Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы



бет1/8
Дата27.12.2016
өлшемі1,47 Mb.
#6129
  1   2   3   4   5   6   7   8
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

Сүлейменова Зәуре Екпінқызы



Қошанова Мараш Төлегенқызы

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Педагогика

Оқу әдістемелік құрал

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Көкшетау 2006

ББК 74.6 Я73(5К)

 

 

 



С.89. Сүлейменова З.Е., Қошанова М.Т.

Педагогика: Оқу әдістемелік құрал. Көкшетау 2006

 

 

 



 

 

 



Оқу әдістемелік құрал несиелік технология жүйесімен оқитын студенттерді оқытуға арналған. Оқу әдістемелік құралда педагогика пәнінің тақырыптық жоспары, лекциялардың қысқаша тезистері, студенттердің оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмыстары (СОӨЖ) және студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстарының (СӨЖ) мазмұны, әр тақырып бойынша тест сұрақтары, глоссарий мен қажетті әдебиеттер тізімі берілген. Оқу әдістемелік құралды студенттер Мемлекеттік аралық бақылауға (ПГК) дайындалуға пайдалана алады.

 

 



 

 

УДК 371.31(5К)



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

© Сүлейменова З.Е., Қошанова М.Т.

© Ш.Уәлиханов атындағы КМУ

Кіріспе

Мектептегі оқу-тәрбие процесінің сапасы мұғалімнің біліміне, қабілетіне, педагогикалық шеберлігіне байланысты екені белгілі. Мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктерін біліп тануда, оқушылардың оған сүйіспеншілігін қалыптастыруда педагогика пәні зор ықпал етеді. Педагогика пәнінің негізгі мақсаты - болашақ мұғалімдерді балаларды оқыту мен тәрбиелеу туралы ғылыми теориялық білімдермен қаруландыру.

Педагогика курсы негізінен бес тараудан тұрады:

І. Педагогиканың жалпы негіздері

ІІ. Тәрбие теориясы

ІІІ. Оқыту теориясы

ІҮ. Мектептану негіздері

Ү. Жоғары оқу орындарының педагогикасы

І тарауда мұғалімнің қызметі, педагогика ғылымының пәні және міндеттері, педагогиканың ғылым ретінде дамуы, ғылыми зерттеу әдістері туралы материалдар беріледі.

ІІ тарау тәрбие теориясна арналады. Онда тәрбиенің мақсаты мен міндеттері, тұтас педагогикалық процесстің бір бөлігі ретінде тәрбие процесінің заңдылықтары, принциптері, әдістері, оқушылар ұжымын қалыптастыру, тәрбиенің түрлері, сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы, отбасындағы тәрбие туралы айтылады.

ІІ тарауда дидактика туралы түсінік, оқыту процесінің ерекшеліктері, тұас педагогикалық процесстің бір бөлігі ретінде оқыту процесінің заңдылықтары, принциптері, әдістері, оқытуды ұйымдастырудың тарихи және қазіргі кездегі формалары туралы баяндалады.

ІҮ тарауда білім беру жүйесін басқару, мектеп басшысына қойылатын талаптар, мектепішілік бақылау, озат педагогикалық тәжірибе тақырыптары қарастырылады.

Ү тарауда жоғары оқу орындарындағы менеджмент мәселесі, болашақ маманның профессиограммасы, білім берудің мониторингі тақырыптары қарастырылады.

Әр тараудан кейін студенттердің білімін тексеруге арналған тест сұрақтары берілген.

 

 

 



 

 

І тарау. Педагогиканың жалпы негіздері



Лекция №1

Тақырыбы: Кіріспе. Педагогтық мамандық және оның қоғамдағы ролі.

Жоспар:

    1. Мұғалімнің қоғамдағы ролі

    2. Педагогтық қабілет және оның түрлері

    3. Мұғалім қызметінің творчестволық негізі.

Негізгі ұғымдар: мұғалімдік мамандық, педагогтық қабілет, педагогтық шеберлік.

  1. Мұғалімдік мамандық қазіргі кездегі өте жауапты және игілікті мамандықтардың бірі. Мұғалім - қоғамдағы барлық өндіргіш күштерді тәрбиелеп оқытатын басты тұлға. Жастарды біліммен қаруландыруда, олардың дүниеге ғылыми көзқарасын, мінез-құлқын қалыптастыруда, оларды өмірге, мамандықты саналылықпен таңдауға дайындауда мұғалім шешуші роль атқарады. Сондықтан мұғалім қазіргі заманғы ғылым мен техниканың дамуына ілесе отырып, оның жетістіктерін оқу мен тәрбие процесінде кеңінен пайдалануға тиісті. Халқымыз мұғалімге өзінің ең қымбат, қадірлі келешегін - балаларын сеніп тапсырып отыр. Сол сенімді ақтауда мұғалім қажырлы еңбек етеді.

2. Қабілет дегеніміз - жеке адамның белгілі іс-әрекетінің нәтижесін танытатын психикалық қасиет. Педагогикалық қабілеттің бірнеше түрлері бар:

    • Дидактикалық қабілет - оқушыларға оқу материалын түсінікті етіп жеткізу;

    • Академиялық қабілет - мұғалім қабілетінің өзінің пәніне сәйкестігі.

    • Перцептивтік қабілет - оқушылардың ішкі дүниесін тани білу.

    • Экспрессивтік(сөйлеу) қабілет - өз ойын түсінікті етіп жеткізу.

    • Ұйымдастырушылық қабілет - оқушыларға дұрыс басшылық жасап, ұйымдастыра білу.

    • Коммуникативтік қабілет - дұрыс қарым-қатынас жасай білу.

    • Конструктивтік қабілет - оқу және тәрбие міндеттерін шешудің ең тиімді жолдарын таңдай білу.

    • Қолданбалы қабілет - өз мамандығына қатысы жоқ басқа жұмыстамен айналысуы.

3. Мұғалім қызметінің басқа қызметтермен салыстырғандағы ерекшелігі - оның творчестволық сипаты. Мұғалім тек бүгінге ғана емес, ол ертеңге, болашаққа қызмет етеді. Үнемі өзін-өзі жетілдіріп отырады. Педагогикалық ғылым жетістіктері мен озат іс-тәжірибені меңгереді. Педагогикалық, психологиялық еңбектерді оқиды, өзінің білім дәрежесін көтереді. Сонда ғана ол творчестволық еңбектің тамаша шебері бола алады.

Практикалық тапсырмалар:

1. “Педагог”, “мұғалім”, “тәрбиеші” деген ұғымдарға анықтама беріңіз.

2. Мұғалім жайлы ағартушылар мен ұлы адамдардың пікірлерін жазып келіңіз.

3. Мұғалім мамандығы жайлы мына тақырып-тардың біріне минишығарма жазу: “Мен неге мұғалім болуды қаладым”, “ХХІ ғасырдағы мұғалім мамандығы”, “Менің сүйікті мұғалімім”, т.б.

4. “Қазіргі қоғам және мұғалім” деген тақырыпқа реферат дайындау

Лекция№2

Тақырыбы: Педагогика пәні мен міндеттері

Жоспар:


  1. Педагогика пәні жайлы түсінік.

  2. Педагогиканың негізгі ұғымдары.

  3. Педагогика ғылымының міндеттері

Негізгі ұғымдар: педагогика, білім беру, оқыту, тәрбие, педагог.

    1. Педагогика термині гректің “paida” - бала, “qoqik” - жетектеу деген сөздерінен құралған. Ежелгі Грецияда құл иеленушілердің балаларын мектепке жетектеп алып барып, алып келетін құлдарды педагог деп атаған. Біртіндеп “педагог” деген сөз анағұрлым кең мағынада – баланы өмірде жетектеуші – деген мағынада қолданыла бастады. Яғни баланы оқытатын, тәрбиелейтін, оның еркі мен денесін тәрбиелейтін адамды педагог деп атады. Уақыт өткен сайын бала тәрбиесі жайлы білімдер жинақталып, педагогика деген ғылымның негізін құрады. Сөйтіп педагогика баланы оқыту және тәрбиелеу жайлы ғылым болып қалыптасты.

Сонымен, педагогика – жалпы адамды тәрбиелеу туралы ғылым. Бұл анықтамадағы тәрбие деген сөз кең мағынада қолданылып отыр, яғни тәрбиелеу дегеніміз – білім беру, оқыту, дамыту.

Қазіргі кезде педагог деп арнаулы білімі бар, бала тәрбиелеу мен оқыту ісімен айналысатын маманды айтады. Педагогика пәні – тәрбие процесі.

2. Әрбір ғылымның өзіне тән негізгі ұғымдары (категориялары) болады. Ұғымдар (категориялар) – обьективтік құбылыстарды, қатынастарды, қасиеттерді бейнелейді. Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың өзара байланысын байқаймыз. Педагогикада мақсат, әдіс, құрал, даму, қалыптасу, тәрбие сияқты т.б. көптеген ұғымдар кездеседі. Осылардың ішінде ең негізгілері – тәрбие, білім беру, оқыту. Қалған ұғымдар басқа ғылымдарға да ортақ, мысалы философия, психология, т.б. Сондықтан оқыту мен тәрбиеге ортақ осы үш ұғымды анықтайық.

Тар мағынада, тәрбие деп мұғалімнің және тәрбиешінің ата-қалыптасады.аналармен бірігіп, мақсатты түрде жүргізетін тәрбие жұмыстарын айтады. Әрине, тәрбие тек ата-ананың немесе тәрбиешінің ғана жұмысы емес, тәрбие көптің ісі. Кең мағынада, тәрбие дегеніміз табиғат пен әлеуметтік ортаның, мектеп пен ата-аналардың, бүкіл қоғамның жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына ететін ықпалы.

Білім беру деп табиғат пен қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Білім беру ұғымын педагогикаға алғаш енгізген швейцар педагогы Иоганн Генрих Песталоцци.

Оқыту – білім берудің негізгі жолы. Оқыту мұғалім мен оқушының арасындағы екіжақты процесс. Біріншіден, мұғалім оқушыларға білім беріп, іскерлік пен дағдыларға үйретеді. Екіншіден, оқушы сол білім, іскерлік, дағдыны игереді және оларды өмірде қолданады.


  1. Педагогика ғылымы басқа ғылымдардың жетістіктеріне сүйене отырып,төмендегі міндеттерді шешеді:

      • Жастарға тәрбие мен білім берудің мақсаты мен міндеттерін, мазмұны мен принциптерін, формалары мен әдістерін анықтап жетілдіреді.

      • Жалпы, кәсіптік, политехникалық білім берудің практикасы мен байланысын зерттейді.

      • Тәрбие ісінде мектеп, отбасы және жұртшылықтың ролі мен бірлігін анықтайды.

      • Озат педагогикалық теориялар мен тәжірибелерді таратып, оларды оқу-тәрбие барысында шығармашылықпен пайдаланудың тиімді жолдарын іздестіреді.

Практикалық тапсырмалар:

1. Негізгі ұғымдарды сөздікке жазу.

2. Педагогиканың пәні туралы әртүрлі пікірлерді салыстыру.

Лекция№3

Тақырыбы: Педагогика ғылымының жүйесі

Жоспар:


    1. Педагогиканың құрылымы.

Негізгі ұғымдар: дидактика, методика, мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы, педагогика тарихы, дефектология.

Тәрбие мен оқу ісінің дамуына байланысты педагогика бірнеше салаларға бөлінеді:



Мектепке дейінгі педагогика – отбасы мен балабақшадағы балалар тәрбиесін зерттейді.

Мектеп педагогикасы – кіші, орта және жоғары мектеп жасындағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейді.

Педагогика тарихы – тәрбиенің шығуы мен дамуының заңдылықтарын зерттейді.

Дефектология – педагогиканың арнаулы саласы. Дефектология есту, көру, сөйлеу мүшелерінде және ақыл-ойында табиғи кемістігі бар бар балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелерін зерттейді. Дефектология төрт салаға бөлінеді:

        • Сурдопедагогика – саңырау, мылқау балаларды оқыту мен тәрбиелеу проблемаларын зерттейді;

        • Тифлопедагогика – соқыр балаларды оқыту мен тәрбиелеу проблемаларын зерттейді;

        • Олигрофренопедагогика – ақыл-ойы кем балаларды оқыту мен тәрбиелеу проблемаларын зерттейді;

        • Логопедия – тілінің кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу проблемаларын зерттейді;

Дидактика – оқытудың жалпы заңдылықтарын зерттейді. Дидактика “нені оқыту керек?”, “Қалай оқыту керек?”, “Неге оқыту керек?” деген сұрақтарға жауап береді.

Методика – жеке пәндерді оқытудың әдіс-тәсілдерін зерттейді. Жеке ерекшеліктеріне қарай, әр пәнді оқытуды ұйымдастырудың өзіндік жолдары, принциптері, әдіс-тәсілдері болады.

Жоғары оқу орындарының педагогикасы – болашақ мамандарды даярлау мәселелерімен айналысады.

Сонымен бірге әскери педагогика, медициналық педагогика, әлеуметтік педагогика сияқты жаңа бөлімдері бар.



Практикалық тапсырмалар:

1. Педагогика ғылымының жүйесінің схемасын сызу.

2. Педагогиканың жаңа салалары туралы хабарлама дайындау

Лекция №4

Тақырыбы: Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы.

Жоспар:


      1. Педагогиканың философиямен байланысы

      2. Педагогиканың психологиямен байланысы

      3. Педагогиканың биологиялық пәндермен байланысы

Негізгі ұғымдар: философия, психология, физиология, гигиена, анатомия.

Педагогика ғылымы басқа ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. Ең алдымен, педагогика философиямен тығыз байланысты, өйткені ол философиядан бөлініп шықты. Философия табиғат пен қоғамның даму заңдылықтарын зерттейді. Ал педагогика тәрбиені қоғамдық құбылыс ретінде қарастырып, тәрбиенің дамуын қоғамның дамуымен тығыз байланыстырады. Философияның бөлімдері – эстетика мен этика – педагогикадағы адамгершілік, эстетикалық тәрбиелердің мақсатын жүзеге асыруда басшылыққа алынады. Педагогика психологиямен байланысты. Егер психология жеке адамның дербес ерекшеліктерін (түйсік, қабылдау, ойлау, есте сақтау, зейін, т.б.) зерттесе, педагогика ғылымы осы зерттеу нәтижелерін оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда кеңінен пайдаланады. Педагогика да , психология да адамды зерттейді. Психология адамның мінез-құлқын зерттесе, педагогика сол мінез-құлықты қалай тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін зерттейді. Педагогика жас ерекшелігі физиологиясымен байланысты. Балалар организміндегі жоғары нерв жүйесінің қызметі, тыныс алу, қан, жүрек-тамыр жүелерінің физиологиялық ерекшеліктерін мұғалім білуі керек. Бұл оған педагогикалық процесті дұрыс ұйымдастырып, басқаруға көмектеседі. Педагогика мектеп гигиенасымен тығыз байланысты. Мектеп гигиенасы – жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту және дамыту туралы ғылым. Мектептің жалпы тазалығы, сынып бөлмелерінің кең, жарық болуы балалардың денсаулығына әсер етеді. Ауаның жеткіліксіздігі, жарықтың нашарлығы, бөлменің шаң болуы балаларды әлсіздікке, бас ауруына, көруінің нашарлауына әсер етеді, сөйтіп оқушылардың оқуы төмендейді. Сондықтан әр мұғалім гигиенаның сақталуына көңіл бөлуі керек. Педагогика математика, социология, медицина, экология т.б. ғылымдармен де байланысты.



Практикалық тапсырмалар:

1. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысын көрсететін мысалдар дайындау.

2. Педагогикаға басқа ғылымдардан енген терминдерді жазу.

Лекция№5

Тақырыбы: Педагогиканың ғылым ретінде пайда болуы. Шетелде педагогиканың дамуы.

Жоспар:


      1. Педагогиканың пайда болуы.

      2. Я.А.Коменскийдің педагогикалық. теориясы.

      3. И.Г.Песталоццидің элементарлық білім беру теориясы.

      4. Неміс педагогтарының педагогикалық көзқарастары.

Негізгі ұғымдар: қоғамның дамуы, іс-тәжірибе, ғылымның дамуы.

        1. Тәрбие жер бетінде ең алғашқы адамдармен бірге пайда болды. Алғашқы адамдар педагогика ғылымын білмей-ақ тәрбие ісімен айналысты. Тіпті алғашқы мектептер пайда болған құл иеленушілік қоғам кезінде де педагогика ғылымы болған жоқ. Ғылым ретінде педагогика анағұрлым кейін пайда болды.

Барлық ғылымдар өмірдің қажеттілігінен пайда болады. Тарихтың бір кезеңінде оқу-білім адамның өмірінде маңызды орын ала бастады. Қоғамның алға жылжуы жастардың тәрбиесі мен оқуына тәуелді екені байқалды. Тәрбие туралы іс-тәжірибелерді жинақтау қажет болды.

Ежелгі дүниедегі дамыған мемлекеттер – Қытай, Индия, Египет, Грецияда тәрбие жайлы алғашқы білімдер жинақтала басталды. Бұл іспен философтар айналысты. Өйткені жер бетінде пайда болған алғашқы ғылым философия еді. Тек ХҮІІ ғ. ғана педагогика философиядан бөлініп, жеке ғылым ретінде дами бастады.



2. Педагогиканың ғылым ретінде негізін салған чех халқының ұлы педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670). Оның “Ұлы Дидактика” атты еңбегі ең алғашқы ғылыми-педагогикалық еңбек болып табылады. Бұл еңбек 1632 жылы жазылып, 1654 жылы Амстердам қаласында кітап болып басылып шықты. Ондағы Коменский ұсынған оқытуды ұйымдастырудың тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері, оқытуды ұйымдастырудың класстық-сабақтық жүйесі бүгінгі күнге дейін қолданылуда. Я.А.Коменский тұңғыш рет оқуды бір мезгілде бастау, оқу тоқсандарын, каникулдарды ұйымдастыруды ұсынды. Педагогиканың дамуына зор үлес қосқан педагогтардың бірі – швейцар педагогы Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827). Ол оқыту балаға біріншіден, білім берсе, екіншіден, ойлауға үйретеді деген құнды пікір айтады. Песталоцци бастауыш білім берудің негізін салды. Оқыту және тәрбие мәселелерімен ағылшын педагогы Джон Локк (1632-1704), неміс педагогтары Иоганн Гербарт (1776-1841) пен Адольф Дистерверг (1790-1886) жан-жақты айналысты.

Практикалық тапсырмалар:

1.Педагогтардың өмірбаяндары жайлы хабарлама дайындау.

2.Педагогтардың еңбектерінің библиографиясын құру.

3.Педагогтардың оқыту мен тәрбие жайлы пікірлерін жазып алу.

4.Педагогтардың педагогикалық көзқарастары жайлы реферат дайындау.

Лекция №6

Тақырыбы: Россияда педагогиканың дамуы

Жоспар:

1. К.Д.Ушинскийдің педагогикалық көзқарастары.

2. А.С.Макаренконың педагогикалық көзқарастары

3. В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық көзқарастары

Орыс педагогикасын дүние жүзіне әйгілі еткен, Россиядағы педагогика ғылымының және орыс халық мектебінің негізін салған Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1871). Оның “Балалар әлемі”, “Ана тілі”, “Педагогикалық антропология” атты тамаша еңбектері бар. Ушинский құрғақ жаттап оқуға қарсы болды. Оқу баланың шамасы жететіндей және оған түсінікті болуы керек. Ол үшін түрлі көрнекіліктерді пайдалану керектігін айтады. Көрнекілік оқушыны ойлауға үйретеді, және есте сақтауға көмектеседі.

Ірі педагог Антон Семенович Макаренко (1888-1939) педагогика ғылымына зор үлес қосты. Ол балалар мен жастарды қайта тәрбиелеудің әдістемесін құрды, балалар ұжымын ұйымдастырудың, ұжым арқылы тәрбиелеудің теориясы мен методикасын жасады. Оның “Ата-аналар үшін кітап”, “Ұстаздық дастан”, “Мұнара үстіндегі тулар”, “Тәрбие жұмысын ұйымдастыру”, т.б. еңбектері бар.

В.А.Сухомлинский балалар мен жастарды адамгершілікке тәрбиелеу проблемаларын зерттеді. Сухомлинскийдің еңбектерінде мынадай екі ой айтылады. Біріншіден, оқушыларға білім қорын жинақтауға мүмкіндік беру. Екіншіден, балаларды ұдайы, өмір бойы өз білімін толықтырып отыруға үйрету. Оның “Коллективтің құдіретті күші”, “Сердце отдаю детям” т.б. еңбектері бар.

Практикалық тапсырмалар:

1. Педагогтардың өмірбаяндары жайлы хабарлама дайындау.

2. Педагогтардың еңбектерінің библиографиясын құру.

3. Педагогтардың оқыту мен тәрбие жайлы пікірлерін жазып алу.

4. Педагогтардың педагогикалық көзқарастары жайлы реферат дайындау.

Лекция №7

Тақырыбы: Орта ғасырда Қазақстанда педагогикалық ой-пікірлердің дамуы.

Жоспар:

1. Әл-Фарабидің педагогикалық көзқарастары

2. Ахмет Яссауидің педагогикалық көзқарастары

3. Жүсіп Баласағұнидың педагогикалық көзқарастары.

Әл-Фараби (870-950) ұлы ойшыл, тарихшы, философ, математик, астроном, лингвист. Сонымен қатар ол педагогика мен психология мәселелеріне де ерекше көңіл бөлген. Риторика, музыка, поэзия туралы еңбектер жазған. “Бақытқа жету жолында”, “Этикалық трактаттар”, “Ақыл мен түсінік”, т.б. еңбектері бар. “Бақытқа жету жолында” деген еңбегңнде бала тәрбиесі, жастар тәрбиесі, жас жұбайлар тәрбиесі жайлы ұлағатты пікірлер айтады. Ахмет Яссауидің “Диуани хикмет” (даналық сөздер) атты еңбегінде имандылық пен адамгершілік қатар сөз болады. Жетімдерді жылатпа, жамандық жасама, шын ғалым қандай болу керек деген мәселелер айтылады. Ж.Баласағұнидың есімін бүкіл дүние жүзіне әйгілі еткен “Құтадғу білік” (Құтты білім) еңбегі. Ол 1069 жылы жазылған, 13 мың жолдан тұрады. Педагогикалық, психологиялық, философиялық мәні зор еңбек. Негізінен оқу, тәрбие, еңбек, адалдық сөз болады.

Практикалық тапсырмалар:

1. Ойшылдардың өмірбаяндары жайлы хабарлама дайындау.

2. Педагогикалық еңбектерінің библиографиясын құру.

3. Оқыту мен тәрбие жайлы пікірлерін жазып алу.

4. Ойшылдардың педагогикалық көзқарастары жайлы реферат дайындау.

Лекция №8

Тақырыбы: ХІХғ. 2-ші жартысында Қазақстанда педагогика ғылымының дамуы.

Жоспар:


      1. Ш.Уәлихановтың ағартушылық идеялары.

      2. А.Құнанбаевтың оқу, білім туралы айтқандары.

      3. Ы.Алтынсариннің ағартушылық және педагогтық қызметі.

Қазақстанда оқу-ағартушылық идеяларды бірінші болып көтерген Шоқан Уәлиханов (1835-1865). Ол қазақ жерінде білім беруді, мектеп ісін қайта құруды ұсынды. Қазақ мектептері европалық үлгідегі мектептерге жақын болуы керек, білім жалпы халыққа ортақ болу керек деген пікірді ұсынады. Шоқанның мақсаты – білім беруді реформа арқылы жүзеге асыру еді. Шоқанның “Халық дамып жетілуі үшін бостандық пен білім қажет”, - деген атақты афоризмі оның көзқарасын анық көрсетеді.

Қазақ халқының ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбаевтың (1845-1904) еңбектері педагогикалық ой-пікірлерге толы. Әсіресе қара сөздерінің тәрбиелік мәні зор. “Әсемпаз болма әрнеге”, “Адам болам десеңіз”, т.б. өлеңдерінде оқу-білімнің маңызы туралы айтады. Қазақстанда педагогиканың ғылым ретінде негізін салған ұлы ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсарин (1841-1889). Ол бүкіл өмірін қазақ жерінде мектеп ашуға, бала оқытуға, қазақ балаларына арнап оқулық жазуға арнады. “Қазақ хрестоматиясы” - қазақ балаларына арналып, қазақ тілінде жазылған тұңғыш оқу құралы болды. Мектептердің жанынан интернат, кітапхана ұйымдастырады. Қолөнер, ауылшаруашылық училищелерін, қыздарға арналған тұңғыш училище ашады.



Практикалық тапсырмалар:

1. Педагогтардың өмірбаяндары жайлы хабарлама дайындау.

2. Педагогтардың еңбектерінің библиографиясын құру.

3. Педагогикалық еңбектерінен цитата жазу.

4. Педагогтардың педагогикалық көзқарастары жайлы реферат дайындау.

Лекция №9

Тақырыбы: ХХғ. 1-ші жартысында Қазақстанда педагогиканың дамуы

Жоспар:


      1. А.Байтұрсынов бастауыш мектеп, оқу керектері жайында.

      2. М.Жұмабаевтың “Педагогика” оқулығы.

      3. Ж.Аймауытов ана тілі, тәрбие туралы.

      4. М.Дулатовтың оқулықтары.

      5. Ш.Құдайбердиевтің оқу, білім туралы жазғандары.

ХХ ғ. басында Қазақстанда педагогиканың, методиканың дамуына зор үлес қосқан “Қазақтың бес арысы” атанған қазақтың зиялы азаматтары А.Байтұрсынов (1873-1937), М.Жұмабаев (1893-1938), Ж.Аймауытов (1889-1931), М.Дулатов (1885-1935), Ш.Құдайбердиев (1858-1931). Олар қазақ тілінің дамуына зор үлес қосты, ұлттық мектептердің ашылуына күш салды, оқулықтар жазды. “Айқап” журналы мен “Қазақ” газетінің бетіне халықтың тұрмысы, мәдениет пен ғылымның дамуы жайында мақалалар жариялады. А.Байтұрсыновтың “Бастауыш мектеп жайында”, “Оқу керектері”, “Әліпби”, “Тіл құралы” т.б., М.Жұмабаевтың “Педагогика”, “Сауатты бол”, “Ана тілі”, т.б., Ж.Аймауытовтың “Жантану”, “Тәрбиеге жетекші”, М.Дулатовтың “Қирағат”, “Есеп құралы” т.б. еңбектері бар.

Практикалық тапсырмалар:

1. Педагогтардың өмірбаяндары жайлы хабарлама дайындау.

2. Педагогтардың еңбектерінің библиографиясын құру.

3. Педагогтардың оқыту мен тәрбие жайлы пікірлерін жазып алу.

4. Педагогтардың педагогикалық көзқарастары жайлы реферат дайындау.

Лекция№10

Тақырыбы: Педагогика ғылымының қазіргі кезде дамуы

Жоспар:


      1. Т.Тәжібаев - қазақтың тұңғыш психолог ғалымы, академик.

      2. Ә.Сембаев - қазақ мектебінің тарихын тұңғыш зерттеген ғалым.

      3. Қ.Бержанов - педагогика тарихын тұңғыш зерттеуші.

      4. Қ.Жарықбаев - көрнекті ғалым.

Т.Тәжібаев (1910-1964) Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлердің, оқу-ағарту ісінің дамуын, мектептердің тарихын зерттеген. А.Құнанбаевтың педагогикалық, психологиялық және философиялық көзқарастарын толық зерттеген ғалым. Әбдіхамит Сембаев (1905-1989) Қазақстандағы педагогика ғылымының өркендеп өсуіне зор үлес қосты. К.Д.Ушинскийдің, Н.К.Крупскаяның педагогикалық мұраларын зерттеген. Қартбай Бержанов (1924-1976) жоғары оқу орындарына арнап “Педагогика тарихы” оқулығын жазған. Ол педагогика тарихын белгілі бір жүйемен зерттеп, ХҮІ-ХҮІІ ғ.ғ. бастап педагогика ғылымының дамуы жайлы жазған. Құбығұл Жарықбаев (1929) Қазақстанда педагогика , психология ғылымдарының дамуына зор үлес қосты. “Қазақ тәлім-тәрбиесі”, “Этнопсихология”, “Жантану”, т.б. кітаптардың авторы. Қазақстандағы оқу-ағарту, білім беру мәселесін терең зерттеген.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет