімнің теориялық базасының жоғары дәрежеде болуы: мамандар даярлаудың салаларын кеңейту; оқу пәндерінің интеграциясын жүзеге асыру; оқытуда стденттердің дербестік, шығармашылық қасиеттерін арттыратын белсенді ғылыми зерттеудің әдістеріне жақын келетін оқыту әдістерін кең түрде қолдану қажет.

Ж.О.О.оқыту процесі студенттерге универсалдық және фундаменталдық білім беруді көздейді, жан-жақты ғылыми білімі бар мамандықты терең меңгерген, кең салалы мамандар даярлауды қамтамасыз етуге тиісті. Ж.О.О. оқыту процесі қандай күрделі процес болса да педагогтар тарапынан басқару функциясын дұрыс ұйымдастыра білуге қабілетін керек етеді.

Лекция №2

Тақырыбы: Оқу орындарындағы басқару, өзіндік басқару негіздері.

Негізгі ұғымдар: басқару, өзіндік басқару. Мектеп басқару әдістері – бұл барлық ұжым мүшелерінің бірлесіп тұтас педагогикалық процестің мақсаттарын, принциптерін және мазмұнын іске асыруды басқару тәсілдерінің жүйесі.

Қазіргі кезеңде мектепті басқару әдістері негізінен екі бағытта іске асырылады. Бірінші бағыт бойынша мектепті басқару әдістерін Т.М.Куриленко үш топқа бөледі:

1. Психологиялық-педагогикалық әдістер - бұл ұжым мүшелерінің оқушылардың тапсырған іске жауапкершілік сезімін арттыруға,өз борышын орындауға байланысты. Бұған сендіру, түсіндіру, өнеге, кәсіби әңгіме, кадрлармен дербес жұмыс т.б. әдістер жатады.

2. Педагогикалық – ұйымдастыру әдістеріне жұмыс міндеттерін өзара бөлісу, мектепте іс-әрекетінің түрлеріне сәйкес түрлі ережелерді, іс тәртібін анықтау және жасау, ұжым іс-әрекетін іріктеу, оқу-тәрбие процесін жетілдіру мәселелері жатады.

Автордың пікірі бойынша бұл мәселелер түрлі ұйғарым, ресми жарлық, бұйрық және басқару шешімдері арқылы орындалуы тиіс.

3. Әлеуметтік-психологиялық әдістерге келешек бағыттарды белгілеу, нақты міндеттер қою, жалпы тапсырмаларды орындауда мұғалімдердің ынтымақтастығын ұйымдастыру, мұғалімдер мен оқушыларға қойылатын бірыңғай талаптарды сақтау, дәстүр т.б.кіреді. Бұл басқару әдістері мектеп ұжымындағы микроклиматтың қалыптасуына қолайлы әсер етеді. Сонымен бірге мұғалімдердің шығармашылық еңбегі оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.

Бұл әдістер оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың іс-әрекетін мерзімінде орындалуын талап етеді. Мектеп директоры өз құқығын пайдалана отырып, педагогтардың, оқушылардың, ата-аналар жұртшылығының пікірлерімен санасады. Жұмысты осылай басқарудың нәтижесінде ұйымдастыру және басқара білу әдістері еңбекті мөлшерлеу әдістеріне айналады.

Мектеп басшылары педагогтармен және оқушылардың қоғамдық ұйымдармен бірігіп, оқу-тәрбие жұмысында іргелі өзгерістер жасау мақсатымен негізгі мәселелерді зерттеу елегінен өткізіп, нәтижесін бүкіл мұғалімдер мен ата-аналар жұртшылығының игілігіне айналдыруы тиіс.

1.Тұтас педагогикалық процесті демократияландыру, ізгілендіру, гуманитарландыру идеяларын басшылыққа алып, халық педагогикасымен қабыстыра жүргізуді қамтамасыз ету.

2. Мектепішілік бақылауды дұрыс жолға салу, оқытушылардың іс-тәжірибесін зерттеу, жинақтау, олардың нәтижесін оқу-тәрбие процесіне енгізу.

3. Озат мұғалімдердің тәжірибесімен танысу, оны мектеп жұмысында кеңінен пйдалану

4. Мектеп басшылары оқу-тәрбие процесін басқарудың әдістерін, тәсілдерін игеруді, жұмыс стилін заман талаптарына сай жетілдіруді іздестіреді.

5. Мұғалім еңбегін ғылыми негізде ұйымдастырудың үдемелі жолдарын қарастырып, бірізділік жүйеге келтіру.

6. Ұлт және ұлтаралық тәрбиеге ерекше көңіл аудару, оны іске асыру процесінде ұлттардың, ұлыстардың достық және бірлік тілектеріне сәйкес үйлестіре басқару.

7. Үйелмен оқу мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Сондықтан оның этикалық құрамын және құрылымын /толық, толық емес үйелмен, бірұлттық, көпұлттық үйелмен т.б/ еске алып отырған жөн .

8. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының іс-әрекетіне көмектесу, олармен ынтымақтасып жұмыс істеудің тиімді жолдарын қарастыру.



Лекция №3

Білім берудегі мониторинг

Негізгі ұғымдар: мониторинг, педагогикалық ойлау типтері, оқыту технологиялары, жаңашылдық, инновация.

Білім берудің казіргі заман жүйесіне сәйкес құрылған мониторингі

Проблема қазіргі білім беру жүйесі тиімділігінің мына факторларға байланысты төмендеуіне:



    • Біздегі білім беру бағдарламасы оқушылар меңгеруге тиісті білім, дағды стандартын емес, мазмұнды спецификациялау болып табылады;

    • Оқу жоспары өте көп пәндерден тұратындықтан оқыту еріксіз үстірт болуда, мұғалім мен оқушылардың мазмұнды талдауға, сұрақтар қоюға, командада немесе жеке жұмыс істеуге уақыттары жоқ.;

    • Оқу жоспары, оқулықтар мен үйренуге арналған материал әрекетінің икемді құралдарынан гөрі есте сақтауға арналған фактілерден тұрады. Интернет мүмкіндіктері мен баспа материалдарына қол жету жеңілдеген ақпарат ғасырында фактілерді есте сақтаудың маңызы төмендеп, оның орнына ақпаратты өзінше өзгерту, бағалауға қабілеттілік ерекше маңызға ие болуда. Бұл жерде мазмұнды іске асыру мұғалім – сарапшы, оқушы – білімді пассив қабылдаушы ретіндегі ролдерін қатаң бөлуді білдіреді. Мұндайда педагогика:

    • 1. Әртүрлі келіспеушілікті реттеп отыруға қажетті ашық талқылауға;

    • 2. Оқушылар проблемалармен және мазмұнмен өзара әрекетке түспейді, сондықтан процесті таңдауға, міндеттерді қоюға, талқылауға, бағалауға тартылмайды. Оларда қателесу, сол арқылы үйрену мүмкіндігі өте аз. Мұғалімге бұлай болу жоғары деңгейде ұйымдастырылған және метатанымдық ойлау дағдысының дамуын төмендетеді. Ал бұл нарықтық экономиканың ғаламдануы жағдайында өте маңызды қабілет.

Сондықтан Ж.О.О. мынадай міндеттерді басшылыққа алу қажет:

    • болашақ маманның кәсіби педагогикалық ойлау деңгейін диагноздау.

    • Қ.Р. білім беру жүйесініңқазіргі жайын талдау.

    • Қ.Р. білім беру проблемаларын шешу жолдарын жобалау.

    • Әртүрлі оқыту моделінің психологиялық – педагогикалық мазмұнымен таныстыру.

    • Қ.Р. –ның білім беру философиясына, әдіснамасына, стратегиясына барабар қазіргі заманғы педагогикалық технологиялармен таныстыру.

    • Оқыту процесінің мазмұнын қадағалау әдістемесімен таныстыру.

    • Қазіргі заманғы сабақ мазмұнын жобалау.

Бұл міндеттерді шешу үшін мынадай әдістемелік құралдар қолданылады:

    • диагностикалық әдістемелер;

    • лекциялар мен талқылау;

    • ұйымдастыру – іскерлік ойындар;

    • интерактивтік әдістер.

1.2. “Құндылық бағдарлар” әдістемесі.

Кәсіби педагогикалық ойлау типтері:

1/ “Қарапайым”.

2/ “Шектеулі”.

3/ “Перспективті”.

4/ “Дамыған”.

Қазіргі білім беру жүйесінің баса назар аударатыны:


    • тұжырымдамаларды түсіну;

    • кез келген жағдайда қызмет қылуға қабілеттілік; яғни бүгінгі тұлғаның функционалды сауаттылығы немесе оқу құзырлылығы.

Оқу құзырлылығының негізгі салалары:

* әдебиет;

* математика;

* жаратылыс ғылымдары;



Білім мазмұнын заман талабына сай жетілдіру

Мұғалімдер тобы:

    1. Құқықтық – нормалық база жасау;

    2. Дүние жүзілік білім кеңістігіне /интеграциялану/ кірігу;

    3. Білім саласындағы барлық субъектілердің БК мен қайта даярлау жүйесін өзгерту;

    4. Оқушылар дамуының жеке траекториясын /жүріп өту жолын/ құру;

    5. ОӘК және ЖБО жетілдіру;

    6. Материалдық – техникалық база;

    7. Инфрақұрылым негізінде білім беру сапасын бағалаудың жаңа жүйесін енгізу;

Мектептік білім мақсаттары

Мұғалім тобы – бәсекеге қабілетті тұлға;



    • өзін - өзі басқару мәдениетін, қарым – қатынас мәдениетін, ақпараттық мәдениетті зерттеушілік дағдылар мәденитін, рефлексия мен ақыл – ой мәдениетін меңгерген тұлға.

    • Көп тілді, көп мәдениетті тұлға.

Жұмысқа қабылдауда маңызды біліктіліктер

1/ Академиялық біліктіліктер:

*қарым – қатынас:

сөйлеу


тыңдау

оқу


жазбаша тіл

*ойлау:


сыншыл ойлау

проблеманы шешу

технологиялар

*оқу:


өмір бойы

2/ Өзін - өзі басқару біліктіліктері:

*өзін - өзі бағалау

адалдық


дұрыстық/жағымдық/

ынталылық

*жауапкершілік:

мақсат көздеу

уақыттардың жоспарлауы

есеп беруі

*жаңа жағдайларға бейімделе алу біліктілігі.

3/ Командада жұмыс істей алу біліктілігі

*басқа адамдармен жұмыс істеу:

ұйымның ортақ мақсаттарына жетуге үлес қосу

дәл осы мәдени орта аясында жұмыс істеу

топтық шешімді қолдану

басқалардың пікірін сыйлау

беру және алу

ұжымдық тәсіл

лидерлік қабілетті көрсету көсемдік.



Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттары

1/ Нәтиже бағдары мен құзырлылық тәсілге /жол/ бағдарланған білім беру құндылықтары.

2/ Білім беруді бағдарландыру – оқытуды саралау және даралау құралы.

3/ Білім мазмұнының гимназиялық және лицейлік компоненттер.

4/ Қашықтықтан оқыту технологиясы

5/ Оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың жаңашылдық, инновациялық модельдері.

6/ қоғамдық белсенді мектеп, серіктестік тетігі терінде.

7/ ауыл мектептерінде білім беру сапасының тетігі мен білім берудің инновациялық үлгісі.

8/ Әдістемелік жұмысты жаңа әдіснамалық негізде дамыту.

Лекция №4

Тақырыбы: Мұғалімнің профессиограммасы

Негізгі ұғымдар: Болашақ маман профессиограммасы, дидактикалық дайындық, маман моделі.

1/ Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығы.

Педагогикалық қызметті атқаруға қажет мұғалімнің бойында мынандай дидактикалық қабілеттер болуы керек: оқыту процесін жоспарлай білуі, оны мақсатты түрде ұйымдастыра алуы, жүйелі түрде бақылау мен бағалау ісін орындап отыруы.



2/ Жалпы білім беру.

Жалпы білім беру, негізінен үш түрлі мақсатты көздейді:

1/ табиғат, қоғам, тежника, өнер туралы ғылыми білім негіздерін меңгеру.

2/ оқушыларды практикалық іс - әрекетке, өзбетімен қоғамдық пайдалы еңбек етуге даярлау.

3/ оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың көздейді.

Көрнекті психолог Л.С.Выготский баланың кешегі күнгі дамуына емес, ертеңгі күнгі дамуына қарау керек – деп ескертеді, осыған орай, ол – бала дамуының “екі зонасы” болатынын айтады. “Бірінші зона” - бала дамуының қазіргі қолжеткен сатысы, осыған қанағаттанып қоймай, мұғалімнің оқушыларды болашақтағы дамудың ең жақын сатысы /“екінші зонаға”/ жеткізуге міндетті екендігін айтады.Бұл жерде мұғалімнің бала дамуының мынандай негізгі белгілерін /дербестігін,шығармашылық таным әрекеті, диалектикалық ойлау т.б/ қадағалап, оқушылармен жеке – дара жұмыстар жүргізуі керек

3/ Жас мамандардың дидактикалық дайындығы .

Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын арттыру үшін оларды оқыту процесінің заңдылықтары туралы психологиялық тұжырымдармен, белгілі теориялармен қаруландыру керек.



4/ Профессиограмма – бұл белгілі бір мамандықтың ерекшеліктерін жеткілікті бейнелеу.

Барлық мәліметтер профессиограммамен салыстырылып, жеке адамның белгілі мамандыққа жарамдылығы психолог, физиолог және медиктердің көмегімен анықталады.Мысалы, мұғалім мамандығына жеке адамның жарамдылығын анықтау үшін оның басқа қабілеттерімен бірге көру, есту мүшелерін және сөйлеу қабілеттерін есепке алу басты талаптардың бірі болып саналады.

5/ Мұғалім профессиограммасын жасау – қазіргі кездегі педагогика , психология, методика ғылымдарының өзекті мәселелерінің бірі болып саналады. Бұл міндетті шешуге байланысты ғалым – педагогтар, психологтар: Н.В.Кузьмина, В.А.Сластенин, А.И.Щербаков, Н.А.Сорокин, В.Г.Ковалев, Л.Ф. Спирин т.б. В.А.Сластениннің пікірі бойынша, мұғалім профессиограммасы мыналарды қамтиды:

1/ Қоғамдық – саяси сапаларды;

2/ Әлеуметтік – психологиялық, этикалық – педагогикалық және ұстаздың жеке басының сапалары;

3/ Психологиялық және педагогикалық даярлық;

4/ Мамандық бойынша даярлық;

5/ Пән бойынша даярлық

Бұл сапалар мұғалімдік қызметке қойылатын жалпы талаптардан туады. Ғалым – психологтардың /В.А.Кузьмина, А.И.Щербаков т.б./ пікірі бойынша, мұғалім профессиограммасын жасауда педагогтық қызметтің психологиялық құрылымын ескеру керек.

Педагогтық қызметтің психологиялық құрылымына жататын қасиеттер мыналар: гностикалық, конструктивтік, ұйымдастырушылық, бейімділік пен іскерлік.

Маман профессиограммасын жасауда социологтардың “маман моделін” жасауға бағытталған зерттеулерінің пайдасы бар.

Социолог Д.И.Зюзиннің пікірінше, жоғары білімді “маман моделі” қасиеттерін қамтитын мынадай төрт түрлі блок болады:



1/ кәсіптік;

2/ әлеуметтік

3/ саяси – идеялық

4/ әлеуметтік – психологиялық

Б.б.мониторингі

1/ Қазіргі уақыттағы білім беру жүйесіндегі міндеттерді шешу үшін мынадай әдістемелік құралдар қолданылады. Артығын белгілеңіз.

а/ диагностикалық әдістемелер

ә/ лекциялар мен талқылау

б/ ұйымдастыру – іскерлік ойындар

в/ интерактивтік әдістер

+г/ диспут



2/ Кәсіби пебагогикалық ойлау типтері бар . Артығын белгілеңіз.

+а/ белсенді

ә/ қарапайым

б/ шектеулі

в/ перспективті

г/ дамыған



3/ Білім беру жүйесіндегі жетіспеушіліктерді көрмейді, ақпараттық – репродуктивті әдістермен әсер ету және әкімшілік – басқару командалық стилі қазіргі заманғыталаптарға сәйкес деп есептейді,оқушылардың ойлау іс - әрекетін елемейді және белсенділігіне сүйенбейді.Бұл кәсіби педагогикалық ойлаудың қай типіне жатады.

а/ дамыған

ә/ перспективті

б/ шектеулі

+в/ қарапайым

г/ белсенді

4/ Дәстүрлі форманың және әріптестермен, балалармен жұмыс істеу әдістеріндегі жетіспеушіліктерді бағалауға қабілетті. Бұл кәсіби педагогикалық ойлаудың қай типіне жатады.

+а/ дамыған

ә/ перспективті

б/ шектеулі

в/ қарапайым

г/ белсенді

5/ Мектеп ішінде қалыптасқан психологиялық негіздің дамуы деп есептеуге болатын қай кәсіби педагогикалық ойлау.

а/ дамыған

ә/ перспективті

+б/ шектеулі

в/ қарапайым

г/ белсенді

6/ Білім беру жүйесіндегі жетіспеушіліктерді көріп қана қоймайды, сонымен қатар педагогикалық ойлауды қалыптасқан стереотиптерді бұзумен байланысты кардиналді қайта құрудың қажет екендігін сезінеді.

Бұл кәсіби педагогикалық ойлаудың қай типіне жатады.

а/ дамыған

+ә/ перспективті

б/ шектеулі

в/ қарапайым

г/ белсенді

7/Оқу құзырлылығының негізгі салалары:

а/ әдебиет

ә/ матаматика

+б/ әдебиет, матаматика, жаратылыс ғылымдары

в/ жаратылыс ғылымдары

г/ әдебиет,матаматика

8/ Акдемиялық біліктіліктер. Артығын белгілеңіз.

а/ қарым – қатынас: сөйлеу, тыңдау, оқу жазбаша тіл

ә/ ойлау: сыншыл ойлау,

б/ проблеманы шешу,технологиялар

в/ оқу: өмір бойы

+г/ дәріс баян

9/ Өзін - өзі басқару біліктіліктері.Артығын белгілеңіз.

а/ дұрыс қатынас және мінез – құлық:

ә/ өзін - өзі бағалау,адалдық,дұрыстық,ынталылық

б/ жауапкершілік: мақсат көздеу, уақыттардың жоспарлануы

в/ жаңа жағдайларға бейімделе алу біліктілігі

+г/ өзін - өзі тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу.

10/ Командада жұмыс істей алу біліктілігі. Артығын белгілеңіз.

а/ басқа адамдармен жұмыс істеу: ұйымның ортақ мақсаттарына жетуге үлес қосу

ә/ дәл осы мәдени орта аясында жұмыс істеу

б/ топтық шешімді қолдау, басқалардың пікірін сыйлау

в/ беру, алу, ұжымдық тәсіл, лидерлік қабілетті көрсету көсемдігі

+г/ жұртшылықпен тығыз қарым – қатынас.

Маман пофессиограммасы

1/ В.А. Сластениннің пікірі бойынша, мұғалім профессиограммасы мыналарды қамтиды. Артығын белгілеңіз.

+а/ моральдық сапалар.

ә/ қоғамдық – саяси, әлеуметтік – психологиялық,этикалық – педагогикалық,ұстаздың жеке басының сапалары;

б/ психологиялық,педагогикалық даярлық

в/ мамандық бойынша даярлық;

г/ пән бойынша даярлық.

2/ Педагогтық қызметтің психологиялық құрылымына жататын қасиеттер. Артығын белгілеңіз.

а/ гностикалық, конструктивтік

ә/ ұйымдастырушылық

б/ бейімділік

в/ іскерлік

+г/ танымдық

3/ Жоғары білімді “маман моделі” қасиеттерін қамтитын: кәсіптік, әлеуметтік, саяси – идеялық, әлеуметтік – психологиялық блоктарды қай социолог топтастырды.

+а/ Д.И.Зюзин

ә/ Н.В.Кузьмина

б/ В.А.Сластенин

в/ Н.А.Сорокин

г/ В.Г.Ковалев

4/ Жоғары мектепте қандай қызмет бір – бірімен тығыз байланысты.

а/ педагогикалық қызмет

ә/ ғылыми жұмыс

б/ педагогикалық практика

в/ оқыту жүйесі

+г/ педагогикалық қызмет, ғылыми жұмыс

5/ Қазіргі Ж.О.О. оқыту процесінің ерекшеліктерін анықтайтын талаптар. Артығын белгілеңіз.

а/ студенттерге берілетін ғылыми білімнің теориялық деңгейінің жоғары дәрежеде болуы.

ә/ мамандар даярлаудың профильдерін кеңейту;

б/ оқу процесінің интеграциясын жүзеге асыру

в/ оқыту студенттердің өзіндік шығармашылық әрекетін арттыратын ғылыми зерттеудің әдістеріне жақын келетін оқыту әдістерін кең түрде қолдану.

+г/ педагогикалық практика

6/ оқыту процесінің ең басты қайшылықтары. Артығын белгілеңіз.

а/ педагогтардың қоятын жаңа міндеттері

ә/ талаптары

б/ студенттердің мүмкіндіктері

в/ дайындықтары

+г/ ғылыми жұмыс

7/ Профессиограмма –

+ а/ бұл белгілі бір мамандықты ерекшеліктерін жеткілікті бейнелеу.

ә/ моральдық сапалар.

б/ қоғамдық – саяси, әлеуметтік – психологиялық, этикалық – педагогикалық, ұстаздың жеке басының сапалары;

в/ психологиялық,педагогикалық даярлық

г/ мамандық бойынша даярлық, пән бойынша даярлық.

8/ Жалпы білім беру, негізінен үш түрлі мақсатты көздейді.Артығын белгілеңіз.

а/ табиғат, қоғам, тежника, өнер туралы ғылыми білім негіздерін меңгеру.

ә/ оқушыларды практикалық іс - әрекетке,

б/ өзбетімен қоғамдық пайдалы еңбек етуге даярлау.

+в/ өзін - өзі тәрбиелеу

г/ оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың көздейді.

 

Тарау бойынша тест сұрақтары

Мектеп жұмысына жауап беретін басты тұлға

A) Директор

В) Ата-ана

С) Орынбасар

Д) Мұғалім

Е) Оқушы


Жеке мұғалімнің іс-әрекетін бақылау түрі

A) Жаппай

В) Тақырыптық

С) Дербес

Д) Ұжымдық

Е) Ауызша

3. Барлық сыныптарда жазба бақылау жұмысын алу арқылы бақылау түрі

A) Жаппай

В) Тақырыптық

С) Дербес

Д) Ұжымдық

Е) Жеке


Үйірменің жұмысын бақылау түрі

A) Жаппай

В) Тақырыптық

С) Дербес

Д) Ұжымдық

Е) Жеке


Тәрбие жұмысын тақырып бойынша бақылау түрі

A) Жаппай

В) Тақырыптық

С) Дербес

Д) Ұжымдық

Е) Фронтальдық

Бақылауды жүзеге асыру жолы

A) Байқау

В) Сұрау

С) Сынау

Д) Тексеру

Е) Жаттықтыру

Сабаққа оқу жылының басында қатысудың мақсаты

A) Тексеру

В) Көмек көрсету

С) Сұрау

Д) Сынау

Е) Қайталау

Сабаққа оқу жылының соңында қатысудың мақсаты

A) Көмек көрсету

В) Тексеру

С) Салыстыру

Д) Бақылау

Е) Үйрету

Мектептің оқу-тәрбие жұмысын басқаратын басты орган

A) Әдістемелік кеңес

В) Сынып жетекшілерінің бірлестігі

С) Педагогикалық кеңес

Д) Пән мұғалімдерінің бірлестігі

Е) Ата-аналар жиналысы

Мектеп басшылары мен сынып жетекшілерінің есептері тыңдалатын орын

A) Әдістемелік кеңес

В) Сынып жетекшілерінің бірлестігі

С) Педагогикалық кеңес

Д) Пән мұғалімдерінің бірлестігі

Е) Ата-аналар жиналысы

Озат тәжірибелер мен әдістемелер талқыланатын орын

A) Әдістемелік кеңес

В) Сынып жетекшілерінің бірлестігі

С) Педагогикалық кеңес

Д) Пән мұғалімдерінің бірлестігі

Е) Ата-аналар жиналысы

Тәрбие жұмыстарының жоспарлары талқыланатын орын

A) Әдістемелік кеңес

В) Сынып жетекшілерінің бірлестігі

С) Педагогикалық кеңес

Д) Пән мұғалімдерінің бірлестігі

Е) Ата-аналар жиналысы

Пән бойынша жазба бақылау жұмыстары мен емтихан сұрақтары талқыланатын орын

A) Әдістемелік кеңес

В) Сынып жетекшілерінің бірлестігі

С) Педагогикалық кеңес

Д) Пән мұғалімдерінің бірлестігі

Е) Ата-аналар жиналысы

Педагогикалық кеңесті кім басқарады?

A) Орынбасар

В) Директор

С) Мұғалім

Д) Ата-ана

Е) Оқушы


Мектеп директорының адамгершілігіне қойылатын талаптар

A) Кәсіби

В) Педагогикалық

С) Психологиялық

Д) Өнегелік

Е) Практикалық

Мектеп директорының ғылыми білімдерді игеруіне қойылатын талаптар

A) Кәсіби

В) Педагогикалық

С) Психологиялық

Д) Өнегелік

Е) Экономикалық

Қоғамдағы экономикалық өзгерістерге байланысты мектеп директорына қойылатын талаптар

A) Социологиялық

В) Экономикалық

С) Психологиялық

Д) Кәсіби

Е) Адамгершілік

Мектеп директорының ұжыммен ақылдаса отырып басқару стилі

A) Ұжымдық

В) Демократиялық

С) Өктемдік

Д) Ымырашылдық

Е) Әкімдік

Мектеп директорының бұйрық беру арқылы басқару стилі

A) Ұжымдық

В) Демократиялық

С) Өктемдік

Д) Ымырашылдық

Е) Байсалдылық

Озат педагогикалық іс-тәжірибені насихаттаудың ауызша формасы

A) Лекция, баяндама

С) Ашық сабақ беру

В) Мақала жазу

Д) Ғылыми еңбек қорғау

Е) Диссертация жазу

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Глоссарии

    1. Аннотация - тексттің мазмұнын бірнеше сөйлеммен беру;

    2. Акселерация - баланың дене және психикалық дамуының тездеуі.

    3. Анкета - алдын-ала дайындалған сұрақтарға жазбаша жауап беру.

    4. Әдіс (метод) - гректің “методос” деген сөзінен шыққан, ақиқатқа, шындыққа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді.


    5. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет